Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы


Бағдарламаның елеулі жаңашылдығы



бет4/7
Дата06.02.2017
өлшемі1,28 Mb.
#8788
1   2   3   4   5   6   7

Бағдарламаның елеулі жаңашылдығы – оның нысаны – оқшау музыка емес, тұтас өнер: музыка әдебиетпен, бейнелеу өнерімен тікелей байланыста қаралады. Оқушыларға музыка сабақтарында музыканың өнердің басқа түрлерімен жан-жақты байланыс, өмірдегі ортақ негіздері, өзара ықпалы, бірін-бірі толықтыруы туралы түсініктер ұсынылады.

Сөйтіп, музыканы әдебиетпен, бейнелеу өнерімен байланыста оқыту бұл бағдарламаның тақырыптық мазмұнының іргетасын құрайтын маңызды ерекшелігі болып табылды. Музыка сабақтарының басты мақсаттарының бірі- оқушыларының музыкалық ғана емес, сонымен бірге тұтас көркемдік ой-өрісін қалыптастыру белгіленген. Бұл өз кезегінде музыканы қабылдауды, танып-білуді байытады және ең бастысы – музыка сабақтарының неғұрлым терең де, тиімді тәрбиелік ықпалдығына негіз құрады.



Д.Б.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасының негізгі ерекшелігі болып табылатын өнер түрлерін біртұтастықта оқыту жүйесі бейнелі түрде 1-суретте көрсетілген. Мұнда музыка, әдебиет, бейнелеу өнері, театр, кино туындыларының бәрі де ортақ бір топырақтан-өмірден өніп жетілетіні бейнеленген. Олар бірін-бірі суреттемейді және алмастырмайды, әрқайсысы өзінше өмірдің басты құбылыстарын, тарихи оқиғаларды, табиғат көріністерін, адам мінезі мен ішкі күйін т.б. ұқсастықта бейнелейді. Музыканы оқушыларға жеке-жеке музыкалық әрекеттерге (ән салу, ән тыңдау, музыкалық сауат) бөліп оқшаулап ұсынудан бас тартып, барлық музыкалық әрекет кешенді түрде белгілі бір тақырыптарға топталған музыкалық шығармаларды оқыту барысында біртұтас атқарылады. Сөйтіп оқу бағдарламасы тақырыптар бойынша түзіліп, сол тақырыпты меңгеру барысында музыкалық қабілеттер практикалық дағдылар мен біліктердің дамуы көзделеді.
1 сурет Өнер түрінің ортақ негізділігі ( Д.Б.Кабалевский жүйесі бойынша)

М



Б У О

Ә Е

Д Й З Н Р

Е Н Т

Б Е Ы И А

И Л Е

Е Е К К Т



Т У А
Өнер түрінің ортақ негізділігі

(Д.Б.Кабалевский жүйесі бойынша)
Педагогикалық үрдісте өнер түрлерін пайдалану мәселесін кеңес мектебінің көрнекті қайраткерлері мен педагогтары П.П.Блонский, Т.С.Щацкий, сондай-ақ қазіргі педагог-ғалымдар Д.Б.Кабалевский, О.А.Апраксина, Э.Б.Абдуллин, Ю.Б.Алиев, В.В.Медушевский, Б.М.Неменский, Г.П.Шевченко, қазақстандық ғалымдарда М.Х.Балтабаев, С.А.Ұзақбаева, Р.Р.Жәрдемалиева, Ш.Б.Құлманова, Р.Қ.Дүйсембінова, Б.А.Әлмұханбетов, Ж.Еңсепов, М.М.Нағымова, Н.Е.Мукеева т.б. қарастырды.

Қазақстан мектептері, оның ішінде қазақ мектептері де 1970-1980жылдар аралығында РСФСР ағарту министрлігінің басшылығымен ғылыми-зерттеу институтының музыка-ән оқыту зертханасында Д.Б.Кабалевский жасаған «Музыка» бағдарламасына көшуді жүзеге асырды. Осы үлгідегі 1972 жылғы бағдарлама 1998 жылдарға дейін негізінен өзгеріссіз қайта басылып қолданылып келді. Бұл Д.Б.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасы ұстанымдары негізінде жасалған, қазақ мектептерінде жаппай қолданылып жүрген 2-5 сыныптардың (авторы Б.Ғизатов, Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева) және 6-сынып (авторы Ө.Байділдаев) музыка пәні бағдарламалары 1982, 1987, 1990ж басылымдарда, одан кейін де елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.

Қазақстан мектептері, оның ішінде қазақ мектептері де 1970-1980 жылдар аралығында музыка-ән оқыту зертханасында Д.Б.Кабалевский жасаған «Музыка» бағдарламасына көшуді жүзеге асырды.Осы үлгідегі 1972 жылғы бағдарлама 1998 жылдарға дейін негізінен өзгеріссіз қайта басылып қолданылып келді. Бұл Д.Б.Кабалевскийдің «Музыка» бағдарламасы ұстанымдары негізінде жасалған, қазақ мектептерінде жаппай қолданылып жүрген 2-5 сыныптардың (авторы Б.Ғизатов, Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева) және 6-сынып (авторы Ө.Байділдаев) музыка пәні бағдарламалары 1982, 1987, 1990ж басылымдарда, одан кейін де елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.

1990 жылы Білім министрлігі тарапынан бұл өзгерістер мен талаптар ескеріле отырып, «Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» ұсынылды.

Бұл бағдарлама қазақ халқының мәдениетін, өнерін балалар бақшасынан бастап мектепке және мектептен тыс оқу орындарында тұтас таныту жөнінен елеулі бетбұрыс болды. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық, ізгілік, эстетикалық тәрбие жүйесі баланың сезімталдығын оятып, оның бойында эстетикалық мағлұматтарды қалыптастырып, музыкаға, сурет салуға, сөз сырына үңілуге, тақпақ оқуға, ертегі айту қабілетін дамыта бастауға, айналадағы ортаны, оның әр түрлі құбылыстарына көзқарасын орнықтыруға бағытталды. Мектептегі адамгершілік-эстетикалық бағыттағы сабақтарда мәнерлеп сөйлеу және шешендік, мінез-құлық және әдеп, ән-күй, бейнелеу, қолөнер, қазақ биі, ырғақты би (гимнастика) оқушының әсемдік сезімін, бейнелі ойлау қабілетін, жалпы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделді.

Бағдарлама оқушының бойына өнердің мәні мен алатын орнын, оны қабылдау деңгейін дамыта отырып, туған елінің, өз халқының ұлттық, елжандылық сезімін қалыптастыруға жан-жақты педагогикалық жағдай жасауға көмектеседі.

Жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің жалпы бағыты анықталған бағдарламаның негізінде 1-сыныпқа арналған «Елім-ай» ән-күй бағдарламасы (авторлары М.Балтабаев, С.Ұзақбаева, Т.Қышқашбаев т.б. кейінірек 2-3 сыныптарға арналған бағдарлама (авторлары М.Балтабаев, Т.Қышқашбаев, Б.Өтемұратова) жасалынды.

«Елім-ай» бағдарламасы музыкалық-эстетикалық білімнің күрделі жүйелілігіне, ажырамас тұтастығына негізделді. Онда ән, күй, ою-өрнектер, би қимылдары, ұлттық ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер жұмбақтар, аңыз-әңгімелер т.б.) және домбырада ойнау машықтары астастырыла берілген.

Жастарға эстетикалық тәрбие беруде музыканы өнердің өзге түрлерімен кешенді жүйеде оқыту мәселелерінде елеулі ізденіс танытқан бағдарламаның бірі А.Райымбергенов пен С.Райымбергенованың авторлығымен «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ән-күй сабағына араналған «Мұрагер» бағдарламасы 1-4 сыныптар үшін 1994 жылы жарық көрді. Бұл бағдарлама халық көркемөнер мұраларымен тоғысты, алайда көркемөнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктеліп алынды. Қысқасы ән-күй пәні музыка ауызша – поэтикалық, қолөнер, көркемөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуға тиіс».

Музыканың өнер пәндерімен байланысын кеңірек қолдануға ұмтылған тағы бір бағдарлама – Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменова жасаған «Ән-күй» бағдарламасы. Мұнда авторлар «қызықты аңыздар мен әңгімелерді айтып беру сол материалды сапалы да жеңіл қабылдауға, естерінде ұзақ сақтауға көмектеседі» дей келіп, Д.Б.Кабалевский ұстанымдарын басшылыққа алып, «оқушылар музыканы көңіл-күйін анықтауды, музыканың көркемдік құралдарының қарапайым түрлерін ажыратуға... үйренеді, синкертті ұғыммен танысады деген мақсат қояды. Сөйтіп оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып (тұрақты зейін, есте сақтаудың еріксіз түрінің басым болуы, ойынға бейімділігі), музыка сабағына би қимылдары, бейнелеу, ойын элементтері, тақпақтар, жұмбақтар кең енгізілген.

1980-1990 жылдарда қалыптасқан музыканы әдебиетпен байланыста оқыту тенденциясы 1998 жылдан бастап шыға бастаған музыка пәні бойынша жаңа буын оқу бағдарламалары мен оқулықтарында жалғасын тапқан Ж.Еңсепов, Б.Ысқақовтың 5-6 сыныптар үшін жасаған «Музыка» бағдарламасы өзінің негізгі музыкалық-эстетикалық кешендері білім-тәрбие міндеттерін атқаруда «оқушыларға саз өнеріндегі тұлғаларды таныстырып, олардың шығармашылық және өмірбаяндық жолдарынан қысқаша мәлімет» беруді де, музыкалық шығармалардың «туу, орындалу, халыққа тарату, ұрпақтан-ұрпаққа жалғау жолдарымен» таныстыруды да қарастырады

Қалай болғанда да өнерді синтезді оқытуға түбегейлі бетбұрыс жасалуы оның жастарға эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі болып табылатынын айғақтай түседі.

«Қазіргі білім берудің мәні рухани құндылықтарды жеткізуде, сана-сезім құндылықтарды қалыптастырып, байытуда дәрменсіз болып отыр»,- дей отырып Т.С.Гершунский «Тұлғаның қажетті сана-сезім сапаларына жетуге бағдарланған интегративті білім бере алатын білім мазмұнын құруды» ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда өнер пәндерін интеграциялау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру қажеттігі айқындала түседі.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Кабалевский бағдарламасының ерекшелігі қандай?

  2. Кабалевский бағдарламасы негізінде қазақ мектептеріне арнап қандай бағдарламалар жасалынды?

Әдебиеттер:

  1. Кабалевский Д.Б. Музыка туралы әңгіме. Алматы, Өнер, 1989

  2. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

  3. Қазақ орта мектебінің 2,3 және 4 сыныптары үшін музыка программалары. (Құр. Ғизатов б., Қарамолдаева Ж., Жәрдемалиева Р) Алматы, 1987.

3 дәріс

Тақырып: Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиевалардың 1-4 сыныптарға арналған бағдарламалары.

Мақсаты: бағдарлама ерекшелігімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:1. Бағдарламаға түсінік

2. Бағдарлама мазмұны

Қ.Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар 1-4 сыныптар үшін музыка бағдарламаларын жасады. Басты мақсаты – халық ән-күйлері арқылы жан-жақты эстетикалық бағытта тәрбиелеп жеке адамның тұлғасын қалыптастыру. Әр сыныптың тоқсанының өзіндік атаулары, үйретілетін әндері мен тыңдатылатын шығармалары бар.


Сыныптар

Тақырып аттары

1-сынып

1. Сырлы да сазды әуен

2.Күмбірлеген күміс күй



2-сынып

1. Ән мен күй – халық үні

2. Аңыз-ертегі әлеміндегі ән мен күй.



3-сынып

1.Эпос сарыны

2. Ақыл, нақыл, өсиет

3. Айтыс өнері

4. Күй тартыс



4-сынып

1. Қос арна

2. Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы



1-сыныптағы тәрбие берудің басты мақсаты-қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірімен байланысын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.

Балаларда 2-сыныпқа қарай түрлі музыкалық әсерлер мен түсініктер қалыптасады, біршама тәжірибелер жинақталады. Сабақтың алғашқы күнінен бастап есте сақтау қабілеті мен ырғақтық сезімдерін одан әрі дамыту, музыканың мәнерлеу мен бейнелеу мүмкіндіктерін түсіну, ән айту дағдыларын қалыптастыру жұмыстары тиянақты жүргізілуі керек.

3-сыныптағы музыкалық тәрбие қазақ халқының дәстүрлі поэзиясы мен аспаптық музыка өнерінің өзара байланысын көрсетуге арналған. Балалар 1-2 сыныптарда алған музыкалық тәрбиені 3-сыныпта әрі қарай күрделендіріп жалғастыра алады. Ол өз халқының әншілік дәстүрі, халық аспаптық музыкасы мен ақындық шығармашылығы жөнінде оқушылар жан-жақты мағлұматтар ала бастайды. Мақсаты-халық фольклорының адам өміріндегі маңызын терең түсінетін музыкалық сауатты, эстетикалық және рухани жағынан жете дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

4-сыныпта балалар»Қос арна» жартыжылдық тақырыбында халқымыздың дәстүрлі талғам-танымы бойынша төл музыкалық мұрамыз халық музыкасымен қатарлас бір арна- кәсіби композиторлар музыкасынан хабардар болады. «Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы» атты екінші жартыжылдық тақырыбында балалар көлемді тақырыптар арқылы басқа ұлт өкілдерінің төл музыкасынан хабардар болады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Қ.Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалар ұйымдастыруымен ұсынылған бағдарлама қалай аталады?

  2. Бағдарлама ерекшелігі қандай?


Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 2 сыныпқа арналған. Алматы, 1998.

4 дәріс



Музыкалық сабағындағы іс-әрекет түрлері.

Дәріс мазмұны: 1. Іс-әрекет түрлері.

2. Ән үйрету кезеңі



1. Әнді орындап көрсету. Әнді алғаш рет балаларға таныстыра білу өте маңызды. Балалардың әнге қызығуы, ұнауы, оны қабылдауы осы алғашқы көрсетуге байланысты. Сондықтан мұғалім шығарманы барынша мәнерлеп, баланың жүрек пернесін дәл басатындай әдемі де жұмсақ, құлаққа жағымды дауыспен орындап беруі тиіс. Егер қажет деп тапса, әнді күйтабақпен тыңдауға немесе алдын–ала үйреткен оқушыға айтқызуға болады. Қандй жағдайда да әннің орындалу сапасы болу керек.

2. Ән туралы әңгіме. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу үшін әңгіме жүргізуге, қосымша көрнекті құралдар қолдануға, бейнелеу өнері мен әдебиетке баланыстыруға болады. Дегенмен де ән туралы әңгіме ұзаққа созылып, балалардың назарын ән үйренуден бұрып кетпеуі керек. Бұл жерде композиторлар, әннің сөзін жазған ақын, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады.

3. Ән үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Әдетте, әнді үйреткенде әуелі фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, шумағын түгел айтқызады, егер қайырмасы болса әрі қарай да тура осылай баулынады. Мұғалім үйретілетін сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушыларға іштерінен қосылып айтқызуға болады, үшінші рет кәдімгідей орташа дауыспен қосылып орындатады. әр қайталағанда мұғалім жай айтқыза салмай, белгілі бір талап қойып отыруы тиіс. Мысалы, «Мұғалімдерге қосылып айт», «Әуеннің жүру бағытын қолыңмен көрсет», «Ақырын айт», «Жай екпінде орында» т.б. осыны кестеге салып әр сабақ үстінде ән айтудағы ережелерді әдемі, анық етіп жазып, оны көз алдарында іліп ұстауымыз керек. Үйренуге қиын фрагменттерді, тактілерді бөліп алып, алдын–ала әнді жаттығу ретінде үйретуге болады. Әнді үйретудің бұдан басқа да тәсілдері бар. Мысалы, есту арқылы үйрету, графикалық сызықтарға сүйену, нотаға сүйену, сольфеджиомен айту т.б

Ән үйретудегі негізгі жұмыстардың бірі – оның сөзін жаттату. Мұғалім, әдетте мәтінін тақтаға жазып қояды, көрнекі құралдардан көрсетеді. Бастауыш сыныптарда ән сөзін тақтаға жазғаннан ғөрі, қимылмен үйрету маңыздырақ. Қимыл арқылы ән сөзін тез жаттайды және ұзақ уақыт естерінде сақтайды. Ән орындалып болған соң, мұғалім өлеңнің сөзін оқып, оның мазмұнын, текстіде кездесетін қиын сөздерді түсіндіруі тиіс. Оқушы сөзді әнмен бірге үйренуі, жаттауы тиіс. Сөздің мәнін жақсы сезінген бала әнді мәнерлеп айтуға тырысады.


ӘН АЙТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып тыңда.

Әнді түзу тұрып немесе түзу отырып орында.

Әнді бастар алдында асықпай ішіңнен дем ал.

Иығыңды көтерме.

Сөздің ортасында дем алма.

Әннің сөзіндегі дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт.

Дауысыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.

Дыбысты үзбей, созып орында.

Әнді асықпай, мәнерлеп орында.

Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта.
5 дәріс сабақ

Дәріс тақырыбы: Музыка тыңдау кезеңі

Мақсаты: Музыканы түсініп, саналы қабылдауға тәрбиелеу.

Дәріс мазмұны: 1. Музыка тыңдау ережелері

2. Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық

шығармаларды қабылдауын дамыту.

1. Шығарманы тыңдау (орындап көрсету). Сабақ тақырыбына сай жаңа ән немесе күйді таныстырғанда әуелі шығарманы тыңдатамыз. Бұны күйтабақ т.б. техникалық құралдардан немесе мұғалім өзі орындап көрсете алады. Музыка тыңдай білмейтін құлақ үшін, ең әсем музыканың да ешқандай мәні болмайды» деп К.Маркс айтқандай, музыканы саналы түсініп, оны қабылдау өте маңызды.

Шығарманы тыңдай отырып, балалар - шығарманың ырғағын, дыбыс биіктігін, дыбыс күшін немесе екпінін (қатты, ақырын, жай т.б) көңіл-күйін (нәзік, көңілді, мұңлы т.б.) ажыратуға үйренеді. Осы белгілер арқылы музыка баланың санасына жетеді, осылар арқылы шығарманың сипатын, көңіл –күйін сезінеді.

Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім- тәрбиелік мәні жағынан аса құнды еңбек болып табылатын: «Кабуснама» шығармасында музыканы тыңдау және қабылдауға байланысты біраз пікірлер айтқан. Автор Кайкаус осы еңбегін 63 жасында ұлы Гиланшахқа арнап жазған болатын. Еңбегінің «Жыршы және музыканттық туралы» деп аталатын 16 тарауында : «Балам біліп қой, егер музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы бол. Музыка өнеріне арналған сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыжырайтпа, қабағыңды түйме. Бір ғана баяу және жылдам орындалатын әндерді орындай берме. Өйткені адамның мінезі де бірдей емес...» сол себепті де балалардың жас ерекшелігіне сай, түрлі көңіл-күйді сипаттайтын шығармаларды тыңдату өте маңызды.

2. Музыка туралы әңгіме. Бұл кезеңнің де балалардың музыкалық деңгейлерін дамытуда маңызы зор. Оқушылар музыкалық шығармаларды тыңдап қана қоймай, ән немесе күйден алған әсерлерімен бөліседі, шығарманың авторларын, шығу тарихын, мазмұнын әңгімелейді, сұрақтарға жауаптар қайтара алады, ой қозғайды, сурет салады, талдайды. Сонымен қатар, жеткізуші – орындаушы – тыңдаушы – көрермен т.б. ұғымдармен танысады. Мысалы, Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйі мен Құрманғызының «Сарыарқа» күйлерін тыңдатқанда:

- Шығарма қалай орындалды? (көңілді, мұңлы, жігерлі, қуанышты т.б.)

- Балалар шығармалар қандай жанрға жатады, ән бе, жоқ әлде күй жанры ма?


  • Қандай аспапта орындалды?

  • Қалай орындалды?

  • Күйдің екпіні қандай? ( жай, тез, жылдам, орташа т.б.)

  • Кімнің күйлері екен?

  • Күйшілердің тағы қандай шығармаларын білесіңдер?


МУЗЫКА ТЫҢДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Музыканы түсіну үшін оны басынан аяғына дейін зейін қойып тыңда.

  2. Музыканы тыңдап отырғанда басқаға көңіл аударма.

  3. Әннің немесе күйдің атына, мазмұнына назар аудар.

  4. Музыканы есіңде ұзақ сақтау үшін оны бірнеше рет қайталап тыңда.

  5. Музыканың негізгі әуенін еске сақтап қалуға тырыс.

  6. Әуенін ішіңнен айтып орында.

  7. Тыңдалған музыканың композиторын ұмытпа.

2. Халқымыздың музыка тілін терең түсінетіндігі ел арасында ертеден-ақ аңыз болып таралған. Бүгінгі таңда мамандардың алдында тұрған мәселелердің бірі-ата-бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп, адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат теіп тәрбиелеу.

Музыканы қабылдау күрделі үрдіс. Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім-тәрбиелік мәні жағынан аса құнды еңбек болып табылатын «Кабуснама» шығармасында музыканы тыңдау және қабылдауға байланысты біраз пікірлер айтқан. Автор (Кайкаус) осы еңбегін 63 жасында ұлы Гиланшахқа арнап жазған. «Жыршы және музыканттық туралы» деп аталатын 16-тарауында «Балам, біліп қой, егер музыка жолына түсер болсаң жеңіл де жайдарлы бол. Музыка өнеріне арналған сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыжырайтпа, қабағыңды түйме. Бір ғана баяу не жылдам орындалатын шығармаларды тыңдай берме. Өйткені, адамның мінезі де бірдей емес...» деген екен. Музыканы қабылдауды Яворский: «музыканы қабылдау ісіне негіз болатын нәрсе- ойлау, бәрімізге анық естілетін сөйлеген сөз сияқты түсіне білу» деп есептейді. Асафьев «белгілі бір шығарманы жанды орындау арқылы таныстыру, сол арқылы музыкалық терминдерді жеткізу, оларды пайдаланудың анық та, айқын түсінікті түрін қарау. Ең негізгісі-оларды қызықтыра білу.

Кабалевский «Музыкаға деген қызығушылық музыкамен әуестену, ұнату-оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Джон Лок: «Тәрбие арқылы адам жетіледі. Адам жаны ақ тақта сияқты тап-таза, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса соны сол ақ тақтаға жазуы тиіс.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет