Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет9/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)
algoritmy VOP kz, 1 лекция ок, 7 КЛАСС Зертханалық жұмыс
Ж.Ж. Руссо (1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi. «Адамдар арасында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар», «Саяси экономия туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси құқық принциптерi туралы» еңбектерi бар.
Ол табиғи жағдайда жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең деп санады. Жеке меншiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болуынан табиғи теңдiк бұзылды, байлар мен кедейлер арасында күрес басталды деп жазды. Ж.Ж. Руссо халықтар мен билеушiлер арасындағы нағыз келiсiм, саяси организм құру концепциясын ұсынды. Бұл концепция бойынша әркiм өзiнiң жеке мүддесi мен тұлғасын, өзiнiң барлық күшiн жалпы игiлiкке бере отырып, тұтастың бөлiнбес бөлiгiне айналады. Ж.Ж. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi.
Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Ж.Ж. Руссо басқарудың демократиялық, аристократиялық, монархиялық түрлерiн ұсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару халықтың қолында болады. Ж.Ж. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн, аристократиялық басқару орта мемлекет үшiн, монархия iрi мемлекеттер үшiн тиiмдi басқару формасы деп санады.
«Қоғамдық келiсiм» (1762 ж.) атты еңбегінде саяси ілімдері толық баяндалған.
1. Саяси ойдың жаңа бағыты - буржаузиялық радикализм негізін қалады.
2. Жеке меншікке әркімнің құқығы бар, бірақ меншікті шексіз иеленуге құқығы болмауы тиіс.
3. Мемлекеттің шығуын қоғамдық келісім теориясы негізінде түсіндірді. Азаматтық одақ құруға, бейбітшілік пен әділеттілікке кепілділік беріледі.
4. Келісімді мемлекетте жоғары билік халықтың қолында болуы тиіс.
5. Халық егемендігі олардың заң шығарушы билікті жүзеге асыруынан көрінеді.
6. Билікті бөлу тұжырымдамасына қарсы шықты, орнына билік құрылымдарының өкілеттілігін шектеуді ұсынды.
И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
И.Кант (1724-1804 жж.). Еңбегі «Мәңгілік бейбітшілікке» , т.б.
1. Дербес, тең мемлекеттер бейбітшілікті сақтау үшін федерация құруын ұсынды.
2. «Мемлекет – бұл құқықтық заңдарға бағынған адамдардың бірлестігі».
3. Мемлекеттің формасын биліктегі адамдар саны мен басқару формасына қарау талдады. Осы белгілері бойынша автократияны, аристократияны, демократияны: «тақсырдың, дворяндардың, халықтың билігі» деп бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет