Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысына қош келдіңіздер!



бет9/9
Дата06.02.2022
өлшемі113,84 Kb.
#38521
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Тапқыр химиктер»
Ш. Қалдаяқовтың «Химиялық портрет» атты өлеңі:
Алтындай менің ардақтым
Қорғасындай салмақтым
Көптеп көрмей өзіңді,
Электрондай зар қақтым.
Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің.
Мінезің мыстай майысып,
Сынаптай сырғып кетпегін.
Шаштарың қара көмірдей,
Мүсінің құйған темірдей.
Күмістей менің аппағым,
Өзіңнен асыл таппадым.
Бұл өлеңде ақын ғашық болған сұлуға теңеулерді химиялық элементтердің физикалық қасиеттері арқылы жеткізеді.
«Алғыр экологтар»
Қ. Мырзалиев өзінің «Қызыл кітап» поэмасы:
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып ду-ду етіп,
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз, атасызды
Аяймын мен құлынсыз, ботасызды
Хайуанатқа жасаған қиянатың
Бауырыңа жасаған опасыздық!...
Ұяламын қарауға қоңыр қазға
Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы, зәбірі аз ба?!
Ұяламын қарауға шүрегейге
Құстың бірі туған да, бірі өгей ме?!
Бүгін кептер атқандар ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?! –
деп ақын жануарлардың мұңын жырлайды. Оларды қорғауға шақырады.
Жүргізуші.
Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын
«Егер мен...» деп шәкірттер шықсын алға.
Егер мен .... болсам! Биолог, эколог, химик болсам тақырыбына ғылыми негізде жауап беру.
Іздеу ұйымы”.
Бұл кезеңде өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат беріледі, ол қандай өсімдік екенін табу үшін 2 мүмкіндік беріледі. 1 мүмкіндіктен тапқан топқа 6 ұпай, 2 мүмкіндіктен тапқан топқа 3 ұпай.

1 сұрақ. «Білгір биологтар» тобына


1-мүмкіндік.
Алғаш рет бұл өсімдікті Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар бұл өсімдікті Еуропаға 400жыл бұрын алып келді.Оны «күн гүлі» деп атайды.
2-мүмкіндік.
Дәнінен сұйық май алынады. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік.
Қандай өсімдік туралы айтылуда?
Күнбағыс
2 сұрақ. «Тапқыр химиктер» тобына
1-мүмкіндік.
Алқа тұқымдасына жататын мәдени тағамдық өсімдік. Отаны Оңтүстік, Орталық Америка. К дәрумені көп болғандықтан жүрек-тамыр жүйесі ауруларына пайдаланылады.
2-мүмкіндік.
Салат жасауда, консерві тағамдарын жасауда кеңінен қолданады.
Қызанақ

3-сұрақ«Алғыр экологтар» тобына


1-мүмкіндік.
Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты, суды сүйетін дақылмын. Қайнатпам - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі.
2-мүмкіндік.
Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев.
Сонда мен қай өсімдікпін?
Күріш


Жүргізуші.Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысының жеңімпаздарын анықтап беру үшін сөз кезегін әділ-қазылар мүшесіне береміз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет