Бұл оқу-әдістемелік кешен оқу орындарында оқитын Мәдениеттану және


адамзат мәдениетінің біртұтастығы мен



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#120048
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
ТАКЫРЫПТАР
The-Godfather, The-Godfather, ТАКЫРЫПТАР
адамзат мәдениетінің біртұтастығы мен 
жалғастығы,
тарихи прогресс бүтіндігі идеясын жоққа 
шығарды.
 
Ол кез келген 
мәдениет шарықтап
 
дамиды, кейін күйрейді деп есептеді. Батыс қоғамы шарықтап 
дамыды, енді күйреу алдында дейді. Мәдениеттің пайда болуында миф, дін 
маңызды роль атқарады, шарықтап дамуында философия, ғылым, өнер ерекше 
роль атқарады. Мәдениеттің соңғы кезеңінде 
индивидуализм,
ғылым күшейіп,
шғармашылқтан қайталауға,
құндылқтар
бұқаралық сипатқа ие бола бастайды. 
Осы кезеңді Шпенглер өркениет деп
 
қарастырады. Европаның рухани дағдарысы, 
тұтынушылық табынудың күшеюіне алып келеді деп сенген. 
Н.Данилевский «Ресей және Еуропа» (1868) жалпыадамзаттық мәдениет және 
өркениет болған емес, прогресс Еуропаның басымдығы емес, Шығыс пен Азияның 
тоқырауы деп түсінді. Әр мәдениет тірі организм,өз тағдыры бар, өркениеттің өмір 
сүруі шектеулі(1500 жыл). 
Н.Бердяев: өркениет - өндіргіш күштердің дамуы, экономикалық реализмнің 
үстемдігі, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. 
А.Тойнби: Өркениет – мәдениеттің соңы, уақыт пен кеңістік мәдени-тарихи 
жүйе шектеулі, өзгелерден рухани, қоғамдық шаруашылықтық, саяси ерекшелігі 
сақталған. 
Әр өркениет тарихи жағдайларға «жауап» беру қабілеті сақталғанға дейін 
өмір сүреді, қоғам жауап беруге жағдайы келмей, қаруға жүгінсе өркениет өледі. 
З.Гекальп: «Мәдениет-ұлттық, өркениет халықаралық категория»,- деп 
есептеген. Әрбір өркениеттің өзіндік ойлау логикасы болады, діндері бөлек 
қоғамдардың бір өркениет аясында 
болуы 
мүмкін. 
Демек, 
өркениет 
діннен бөлек нәрсе. Дін 
тек қасиетті құндылықтардан құралғандықтан, оған 
техникалық құралдар діннен тыс жүйені құрайды. 
Сэмюэль П. Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы» еңбегінде: «адамзаттың 
ажыралуы негізгі себептері мен қақтығыстарының қайнар көздері мәдениетпен 
байланысты. Ұлттық мәдениеттер дүниежүзілік аренада ең мықты ойыншылар 
болып қала береді, бірақ ұлттар мен әртүрлі өркениетке жататын топтар арасында 
жаһандық саясаттың ала ауыздықтары туындайды. Келешекте өркениеттерді бөліп 
тұратын шекаралар шайқастар шекараларына айналатын болады. 
4. «Шығыс-Батыс» - мәдени-өркениеттілік дихатомиясының үлгісі ретінде. 
Қазіргі кезеңде өркениеттің екі типі қатар өмір сүруде: Шығыс және Батыс. Шығыс 
өркениетіне тән белгілер: табиғатпен тығыз байланыс, ата-баба әруағына құрмет, 
адам әрдайым ұжымдық ортада өзін жетілдіріп, дамытып отырады. 
Шығыстық қоғам дәстүрлік сипатқа ие. Батыс өркениетіне тән белгі - 
индивидуализм «мен» ұғымының жарқын көрініс табуы, тәуелсіздік, кейде эгоизм 
басым. Батыс адамы өзін табиғат алдында жоғары қояды, табиғатты өзіне 
бағындыруға ұмтылады, әрекеті мақсатқа бағытталған, өзіне сенімі зор. 
Бұл ерекшеліктер Шығыс-Батыс дихотомиясының пайда болуына себеп болды. 
Осы тұрғыдан қарастырғанда Шығыс географиялық ұғым ретінде емес, өзгеше бір 


әлем ретінде өзінің заңдары, ережелері мен өмір сүру логикасы тұрғысынан түсіну 
қалыптасты. Шығыс дүниетанымын, әлемді қабылдау картинасын ұғыну 
барысында шығыстану ғылым саласы қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет