Биология пәні Сынып: 8 Сағат саны: 68. Аптасына сағат саны: 2



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі43,85 Kb.
#118135
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Биология 8 сынып
case study, 13 анал хим, 12 занятие



Биология пәні
Сынып:8
Сағат саны: 68. Аптасына сағат саны: 2



Р\С

Ауыспалы тақырыптар

Тақырыптары/ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Оқу мақсаты

Сағат
саны

мерзімі



Ескерту






1-тоқсан










8.1А Жасушалық биология (2 сағат)

Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар.

8.4.2.2 эукариот және прокариот жасушалардың құрылысын салыстыру

1










Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу». Зертханалық жұмыс «Жануарлардың ұлпаларын жіктеу».

8.4.2.1 өсімдік пен жануар ұлпаларын жіктеу



1










8.1В Молекулалық биология (3 сағат)

Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық.

8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып, полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау

1










Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз.

8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің биологиялық қызметтерін сипаттау

1










Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері

8.4.1.3 нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау

1










8.1С Тірі ағзалардың көп түрлілігі
(4 сағат)



Зертханалық жұмыс «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар.

8.1.1.1. балдырлар, мүктәтізділер, қырықжапырақтәріздестер, ашықтұқымидылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау.

1










Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар.

8.1.1.2 саңырауқұлақтардың ерекшелік белгілерін сипаттау



1










Зертханалық жұмыс « Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу».

8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату

1










Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама.
Dемонстрация «Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау»

8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша танып білу

1












Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет