«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» Аналитический интернет-журнал Власть


Қанды Қаңтар мен оған биліктің реакциясын саяси институттардың өзгеріссіз қалып



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата11.11.2023
өлшемі5,66 Mb.
#191007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
Пульпаның девитальды экстирпация әдісі, 6 сынып ТЖБ 1-тоқсан[1] 100757, Аманбай Ақбота практика, 34688, EJ1300032, camsitova l.h. avtoreferat, 11914-Текст статьи-37581-1-10-20211010
Қанды Қаңтар мен оған биліктің реакциясын саяси институттардың өзгеріссіз қалып,
билік сол кеңестік әдістерді қолданатынының көрінісі деп атауға бола ма? Қанды
Қаңтар және бір жылдан кейінгі оқиғаларға қарап, еріксіз Жаңаөзен мен Желтоқсан
еске түседі.
Шүбәсіз солай айтуымызға болады. Қаңтарды басып-жаншу жолы, одан кейінгі оқиғаның
бәрі бұрынғы кеңестік отаршыл репрессиялық жүйе форматын сақтады. Жаңаөзен
оқиғасы, Желтоқсан, 1916 жылғы көтеріліс, 1920-1930 жылдар аралығындағы қазақтардың
көптеген көтерілісімен байланыстырып айтып отырғаныңыз бекер емес. Басып-жаншу,
қуғын-сүргін, халықпен сөйлесудің жазалау әдісі, әрине, отаршылдық кезінен және
кеңестік дәуірден қалған. Біз болған оқиғаларға баға бермейінше, оның салдарынан
арылуға тырыспайынша (ал бұл тәуелді соттар мен жазалаушы күш органдары), отарлық
және тоталитарлық өмір жалғаса береді. Біз оқиғалар тізбегін үзе алмаймыз. Мұның өзі
отарсыздануды кейінге қалдырудың салдары.
Фото авторы Алмас Қайсар


09.11.2023, 09:45
«Біз онсыз да кешіккен отарсыздануды тағы да кейінге қалдырдық» - Аналитический интернет-журнал Власть
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/53583-biz-onsyz-da-kesikken-otarsyzdanudy-tagy-da-kejinge-kaldyrdyk.html
9/15
Постотар теория мен отаршылдыққа дейінгі тәсілдер қандай жаңа құралдарды ұсына
алады? Мысал келтіре аласыз ба?
ХХ ғасырдың екінші жартысында отарлық жүйе жойыла бастады. Сол кезде тәуелсіздік
алған халықтар әуелі не істеу керегін интуитив түрде анықтап келді. 1980 жылдарға қарай
отарсыздану тәжірибесі жинақталды, қателіктер мен сәтті мысалдар пайда бола бастады.
1979 жылы Эдуард Саидтың Батыста Шығысқа қатысты таптаурындардың қалай
қалыптасқанын зерттеген «Ориентализм» кітабы жарық көрді. Ол Шығыстың «артта қалып
қойғаны» туралы таптаурындардың қалай тарап, сіңіп кеткенін, ұрпақтан ұрпаққа жеткенін
зерттеді. Ол негізінен постотар зерттеудің негізін қалады. Одан кейін шығу тегі үнді-
америкалық Гаятри Чакраворти Спивак, Стюарт Холл және жас зерттеушілердің тұтас тобы
келді. Спивак жұмысбасты болғанына қарамастан, Үндістанға бастауыш мектепте сабақ
беруге барды. Мұғалімдерге енді ғана бой түзеп келе жатқан үнділерді қалай тәрбиелеу
керегін үйретіп, еркін ойлауды қалыптастыруды, отаршыл көзқарасты балаларға сіңірмеу
үшін әр сөзді, тұжырымды, цитатаны қадағалауды үйретуге уақыт тапты.
Бір сөзбен айтқанда, отарлауға төзбеу сезімін қалыптастыру керек. Кейде отарлаудың
салдары ретінде өзіміз түсінбейтін нәрсе келесі ұрпаққа берілмеуі керек. Шын мәнінде,
Кеңес империясы ыдыраған кезде осы құралдар мен басқа елдердің тәжірибесін
пайдалануға болар еді. Алайда 1990 жылдары біз мұны істеген жоқпыз. Ал кейін билік бұған
мүдделі болмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет