«бм қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет14/23
Дата29.03.2017
өлшемі1,02 Mb.
#12426
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
а) 3 ә) 5 б) 6
Сонымен қатар жаттығуда берілген мәтінді, үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау мақсатында «тіке жауап» тестін еш қиындықсыз пайдалануға болады. Сондай-ақ, фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру, фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылатындығы ескере оқытылуы тиіс.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілінің бір саласы ретінде фонетиканы оқытудың маңызы, міндеттері, орны, принциптері мен заңдылықтары. Фонетиканың мазмұны мен құрылымы. Оқушы тілінде байқалатын фонетикалық ортақ қателер және оларды болдырмаудың жолдары. Фонетикаға арналған жаттығулардың түрлері және оларды орындатудағы мақсат. Фонетиканы оқытуда көрнекі және техникалық құралдарды орынды пайдалану.
Бақылау сұрақтары:
Фонетиканы оқытуға негізделген қандай әдістемелік еңбектерді білесіз?
Мектепте фонетиканың оқытылу жайын зерттеген ғалымдар негізінен қандай мәселелерге тоқталды?
Соңғы жылдарда жарық көрген мектеп оқулықтарында фонетикаға қатысты тақырыптар сақталды ма. қандай өзгеріс, толықтырулар бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

10 -дәріс

Тақырыбы: Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі. Жаттығулар жүйесі. Қатемен жұмыс. (2сағат)
Дәрістің жоспары:
  1. Орфографияны оқыту.
  2. Орфоэпияны оқытудың әдіс-тәсілдері.
  3. Қазақ орфографиясының принциптері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушының фонетиканы жетік білуінің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ -жауап әдісі арқылы естеріне түсіруіне болады. Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Мысалы, мынандай кесте жасауға болады:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет