Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі19,98 Kb.
#76370
1   2   3   4   5
VI деңгей. Бағалау. Оқушының оқу материалының құрылымын логикалық және жазбаша түрде бағалаудағы, өзіндік ой – пікірін білдірудегі және жасалынған қорытындылардың оқу материалына сәйкестігін анықтаудағы таным мен ойлаудың жоғары деңгейі. Мысалы, оқушы: табиғаттағы және тірі организмдердегі химиялық реакция теңдеулеріне мысалдар келтіруді; заттар массасы сақталуы заңының табиғаттағы маңыздылығын; мұғалім көрсеткен тәжірибенің негізінде қорытынды жасай білуі керек.
Блум таксономиясы белгілі бір реттілікпен құрастырылған мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум таксономиясын сабақта тиімді қолдану үшін қажет етістіктер мен мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің арасындағы байланыс 1-кестеде көрсетілген:
Кесте 1
Блум таксономиясын қолдану

Ойлау деңгейі

Анықтамасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын етістіктер

Білу


Оқыған материалды есінде сақтап, қайта айтып беру.

Оқушыға түсіндіреді, көрсетеді, бағыт береді.

Қабылдайды, есте сақтайды, тану

Атау, есте сақтау



Түсіну

Берілген ақпаратты түсіну, мәселені өз сөзімен жеткізу

Салыстырады, қарама-қайшы-лық туғызады, көрсетеді

Түсіндіреді, қайта өңдейді, айқындайды

Талқылау, анықтау, айту



Қолдану

Оқыған ақпаратты жаңа жағдайда қолдану

Бақылайды, көмектеседі, тағайындайды

Мәселені ше-шеді, білім-дерін көрсетеді

Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, жаттығу, тәжірибе жасау

Талдау

Ақпаратты бірнеше бөліктерге жіктей білу

Бағыттайды, зерттейді, ақпарат береді

Ажыратады, жіктейді, талқылайды

Топтау, саралау, салыстыру, зерделеу, зерттеу, бөлу, арақатынасын белгілеу, реттеу, қарама-қарсы қою, түсіндіру, тексеру

Жинақ-тау



Алынған ақпарат негізінде ойды жинақтау



Талқылайды, жинақтайды, бағалайды



Жинақтайды, жоспарлайды, тұжырымдайды



Қайта құрастыру, біріктіру, өңдеу, тұжырымдау, алмастыру жоспарлау, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, әзірлеу, дайындау, орнату, іске асыру

Бағалау

Нақты белгіленген критерийлер бойынша бағалау



Нақтылайды, айқындайды, бағалайды



Таңдайды, бағалайды



Таңдау, түсіндіру, салыс-тыру, бөлу, қорытынды жа-сау, өлшеу, санау, болжау, жорамалдау, негіздеу, ұсыну, айыптау, дәлелдеу, сендіру, шешім шығару, қадағалау, тексеру, бағалау

Оқушыларға тапсырма беруде және сұрақтар қою кезінде мына ережелерді есте сақтаңыз: сұрақ қойған кезде неге сол сұрақты қойғаныңызды ойланыңыз; сол сұраққа қандай жауапты күтетініңізді ойланыңыз; әрдайым қарапайым сұрақтан бастаңыз; қойылған сұрағыңыз бен тапсырмаңыз нақты болуын қадағалаңыз; оқушылардың қойылған сұраққа сыныпта жеке, жұпта және топта жауап бере алатынындай болуын қарастырыңыз.


Блум таксономисы бойынша қойылған сұрақтан мен тапсырмалар оқушылардың алған білімдерін жетілдіруге, озіндік ой-пікірін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылықтары артып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Кесте 2
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілері

Ойлау деңгейі

Тапсырманың үлгілері

Сұрақтардың үлгілері

Білу

Негізгі түсініктер мен ұғымдарды білу. Анықтамасын айту. Формула-сын жаза білу

Кім ...? Не ....? Қашан ...? Қанша ... ? Кіммен ...? Қайда ....?

Түсіну

Ереже мен деректерді түсіну. Құбылысты басқа формада жеткізе алу. Тәжірибенің нәтижесін болжау.

Қандай мысал сәйкес келеді ..? Мен мұны дұрыс түсіндімбе, әлде бұл ..? ...... басқаша қалай түсіндіре аласыз?

Қолдану

Мәліметтерді жаңа жағдайда қолдану. Нақты жағдайда заңдарды дұрыс пайдалану. Әдістер мен ережелерді орнымен қолдана алу.

Бұл қайда пайдаланылады? ... қалай байланысты? ... үшін қалай қолдануға болады? Бұл ... мәселені, .... білімді қолданып, қалай шешсе болады?

Талдау

Негізгі белгілері бойынша жіктеу. Құрылымын талдау. Деректердің айырмашылығын көрсету.

... айырмашылығы қандай? ... себебі неде? ... қандай дәлелдерге сүйеніп талдайсыз? Негізгі .... белгілері қандай? .... болуы үшін, нені жинақтау керек?

Жинақтау

Болжам жасау. Алгоритмін ұсыну. Нәтижелерді сәйкестендіру.

Сіздің ойыңызша ... қалай біріктіруге болады? Бір – бірімен ... қалай үйлеседі? Алынған ақпараттың негізінде қандай қорытынды жасадыңыз?

Бағалау

Ақпараттың қажеттілігін айқындай білу. Алынған мәліметтердің өлшемін көрсету. Қорытындының жарамдылығын бағалай білу.

Неге нәтижесі ... деп алынды? Егер ... болса, тиімді болады деп ойлайсыз ба? Сіздің көзқарасыңыз бойынша .... қалай бағалар едіңіз? .... күшті не әлсіз жақтары қандай?

Жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, назарларыңызға химия пәнінен жасалған сабақ жоспарын ұсынамын.


Қолданылған әдебиеттер


1. «Химик анықтамалығы» республикалық ғылыми – танымдық педагогикалық журналы № 3, №6, 2014ж


2. www.orleuuko.kz сайты
3. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8, 10 – сыныбына арналған оқулық.
Каталог: uploads -> doc -> 0345
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0345 -> Қолбашы қоғам қайраткері
0345 -> Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме
0345 -> Сабақ тақырыбы: Іс қағаздар стилі Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет