Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет4/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)
algoritmy VOP kz, 1 лекция ок, 7 КЛАСС Зертханалық жұмыс
Саясаттану объектiсi мен пәні..
Саясаттану обьектiсi – қоғамдағы саяси қатынас болып табылады.
Саясаттанудың зерттеу пәнi – саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi болып табылады.
Саясаттанудың негiзгi парадигмалары.
1. Теологиялық парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезiнде пайда болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.

  1. Натуралистiк парадигма саясатты әлеуметтiк сипаты жоқ табиғи себептермен, мәселен географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшелiктермен байланыстыра түсiндiредi.

  2. Әлеуметтiк парадигма, ол саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтiк факторлар арқылы түсiндiредi. Мәселен, марксизм саясаттың мәнiн экономикалық қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы тудырады деп тұжырымдады.

  3. Тиiмдi-сыни парадигма саясаттың табиғатын, оның өз iшiндегi себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi.

Саясаттанудың негізгі мектептері.
1. Американдық саясаттану мектебі
2. Ағылшын саясаттану мектебі
3.Неміс саясаттану мектебі
4. Француз саясаттану мектебі
ХХ ғасырдың саясаттану ғылымының қазiргi кезеңдегi әр түрлi бағыттары қалыптасты:

  1. Әлеуметтiк бағыт, ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды. Оның өкiлдерi саясат құбылыстарын қоғамның күрделi әлеуметтiк құрылымы мен процестерi арқылы зерттейдi. Саясаттануда бұл бағыттың қалыптасуына М. Вебер, Э. Дюркгейм үлкен үлес қосты. Осы бағыт iшiнде В. Парето мен Г. Моска элита концепциясын, ал Р. Михельс саяси партия теориясын қалыптастырды.

  2. Саясаттанудың екiншi бағыты – институционализм деп аталады. Оның негiзгi өкiлдерi С. Липсет, Ч. Миллс, М. Дюверже т.б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi – саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған ұғымы «саяси институт» болды.

  3. Саясаттың құрылымдық-функционалды концепциясы, оның өкiлдерi – Г. Лассуэлл, Т. Парсонс, Д. Истон, М. Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д. Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г. Лассуэлл өз еңбектерiнде саяси жүйенiң әрекет етуiндегi бұқаралық коммуникацияның рөлiне көп көңiл бөлдi. Т. Парсонс пiкiрi бойынша жалпы жүйенi тану тек жекелеген жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді.

  4. Саяси плюрализм концепциясының негiзгi өкiлдерi – Э. Дюркгейм, М. Дюверже, Р. Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды.



  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет