Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
6-Plant Physiology-Filiptsova, Биополимерлер химиясы, Тапсырма, Тест зоология, po-izucheniyu-uchebnogo-predmeta-biologiya-10-11-klassy, Zamyshlyayeva2
Қорытынды 
 
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде 
болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты 
баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді 
болып табылады. Осы орайда биология пәні бойынша, «құстардың 
құрылысы мен ерекшеліктері», «қан айналым жүйесі», «тіршіліктің пайда 
болуы» атты тақырыптардағы сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді 
әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», 
«топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» 
стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың қызығушылығын 
арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың 
дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, 
топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып 
өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі 
талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады. 
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, 
ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін 
бағалауы ерекше орын алады. 


45 
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі 
таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты 
маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі 
әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 
арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де 
болады. Нәтижесінде оқушы: 
• 
тіл байлығы жетіледі; 
• 
еркін ойлауға мүмкіндік береді және өз ойын еркін жеткізе алады; 
• 
оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін 
шыңдайды; 
• 
жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады; 
• 
өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады, жан-жақты ізденеді; 
• 
ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. 
• 
ақыл-ойын дамытады; 
• 
шығармашылық белсенділігі артады; 
• 
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді. 
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа 
технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, 
интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың 
қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа 
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру 
өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында 
жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың 
маңызы зор деп білемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет