«бм қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады: 1.Қазан төңкерісіне дейінгі кезең



бет4/23
Дата29.03.2017
өлшемі1,02 Mb.
#12426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады: 1.Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.
2. Қазан төңкерісінен кейінгі кезең.
3.Қазіргі кезең.
«Қазақ тілінің оқулықтарын жазу 1920 жылдардан қолға алына бастады.» – деп көрсетеді Б.Құлмағамбетова /Қ.т.о.ә.2000ж. 7-бет/ Ал әдістемелік еңбектер 1936 жылдан жарық көре бастады. 1935 жылға дейін тек қаз. тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болды./ Б.Құлмағамбетова Қ.т.о.м. 1988ж. 19-бет/. С.Қазыбаев болса «Мектепте қ.т.оқыту тәсілдері» /1997ж./ атты еңбегінде, А.Байтұрсыновтың «Ахмет жазуы» атанып кеткен «Оқу құралы» (Әліппе) оқулығының 1912 -1929 жылдар аралығында 7 рет басылып шыққандығын және қолданыста болғандығын айтады.1926 ж. А.Байтұрсынов «Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Автордың ұсынған араб таңбасындағы жазуын қазақ жұртшылығы жылы қабылдаған. А.Б. 1914 жылғы «Қазақ» газетінің №62 санында жарияланған «Мектеп керектері» атты мақаласында «Мектептің жаны - мұғалім», - дейді. А.Байтұрсынов «Тіл – құрал» атты 3 кітаптан тұратын қазақ тілі оқулығын жазып, қазақ тілі грамматикасына қатысты категорияларға қазақша атау беріп, қазақ тілі білімінің терминдерін жасады. Осы оқулықтарды басшылыққа алып сабақ өту барысында Қ.т.о.әдістемесінің негізі қаланып, ол пән ретінде қалыптаса бастады. А.Б-ның 1920 жылы Қазан қаласынан «Баяншы» әд/лік нұсқауы жарыққа шығады. Одан соң «Әліп-би астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбектер жазып шығарды.1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі әдістемесі мәселесі бойынша мақалалар жарияланды.М.Жұмабаевтың «Педагогика» 1922ж., «Ана тілі» 1923. «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» 1925, «Сауатты бол» 1926, «Ересек шала сауаттылар программасы» 1926, сияқты еңбектері мен оқу – ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптасуына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың да қосқан үлесі зор. Ж.Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек», А.Байтұрсыновтың «Қай әдіс жақсы» мақалалары «Жаңа мектеп» журналына жарияланған. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен басталған әдістеменің ғылыми негізі Ы.А. есімімен тығыз байланысты. «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» деген еді. /Ы.А. Таңдамалы шығармалары, 1955, 280-281-беттер/. Ы.А. «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. 1935 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» атты жинақ шықты. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің арнайы сала болып қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі – Сейіл Жиенбаев. 1936ж. «Грамматика талдауыш», 1938 ж. «Үлкендерге хат танытудың методикасы», 1939 ж. «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 ж. «Қазақ тілі методикасы», 1942ж. «Грамматикалық таблицалар», 1944 ж. «Жаттығу емле мен тіл дамыту», 1946 ж. «Қазақ тілі методикасы» /екінші басылым/ деген еңбектері жарық көрді. Ғалымның негізгі ұсынар тәсілі мысалдарды салыстырып беру арқылы олардың мағыналық ерекшеліктеріне оқушының көзін жеткізу.Шамғали Сарыбаев «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» тақырыбында канд. диссертациясын қорғаған. 1956 ж. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» кітабы шықты. Қазақ тілі грамматикасын оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938ж. «Грамматика оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.Ғали Бегалиев – қазақ мектептерінде орыс тілін оқытуға, алфавиттік жүйе, емлеге байланысты мәселлелерді зерттеген. 1940 ж. «Бастауыш мектепте қаз. тілінің методикасы», 1950 ж. «Бастауыш мектепте қаз. тілі методикасының кейбір мәселелері» деген кітаптары жарық көрді. Иманбек Ұйықбаевтың 1957 ж. «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар», 1962 ж. «Қазақ тілі методикасының очерктері» атты еңбектері жарияланды.Бұнда морфологияны оқытуға көңіл бөлінді. Морфологияны, сөзжасамды оқытуға ғалымдар - Бибігүл Кәтенбаева 1968 «Сөз құрамын оқыту», 1975 «Морфологияны оқытудың методикасы», Нұржамал Оралбаева, морфология, сөзжасамның теориялық негізіне Қинаят Шаяхметұлы өз үлестерін қосса, синтаксисті оқытуға Әмеди Хасенов 1957ж. «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары»; Хасен Арғынов 1969ж. «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері», 1974ж. «Қазақ тілі методикасы»,Сәрсен Аманжолов, Нығмет Сауранбаев, Мәулен Балақаев т.б. Тыныс белгілерін оқытуға Шәріп Әуелбаев 1971ж. «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар», 1977ж. «Пунктуацияның қиын мәселелері» зерттеу жүргізсе, Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 ж. «Қазақ тілін оқыту методикасы» еңбегінде оқытудың жалпы мәселелеріне тоқталады.Айтбай Айғабылов 1980ж. «Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері»еңбегінде лексиканың әдістемесін қарастырса, фонетиканы оқытуға Мүлипа Дүйсебаеваның 1973ж. «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері», 1982ж. «Орфоэпиялық сөздік», А. Исабаевтың 1965ж «Фонетиканы оқыту», 1973 ж. «Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері» атты кітаптары көмекке келді. Қазақ тілінің орфографиясын меңгертуде Кәшен Жолымбетов 1958 ж. «Ү-ҮІ класс оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары», 1962ж. «Қазақ орфографиясын оқытудың негізі» еңбектенсе, Балғаным Құлмағамбетова орта мектепте қазақ тілін оқытудың дидактикалық принциптері мен жалпы мәселелеріне тоқталса, Сағира Рахметова бастауыш мектеп методикасын қарастырды.
Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі 3 саладан тұрады: 1. педагогика мен дидактиканың теориялық негіздері; 2. қазақ тілінің теориялық негіздері; 3. тіл дамыту жұмыстарының түрлері.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілі әдістемесі ғылымы. Әдістеменің зерттейтіні, мазмұны, құрылымы. Әдістемелік мұра. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасып дамуы, бұған әдіскер-ғалымдардың қосқан үлесі. Қазақ тілі әдістемесінің қазақ тіл білімімен, педагогика, психологиямен және басқа ғылымдармен байланысы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әдістеме нені қарастырады?
  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы.
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің тарулары.
  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуы мен зерттелуі.
  5. Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің алатын орны.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002
2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956 3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004 4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001 11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі –Алматы, Ана тілі, 1996 ж.
12.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

3- дәріс

Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтары. (2сағат)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет