Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
6-Plant Physiology-Filiptsova, Биополимерлер химиясы, Тапсырма, Тест зоология, po-izucheniyu-uchebnogo-predmeta-biologiya-10-11-klassy, Zamyshlyayeva2
 
 



Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
 

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. 
Оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті техника және 
технология. Интерактивті технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай 
білімді, әрі білікті оқушыларды даярлау мұғалімнің басты міндеті болып 
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-
жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап 
етеді. Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл 
білім бе-руде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес 
түзету енгізіліп, тал-данатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту 
үрдісі салт-дәстүрді, мә-дени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің 
қарашығындай сақтауды талап етеді. 
Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, 
білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. 
Оқушылардың құзіреттілігін пәндерді оқытуда интерактивті техника және 
технологияларды қолдану арқылы дамыту қазіргі заман талабына сай 
ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет 
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық 
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология 
бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. 
Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. 
Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен 
құралдарының өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны 
орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. 
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап 
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту 
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" 
деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз 
байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз 
бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. 
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық 
түрлері болып табылады. 
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, 
кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-
білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен 
оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап 



айтады. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, 
адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін 
ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі 
заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып 
биология сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. 
Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, 
алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі 
заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; 
шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет. 
Оқушылардың биология сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту 
үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Технология сөзі – 
гректің өнер, шеберлік, біліктілік, оқу сөздерінен шығып, көптеген 
ұғымдарды білдіреді. Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы 
жарияланған еңбектер көп. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 
300-ден астам балама анықтамалары бар. «Педагогикалық технология 
дегеніміз- 
оқыту 
үрдісін 
жүзеге 
асыратын 
мазмұнды 
техника» 
(В.П.Беспалько). «Педагогикалық технология дегеніміз- педагогикалық 
мақсаттарға жету үшін қолданатын тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық 
құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі». 
«Педагогикалық технология-белгілі бір маңызды әрекетке, өнерде, 
шеберлікті мақсатқа жету қолданылатын әдіс». Оқыту технологияларының 
құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, 
формалар, құралдар, оқушы, мұғалім, нәтиже. 
Биология сабағында жаңа технологияны әдісті қолданудың тиімділігі –
оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасын 
қалыптастырып, бәсекеге қабілетті оқушылар дайындауда маңызы зор. 
Биология пәнінен сабақ бергенде оқулықтағы берілген материалмен ғана 
шектеліп қоймай, жаңа технологиялар арқылы материалды пайдаланып, 
зерттеушілік жұмыстар жүргізуге тырысамыз. 
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы 
негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін биология пәнінде пайдалану 
ерекше орын алады. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі –жобалар әдісі, 
өзін-дік өзінің дидактикалық негізі бойынша, шынайы өмірде тиімді әрекет 
етуде мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім 
берудегі құзыреттілікті қолдайтын жаңа технология. Қазіргі кезде баланың 
интеллектісіне дербес ойлауын дамытуға бағытталған өз бетімен ізденуге 
даярлауда жаңа технологияның маңызы зор. Баланың жеке тұлғасының даму 
мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың деңгейіне қарай 
отырып жұмыс жасау қажет. 



Мектеп мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың 
тиімділігі: 
- оқушының өз бетімен жұмысына; 
- уақытын үнемдеуге; 
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде; 
- қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
- экономикалық тиімділігі; 
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту 
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі 
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; 
- оқушының ой-өрісін дүниетанымың кеңейтуге де ықпалы зор. 
Мұғалім сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде 
көрсете біледі. 
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп 
отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім 
беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс 
жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде пәндерді оқытуда 
интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және қолдану 
кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, 
оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, 
шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, 
дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туып отыр. 
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде 
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық 
тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша 
тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық 
практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық 
оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка 
тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып 
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. 
«Қазіргі заманда оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты 
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап 
керсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу 
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға 
ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен 
сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. 




Оқушылардың 
белсенділігімен 
танымдық 
іс-әрекеттері 
арқылы 
шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай 
алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру 
мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына 
сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа 
ақпараттық 
технологиясын 
пайдаланған 
жөн 
деп 
ойлаймын.Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру 
тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін 
баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық 
тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, 
қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына 
мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық 
бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. 
Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру 
керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі 
лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды 
салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. 
Мұғалім сабақтарда жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың 
ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін 
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір 
сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды
сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың 
ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты 
тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір 
мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың 
өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына 
көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту 
жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. 
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, 
қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа 
және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға 
болады.Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта 
дамуына жете мән беру болып табылады. 
Оқушының оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі- бұл жылдар 
бойы 
көптеген 
ғалым- 
психологтардың, 
педагоктардың, 
практик 
мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге 
дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе. 



Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты- бүгінгі күннің басты 
талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың 
сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді 
пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі танда оқытудың елуден астам 
технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің 
білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздардың 
алдына тұрған үлкен мақсат өмірдің барлық саласына белсенді, 
шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін және жан-жақты жетілген тұлға 
тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл 
адамның қолынан келеді. 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы 
тиіс. 
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу; 
2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайда болу; 
3.Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу; 
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз- оқушыны 
ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 
бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған 
үйреткен жөн. Оған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын 
пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» 
тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы 
мақсатым- оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың 
кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу 
шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар 
беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау 
жанның өте бір қиын ,терең ісі- деп атап көрсете келе, мұғалім баланы ойлап 
үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.Шығармашылыққа баулудың, 
өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар.» 
-Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау; 
-Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру; 
-Шығарма ,шағын әңгіме құру; 
-Сөзжұмбақ құру, шешу; 
-Қиялдау арқылы сурет салу; 



Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт 
бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше 
ізденуге зор әсерін тигізеді. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде 
көрсетілгендей: 
1.Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады. 
2.Шығармашылық ізденіске жетелейді. 
3.Өз ісіне деген сенім пайда болады. 
4.Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді. 
5.Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді. 
6.Шығармашылдық белсенділік артады. 
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады. 
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы. 
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, 
оқуы, ізденуі. 
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі. 
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке 
тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін 
танып, біліп дамыту. 
«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлан табу» 
дегенде келіп сыяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке 
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық 
қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы 
жаңалық,ашатын іс-әрекет»- деп түсіндіріледі. Өйткені әрбір жаңалық, 
әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа 
сапалық деңгейге көтерем деп есептейді. Ол пікір бүгінгі күнгі 
педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды. Соңғы 
жылдары «Шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатаң «бастамалық, 
белсенділік ұғымдары» астарлас қолданылып жүр.Оқушылардың 
шығармашылығын дамыту жалпы шығармашылық үрдістің пайда болуына 
шарт түзуден басталатыны белгілі. Кейінгі кездерде оқу үрдісіне 
оқушылардың шығармашылығын дамыту технологиясы, білім және 
тәрбиелеу технологиясы деген ұғымдар туындап қалыптасып келеді. 
Оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру 
жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктермен 
педагокикалық әдістері жан-жақты талданып, зерделеу мәселесін шешу ілігі 
туындайды. Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз 
қатарындағы адамдардан балалардан жоғары ақыл-ой қызметімен 


10 
ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады. Дарындылық пен талантылықты 
синоним ретінде қолданып жүрген авторларда кездесіп қалады. Негізінде 
талантты арнайы іс-әректте жоғары дәрежесімен сипатталады. 
Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен 
айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның 
ақыл санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың 
табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен 
дамиды. Ішкі шығармашылық процестерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы 
факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына айналысатын ісіне 
байланысты. 
Шығармашылық тапсырманы шешімін жобалау арқылы ойлау амалдарын 
ұйымдастыру оны тиімді шешудің бір жолы. Оқушылардың шығармашылық 
ісмерліктерін дамыту олардың сын пікірін қалыптастырумен тығыз 
байланысты. Білім беру мектептен басталады. Оқушылардың өз-өзіне сенімін 
арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу 
материалы терең ұғына білуге баулу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне 
де байланысты.Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу 
талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім 
күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-
тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды 
атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының 
оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын 
ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың 
озық әдіс- тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық 
қабілеті дами түседі. Мектеп жасындағы оқушыларды биология пәніне баулу 
қашанда кезек күттірмейтін міндеттер болып табылады. биология пәні 
адамның өз ортасынның әсемдігін түсінуге, эстетикалық талғамның дұрыс 
қалыптасуына жол көрсететін алғашқы қадам. Ол адамның ой парасатын 
өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемділікке үйретеді. Өмірде кездесетін 
келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген 
сүйіспеншелікке баулиды. Биология пәні орта мектептерде алатын орны 
ерекше. Әрбір оқушы биология пәні арқылы өзін қоршаған ортадағы 
заттардың әдемілігін көріп сезіну арқылы өзінің шығармашылық қабілетін 
жетілдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет