«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ 
ЖАҢА  ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы «№ 50 Абай атындағы орта мектебі» КММ
Дене тәрбиесі  пәнінің мұғалімі Дауылбаев Төлеби Пірімбайұлы
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады 
және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке 
жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Қазіргі   білім   беру   жүйесінде   жаңа   технологияларды   енгізу   күннен-күнге   басты   талапқа   айналып,   осы 
әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің 
оқыту үрдісіне әсер етеді. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты 
жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі  қандай  жоғары болса да, мұғалім оқушының өз  белсенділігін 
туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы 
жүзеге   асады.   Жаңа   технологияның   басты   мақсаттарының   бірі   –   баланы   оқыта   отырып,   оның   еркіндігін, 
белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Жаңа әдістерді пайдалануда өзіміз қолданып жүрген әдістерді жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек. 
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған 
міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік 
жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін 
көкейтесті мәселе болып отыр.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы 
спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі 
мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап 
етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері 
көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей 
байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін 
шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, 
табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне 
сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге 
баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке 
басымен   оның   жоғары   оқу   орнындағы   теориялық   жеке   тәжірибелік   дайындығының   дәрежесіне   тікелей 
байланысты.  Осыған  орай  оқушылардың  дене   тәрбиесі  жүйесін  жүзеге  асыру  жұмыстарын  ұйымдастыруға 
болашақ   мұғалімдерді   даярлау   ісін   кәсіби   дайындықтың   ажырамас   бөлігі   ретінде   қарастыру   керек.   Дене 
тәрбиесі   және   спорт   мамандары   күрделі   әлеуметтік   міндеттерді   шешуге   араласумен   бірге   оқушылардың 
психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің жалпы 
заңдылықтарына   бағынған.   Сондықтан   оны   іске   асыру   барысында   дене   тәрбиесінің   жас   және   жыныстық 
ерекшеліктерін   ескере   отырып,   осы   заңдылықтарды   көрсететін   жалпы   педагогикалық   ұстанымдарды 
басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан- жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте 
жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық.
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ  барысында әрбір келесі  сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, 
себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі 
және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене   жүктемелерін   бірте-бірте   және   жоғары   деңгейге   арттыру   ұстанымы   олардың   көлемі   мен 
қарқындылығының,   оқушыны   дайындауға   қойылатын   талаптардың   бірте-бірте   күрделенуінің   үздіксіз   арта 
түсуімен байланысты болып келеді. Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері 
мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс. 
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, 
себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері 
мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
204

Спорттық   техника   мен   оны   жаңа   тұрғыда   жетілдіруге   үйрету   әдістерінің   кез-келген   түрінің   жағымды 
жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан 
спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар 
жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Қимыл-қозғалыстарды   белгілі   реттілікте   игеру.   Атап   айтқанда:   дайындалып   жүрген   оқушылардың   оқуға 
деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір спорт 
түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын 
тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және 
тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен 
спорттық   мекемелерге   тән   құрылымдар   -   мақсат,   жалпы   және   арнайы   (арнайылық)   міндеттер,   әдістер   мен 
қағидалар,   оқу   кеңістігінде   жүзеге   асатын,   нақты   бағыттылығы   бар,   оқу   материалының   теориялық   және 
тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының 
басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының 
қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа 
деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге 
қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері 
дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық 
технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, 
сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы 
үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар 
өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап 
болғаннан   кейін   ғана,   келесі   күрделі   деңгейдегі   жаттығуларды   орындауға   көшіп   отырады.   Бұл   оқушылар 
арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне 
толық жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде 
ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту 
технологияларының   тиімді   әдістерін   дене   шынықтыру   пәнінде   қолдануды   ұсынамын.   Алдымен   «Дене 
шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін 
қалыптастыру.   Денені   шынықтыру,   тәрбиелеу.   Жалпы   дамыту   жаттығуларын   меңгертеді.   Мемлекеттік 
стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.
Дене   тәрбиесі   сабағында   сын   тұрғысынан   ойлау   технологиясын   тиімді   пайдалануға   да   болады.   Осы 
технологияның  шығармашылық  бөлігін  басшылыққа ала  отырып, ой  толғау  жасауға  болады  (мысалы, дене 
шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы шығармашылығы, өзін-
өзі   басқаруы,   құрметі,   эстетикалық   талғамы   да   артып   келеді.   Мысалы,   дене   шынықтыру   сабағында   3-4 
сыныптарына сергіту сәтін алатын болсақ, өз тәжірибемде 4-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» 
атты   сабағымда,   алдымен   оқушыларға   ой   толғау   жасау   мақсатында,   қазақтың   ұлттық   ойын   түрлеріне 
тоқталдым,   ұлттық   ойындар   туралы   өз   түсініктерін   сұрай   отырып,   сабақ   барысы   кезінде   орындатуды 
жоспарладым.   Міне,   осы   арқылы   оқушылар   сабақтың   жарыс   түрінде   топтық   ойын   әдісінде   болатына   көз  
жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында 4 сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысы оқушылардың ой-
қабілетін,   жылдамдық   ерекшелігін,   тез   шешім   қабылдауына   және   топтық   әрекет   жасауына   пәндерді 
байланыстыра   отыра   кіріктірілген   сабақ   көрермендердің   көңілінен   шықты.   Сабақты   қызықты   өткізу   үшін 
мультимедиалық   проектор   арқылы   қазақтың   ұлттық   ойындарының   тарихын   таныстырып   өтіп,   жасырылған 
сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ 
барысын:   «Кім  шапшаң?»  бөлімі   деп   алып,  бұл  бөлімінде   оқушылар   белгіленген   жерге  дейін  эстафеталық  
таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап 
шығып кейін қайтып келу талабы қойылды.
Дене   тәрбиесі   сабағында   оқытудың   дәстүрлі   емес   құралдарын   қолдану   барсында   оқушылардың   дене 
тәрбиесін   дамыту   технологияларын   жетілдіруге;   дене   тәрбиесі   сабақтарында   оқушыларды   адамгершілікке 
тәрбиелеуге,   дене   тәрбиесі   арқылы   жеке   тұлғаның   психофизиологиясын   өзгеруге:   өзін-өзі   реттеуін 
қалыптастыру;   дене   тәрбиесі   сабақтарын   пәнаралық   байланыс   арқылы   жетілдіру;   дене   қабілетін   рухани 
құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; 
психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.
* * * * * * *
205

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылы 
Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш
 сынып мұғалімі Райымбекова Бакжан  Аманбаевна
Мектеп: Т.Ибрагимов
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғаттың таңғажайып құбылыстары».
Сабақ  тақырыбы: Зат есім
Күні:16.01.2020 ж.
Мұғалімнің есімі:Райымбекова Бакжан
Сынып:4 «Б»
Қатысқандар саны: 19
Қатыспағандар саны:
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаты
4.3.5.1 Зат есімнің тәуелдік жалғауларын, олардың түбірге жалғану ерекшелікерін 
білу; 
4.4.2.3 Мәтіннің қатесін тауып түзету,тәуелдік жалғаулы зат есімдерді табу.
Сабақ 
мақсаттары:
Барлық оқушылар: Зат есімнің тәуелдік жалғауларын, олардың түбірге жалғану 
ерекшелікерін біледі.Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге 
салыстырмалы талдау жасау, оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар 
бойынша жазба жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылым дағдылары жетілдіріледі.
Көптеген оқушылар: Мәтіннің қатесін тауып түзейтін болады.
Кейбір оқушылар:   Мәтіннің қатесін тауып түзетеді,тәуелдік жалғаулы зат 
есімдерді табады. 
Тілдік мақсат
Пәндік терминология мен тірек сөздер:
  Сөз таптары,зат есім,зат есімнің тәуелденуі т.б.
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
-Сөз таптары дегеніміз не?  -Зат есім нені білдіреді?
-Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Құндылықтарды 
дарыту
Мәңгілік ел; Еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді 
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы, еліміздің  ұлттық қауіпсіздігін  
қорғауға,өңірлік мәселелерді шешуге  болашақ  жастарды жұмылдыру.
Пәнаралық 
байланыстар
Әдебиеттік оқу-мәтін;дүниетану- қыс суреттері;Ағылшын тілі,орыс тілі- cөздік .
АКТ қолдану 
дағдылары
Оқушыларға https://www.i-mektep.kz алынған  зат есімнің тәуелденуін көрсетемін.
Бастапқы білім
3-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған .
Сабақтың барысы
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған  жаттығулар
Басталуы
7 мин
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сыныпты 3-топқа бөлу.(Жемістермен алма, алмұрт, банан)
  1. Алғырлар    2. Тапқырлар     3. Ойшылдар 
Психологиялық дайындық:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
“Ой ашар”. Өткен сабаққа шолу 
ІІ.  Шеңберде «Кім көп біледі» әдісі арқылы. 
1.Сөз таптарын ата. 2.Етістік дегеніміз не? 
3.Сан есім дегеніміз не?Сұрақтарын ата?
4. Сын есім дегеніміз не?
5.Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ата?
Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ағылшын тілі,орыс тілінде айту.
Дескрипторы:
-Cұрақтарға жауап береді.
206

- Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын атайды.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
Топ ережесін таныстыру
Ортасы
   26
 мин
Мағынаны тану.Ой ашар.
Оқушыларға https://www.i-mektep.kz алынған  зат есімнің тәуелденуін көрсету.
Оқулықтағы тапсырмаларды топта, жұпта, жеке орындау.
Дескриптор:
-Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру, мәтіндерге салыстырмалы талдау 
жасау,   оқыған,   тыңдаған   және   аудиовизуалды   материалдар   бойынша   жазба 
жұмыстары жүргізу арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым 
дағдылары жетілдіріледі;.
-Мәтінді оқиды,тәуелдік жалғаулы зат есімдерді табады;
-Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді үш жақта тәуелдеп жазады;
-Тәуелдік жалғау жалғағанда қай сөздің соңғы дыбысы өзгеретінін табады;
Жыл мезгілдері туралы пікірлерін білу.Қазір жылдың қай мезгілі.Қыс  туралы кімнің 
өлеңдерін білесіңдер?
ҚБ: бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
«Жасырынған сөзді тап» әдісі. 18-жаттығу.
Дескриптор:
-Әріптер қатарында жасырынған сөйлемді оқиды;
-Тапқан сөйлемді жазып,тәуелдік жалғаулы сөздің астын сызады;
«Балық аулау» әдісі.Жұптық тапсырма.Балықтың сұрақтарына жауап беріп,
ұпай ал.
Дәптермен жұмыс:
Қаңтардың он алтысы.
Сынып жұмысы.
19-жаттығу.Мақалдың қатесін тауып жаз.
Дескриптор:
-Мақалдың қатесін табады;
-Мақалды топта талқылайды;
ҚБ: күлекештер арқылы бір-бірін бағалау.
«Тапқыштар»әдісі арқылы 20-жаттығуды орындау. Ребусты шешіп жұмбақтың 
жауабын табу. Жұмбақта тәуелденіп тұрған зат есімдерді тауып,қай жақта тұрғанын 
айт.
Дескриптор:
- Ребусты шешіп жұмбақтың жауабын таба алады;
-Жұмбақта тәуелденіп тұрған зат есімдерді тауып,қай жақта тұрғанын айта алады.
-Шабақ сөзімен ребус құрастыра алады;
Сергіту сәті.Қызыл өрік.
Шығармашылық тапсырмалар.
Тапсырмаларды топта, жұпта, жеке орындау.
Аяқталуы
7 мин
Үй тапсырмасы 21- жаттығу.Оқушылардың күнделігіне жаздыру.
Бағалау.Асықтарды санау(қоржынға салу).Үздік топты анықтау (жеке 
оқушыны,топты)
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда). «Конверт» кері байланыс. 
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді 
қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары 
оқушыларға қандай міндет қоюды 
жоспарлайсыз?
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.
Қабілеті   жоғары   оқушыларға   өз   бетінше   жұмыс   істеуге 
мүмкіндік жасау.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, 
материалды меңгергенін тексеруді қалай 
жоспарлайыз?
Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде және 
«Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық, 
өзіндік жұмыстар барысында сөз таптарын, зат есімді 
ажырата алуын бағалау.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?  Бүгін оқушылар не білді?  Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?  Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
207

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.                                                                                       2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.                                                                                       2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? 
Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Арыс ауылы Т.Ибрагимов атындағы жалпы
 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Перизат Кәдірбекқызы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: 
«Өнер»  Өнер туралы не білемін?                   
Күні:  14. 01. 2020ж.
Мектеп: Т.Ибрагимов
Мұғалімнің аты-жөні: Төлегенова П
Сынып: 3 А
Қатысқандар:   17     Қатыспағандар саны: 
Сабақ тақырыбы
68-сабақ  Зат есім      12-14  жаттығу
Осы   сабақта   қол 
жеткізілетін   оқу 
мақсаттары 
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық  және жабық 
сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)  табу.
Сабақ 
мақсаттары
Барлық оқушылар жасай алады:
•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, 
түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Бағалау 
критерийлері 
Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не 
туралы айтылғанын түсінеді.
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, 
түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.
Тілдік мақсат
Пәндік терминология мен тірек сөздер:
  Сөз таптары,зат есім т.б.
Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
-Сөз таптары дегеніміз не?       -Зат есім нені білдіреді?
Құндылықтарды 
дарыту
  Мәңгілік   ел:Өз   ұлтын,   халқын   құрметтеу   және   мақтаныш   сезімін   қалыптастыру 
Сұлулықты сезіне білуге баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу
Пәнаралық 
байланыстар
Дүниетану-жыл мезгілдері;Әдебиеттік оқу-мәтін;Ағылшын тілі,орыс тілі-сөздік.
Алдыңғы 
меңгерілген білім 
2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған .
Сабақ барысы 
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері 
Сабақта жоспарланған іс-әрекет  
Сабақтың басы
7 минут
Ұйымдастыру кезеңі.
 Сәлемдесу(үш тілде).Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу,топ ережесімен таныстыру.
Бағалау: «Бағдаршам,басбармақ, от шашу,күлекештер» арқылы бағалау.
Өткен сабақты пысықтау: «Сөздер банкасы» әдісі арқылы.
Жаңа сабақ.  «Серпілген сауал» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу.
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
-Зат есімнің қандай түрлері бар?
-Зат есімнің жекеше,көпше түрін ата.
-Зат есімнің жалпы,жалқы есімдерін ата.
Оқулықпен жұмыс.Тыңдалым. Ересек оқушы. 
Жеке жұмыс. 
208

Сабақтың ортасы 
28 мин
 Бейнебаян көрсету: Ә.Қастеев туралы.
Дескриптор:
Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы 
айтылғанын түсінеді.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Өз ой қорытындысын оқулықтағы жаңа ақпаратпен салыстыра алады. Кез келген 
жағдайда өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау.
Топпен жұмыс.Қабырғаға ілінген суреттерден сөз таптарын табу.
Дескриптор:
-     C
   өз таптарын таба алады.
-Сөз таптарын ажырата алады.
ҚБ: Күлекештер арқылы бір-бірін бағала
Сергіту сәті:»  «Эстафета» ойыны.
Дәптермен жұмыс
Дескриптор:
-Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындай алады.
-Зат есімнің көптік жалғауларының тиістісін қойып жаза алады.
-Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыза алады.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау
Конверттің ішіндегі суреттердің қиындысынан суреттерді құрастырады.Үш тілде 
аударып айтады.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) 
ҚБ: Бағдаршам арқылы бір-бірін бағалау.
Сабақтың соңы
5 мин
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушылармен пікірлесе отырып,топтарды бағалау,оқушылардың өзге топтарға айтылар 
кері байланысын тыңдау.Мұғалімнің кері байланысы
Бағалау. 
Үй тапсырмасы:  14-жаттығу     Оқушылардың күнделігіне жаздыру.
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау 
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті 
жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар 
қоюды жоспарлап отырсыз? 
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет