Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
6-Plant Physiology-Filiptsova, Биополимерлер химиясы, Тапсырма, Тест зоология, po-izucheniyu-uchebnogo-predmeta-biologiya-10-11-klassy, Zamyshlyayeva2
 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру
Модульдік оқыту технологиясының мәні: оқушы модульмен жұмыс 
істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек 
нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл – оқу мазтұны мен оны меңгерудің 
технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін. 
Модульдің құрамы: 

әрекеттің мақсатты жоспары; 


19 

ақпарат банкі; 

дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау. 
Бұл технологияны оқыту мазмұныаяқталған дербесақпарат блоктары түрінде 
ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге 
асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары 
бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға 
топтастырылады.Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық 
мақсаттар анықталады. Оның біріншісі – оқу мазмұның меңгеру деңгейі, 
екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына 
бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген 
дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес 
дайындалады. 
Модульдер үш типке бөлінеді: 

танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады; 

операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін 
қолданылады; 

аралас, алғашқы екеуін қамтиды. 
Модульдік оқыту барысында өзіндік жұмысқа барынша көп уақыт бөлінеді,. 
Оқушы мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылау және 
өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін байқап, 
сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына 
мүмкіндік береді. 
Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқытуды субъект қатынасына 
негіздеп құруға көмектеседі. 
Модульдік оқыту технологиясын сонымен бірге бақылау, талдау және 
түзетуді өзін өзі басқарумен үйлесімдікте іске асырады: 

жаңа модульмен жұмыс жасауға дайындық деңгейі қандай екенің білу 
үшін әрбір модуьді бастамас бұрын оқушылардың білім, білік, 
дағдыларын алдын ала бақылау жүргізіледі; 

қажет болған жағдайда оқушылардың біліміндегі олқылықтарды 
толықтыру жұмысы жүргізіледі; 

әрбір модульдің құрамдас бөліктерінің соныңда өзін өзі бақылау, бірін-
бірі бақылау, үлгімен сәйкестендіру түрінде ағымдық және аралық 
бақылаулар өткізіледі; 

қорытынды бақылау модульдің соңында жүреді. 
Модульдерді кез келген оқыту жүйелерінде қолдануға болады. Ол оқытудың 
сапасын жақсартып, тиімділігін арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі оқытумен 
үйлестіру өте нәтижелі. 


20 
Модульдерді жасаудағы мақсат курс немесе курстың әрбір тақырыбының 
мазмұның педагогикалық, дидактикалық және кәсіптік міңдеттерге сәйкес 
құрамдас бөліктерге бөлу болып табылады. Одан кейінгі мақсат-барлық 
құрамдас бөліктер үшін оқытудың ең тиімді түрлері мен формаларын 
анықтап, оларды уақыт жағынан үйлестіру және бір кешенге біріктіру, 
кіріктіру. 
Модульдерге бөлуоқу пәнінің түсініктемелік аппаратын жүйелі түрде 
талдауға негізделеді. Ол іргелі түсініктер тобын бөліп алуға, оқу 
материялдарын жүйелі, тиянақты етіп топтастыруға, курс ішіндегі немесе 
іргелес, туыс пәндерге тақырыптарды қайталауды болдырмауға мүмкіндік 
береді. 
Әрбір модуль қажетті дидактикалық, әдістемелік материялдармен, негізгі 
түсініктердің тізімімен, оқыту барысында қалыптасатын білік, дағдыларымен 
қамтамасыз етіледі. Әрбір модуль үшін оны меңгеру алдында оқушыға 
берілетін анықтамалық және иллюстративтік материялдар іріктеліп алынады. 
Сондай-ақ оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі дайындалуы тиіс. Әрбір 
оқушы бір модульден келесі модульге оқу материялдарын игеру қабілетіне 
қарай өз траекториясымен жүреді және ағымдық бақылау кезеңдерінен басқа 
оқушыларға қатыссыз өтеді. 
Оқу материялдарын модуль бойынша құру – міңдетті және маңызды процесс, 
себебі ол: 

пән мазмұнын дамыту логикасын нақты айқындауға; 

осы мазмұнның бөліктері мен байланыстарын белгілеуге; 

олардың автономдылығының деңгейін анықтауға, 

олардың арасындағы логикалық байланыстарды тек мұғалімнің ғана 
емес, оқушының да толық түсінуіне жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. 
Модульдің оқу материялдарының мазмұнын анық, дәл құру оқушылардың 
жетекші идеяларды, оқу пәнінің даму логикасын, жалпыланған білім жүйесін 
саналы меңгеруіне көмектеседі. 
Оқу материялдарының мазмұның құру барысында оқу пәнін мұғалім белгілі 
бір жүйе ретінде қабылдауы тиіс. Логикалық құрылымды талдау графасы 
мұғалімге аталған модульді меңгерту кезіңде оқушыларда қандай арнайы, 
пәндік білік, дағдылар қалыптасуы керек және оны игеру процесін жеңілдету 
үшін қандай жалпы білік, дағдылар қолданылатының анықтауға көмектеседі. 
Қажетті біліктер мен дағдылар жүйесі оқушылардың жаңадан иергендерімен 
қоса, бұрынғы білік, дағдыларына сүйеніп қалыптасады. Оқушыда бұрыннан 
бар білік дағдылар танымдық іс әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгеру үшін негіз 
болып табылады. Оқу материялдарын модульде орналастыру, баяндау жүйесі 
оқушыларда іс әрекеттің жалпылама тәсілдерін құрастыру үшін жағдай 
туғызады. Нақтылы бір бала үшін жаңа болып табылатын маңызды білік
дағдылар туралы ақпараттар модульдің мазмұнына еңгізіледі. Бұл 


21 
мағлұматтар әр түрлі әрекеттеріне арналған бағдарлық негіз түрінде беріледі. 
Ол оқу іс әрекетін күтілетін нәтижеге ғана бағдарлап қоймай, осы нәтижеге 
қол жеткізетін тиімді әдістерді іздеуге де көмектеседі. Бұл оқушылардың іс 
әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, модульдік оқыту процесінде 
өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарылатады. Мұны іске асыру 
модуль мазмұның құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда 
мүмкін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет