Бм музыка үйрету тәрбиесінің теориясы мен технологиясы

бет6/7
Дата06.02.2017
өлшемі1,28 Mb.
#8788
1   2   3   4   5   6   7

Үйірме (домбыра, вокал, т.б)

Тәрбие

жұмыстары

Гала концерт

Жұлдызды

шеру

Мағыналы кештер

Шоу, КВН

Факульт. Курс.

Саяхат

Жас дарын

Әдебиеттер:

1. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

2. Бастауыш мектеп журналдары
6. Практикалық сабақ жоспары

Тақырып

Семинар (практикалық) сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні.

1. Музыка сабағы – мектептегі оқу пәні ретінде.

2. Музыка сабағының спецификалық ерекшелігі.

3. Мектептегі басқа пәндермен ұқсастығы.

4. Музыка мұғалімнің педагогикалық-психологиялық даярлығы.

1

[ 1]; [4 ]; [ 5];

2

Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі Музыка бағдарламалары.

1. М.Х.Балтабаев ұсынған «Елім-ай» бағдарламасы.

2. Тоқсан тақырыптарына сипаттама.

2

3

Бастауыш сыныптардағы музыкалық тәрбие.

1. 1-сыныпқа сипаттама 2. Бірінші сыныптағы музыкалық тәрбие.

3

4

Музыкалық сабағындағы іс-әрекет түрлері.

1. Іс-әрекет түрлері.

2. Ән үйрету кезеңі

4

5

Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокальдық жаттығулардың ролі

1. Дауыс жаттығулары. Міндеттері.

2. Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрету

3. Әнді дұрыс айта алмайтын оқушылармен жұмыс жасау жолдары.

5

6

Күй және оның түрлері

1. Төкпе және шертпе күйлер.

2. Тарихи, арнау, лирикалық, аңыз күйлер.

6

7

Айтыс өнері.

1. Айтыс өнері туралы түсінік.

2. С.Мұхамеджанов «Бүгін қай күн» әнін үйрену.

3. «Жар –жар» халық әнін үйрену

7

8

Музыка пәнінің сабақ жоспары және оны есепке алу

1. Музыка сабағын жоспарлау (әр сабақ, тоқсандық, жылдық)

2. Сабақ конспектісін құру, есепке алу

8

9

И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» әні.

1. Сазгер және ән туралы түсінік.

2. Әнді үйрету жолы

9

10

Музыка сабағында балалар аспаптарын қолдану

1. Балалар аспаптары. Түрлері.Атауы.

2. Аспаптарды пайдалану.

10

11

Аспаппен ән салу.

1. Б.Ғизатов «Төлдер» әні. 2. «Біз -өмірдің гүліміз» әні

11

12

К.Қуатбаев шығармалары

К.Қуатбаевтың «Ақ әжем» әні

12

13

Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында

1. Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасына арнаған өлеңдері.

2. Ән үйрену: «Желсіз түнде жарық ай» (2 дауыста)

3. Шығармашылық жұмыс. Табиғат сұлулығы Абай

13

14

Шертпе күйшілер.

1. Тәттімбет-шертпе күй шебері.

2. С.Тұрысбеков күйлері.

14

15

ДЭККО жанры.

1. ДЭККО жанры.

2. ДЭККО жанрын негізін салушылар

15

  1. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтар бойынша методикалық ұсыныстар.
1 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні.

Мақсаты: Бастауыш сыныптардағы музыка пәнінің ерекшелігі мен басқа пәндермен ұқсастығын тұғындыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Музыка сабағы – мектептегі оқу пәні ретінде.

2. Музыка сабағының спецификалық ерекшелігі.

3. Мектептегі басқа пәндермен ұқсастығы.

4. Музыка мұғалімнің педагогикалық-психологиялық даярлығы.

Әдістемелік ұсыныс: Мектептегі музыка пәні туралы ойларын ортаға салады. Пәнні спецификалық ерекшелігі мен басқа пәндермен байланысын толтырады.
Музыка пәні

Ерекшелігі Ұқсастығы
Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сбақтарға тән ортақ ұқсастықтары және өнер саласына тән ерекше айырмашылықтары бар.

1. Мектептегі барлық пәндік сабақтар сияқты музыка сабағы да педагогикалық-психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылардың жас ерекшеліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой-санасы, қиялы т.б.

2. Жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылады. Оқыта отырып тәрбиелеу принципі т.б.

3. Сабақта көркемдік пен техникалық бірліктің іске асырылуы және көрнекті құралдар (интерактивті тақта, компьютер, үнтаспа, күйсандық, музыкалық аспаптар т.б.)

4. Педагогикалық технологиялар мен әдіс- тәсілдерге сүйену т.б.
Музыка пәні басқа пәндерден кейбір жағдайларда ерекшеленеді:

1. Ең негізгісі-оның өнер сабағы екендігінде.

2. Музыканы тыңдау, қабылдау барысында адамның психологиясына әсер беруі.

3. Музыка сабағы эмоция мен саналықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементі оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс.

4. Музыкалық іс -әрекеттер: ән салу, аспапта ойнау, дауыс жаттықтыру, музыка тыңдау

5. Импровизация (түрлендіру)

Принциптері:

Саналылық принципі. Егер оқушы үйретілетін әннің мазмұнын терең саналы түрде түсінсе, ол ән айту дағдыларын тезірек меңгереді. Ноталарды үйрену болса, ол ән мәтінін дұрыс үйренуге, қателерді жібермеуге көмектеседі. Ең алғашқы күннен бастап, оқушыларды ән айту қалыбының, сөзді дұрыс, анық айтуын, тыныс алудың не үшін қажетті екенін түсінуі тиіс.

Көрнекілік при-пі әнді үйретпес бұрын оқытушы оны өзі орындап көрсетеді, бұл көрнекілікке жатады. Дирижерлық қимыл, түрлі суреттер, ырғақты би қимылдары,иллюстрациялар т.б.

Қызығушылық пен белсенділік пр-і. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан-жақты әдәс-тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйретілетін ән немесе тыңдатылатын музыкалық шығарманың ерекше құндылығын ескеруі тиіс. Егер балалар сабаққа қызықса, олардың белсенділігі артады.

Ұғымдылық пр-і мұғалім өтілетін материалдың балаға қаншалықты ұғымды болатынын білуі тиіс. Сыныпта бір шығарманы 20 оқушы үйренер болса, 5-і тез, 10-ы біраз қиындықпен қабылдаса, 5-і тіпті қабылдамауы мүмкін.

Жас және жеке ерекшелігін ескеру принципі. Әрбір үйрететін ән баланың жас ерекшелігіне қарай таңдалып алынады. Ерекше қабілетті балалар хорға, вокальдық үйірмелерге тартылады. Дауыс мүмкіншіліктері шамалы, бірақ қызығушылығы бар балаларды өнердің басқа түрлеріне тартуға болады.

Әдістері. Синтез және анализ. Шығарманың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу оны талдау . Екі сипаттағы шығарманы алып, екеуін салыстыру.

Қорытындылау - балаларды ойлауға тәрбиелейді, жетілдіреді, ойын тұжырымдай білуге дағдыландырады.

Алдын шолу, өткенге оралуосы әдіс арқылы мұғалім төмендегідей мәселелерді шешіп ала-алады.:

    1. Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде тезірек игеріледі.

    2. Өткен тақырып пысықталынады.

    3. Мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, байланыстыра түседі.

Әдебиеттер:

1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

3.Меңдіғалиева Музыкалық тәрбие әдістемесі.

2Практикалық сабақ

Тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі Музыка бағдарламалары

Мақсаты: Бағдарлама ерекшелігімен таныстыру және электрондық кітаппен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. М.Х.Балтабаев ұсынған «Елім-ай» бағдарламасы.

2. Тоқсан тақырыптарына

Әдістемелік ұсыныс: Бағдарламаларға сипаттама жасай отырып, Елім-ай бағдарламасының электрондық кітабын талдайды.
3 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы музыкалық тәрбие.

Мақсаты: Бастауыш сынып ерекшеліктеріне тоқталу.

Негізгі сұрақтар: 1. 1-сыныпқа сипаттама 2. Бірінші сыныптағы

Әдістемелік ұсыныс: Әр сыныпқа психологиялық сипаттама беріледі. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, репертуарлырымен танысады, үнтаспадан тыңдайды, талдайды, орындайды.
4 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыкалық сабағындағы іс-әрекет түрлері.

Мақсаты: Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Іс-әрекет түрлері.

2. Ән үйрету кезеңі

Әдістемелік ұсыныс: Хормен ән салу. Ән айту. Дауыс жаттықтыру. Музыка тыңдау т.б. іс-әрекет түрлерімен танысып, әр қайсысының ерекшеліктерін талдайды. Шығармаларды тыңдап, орындап талдайды. Сабақта музыкалық аспап, үнтаспа қолданылады.
5 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокальдық жаттығулардың ролі

Мақсаты:Дауыс жаттығулары түрлерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Дауыс жаттығулары. Міндеттері.

2. Әннің сөзін дұрыс айта білуге үйрету

3. Әнді дұрыс айта алмайтын оқушылармен жұмыс жасау жолдары.

Әдістемелік ұсыныс: Дауыс жаттықтыру түрлеріне тоқталып, не үшін қажеттігін анықтап, шығармаларға дауыс жаттықтырады.
6 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Күй және оның түрлері

Мақсаты: Күй және оның түрлерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Төкпе және шертпе күйлер.

2. Тарихи, арнау, лирикалық, аңыз күйлер.

Әдістемелік ұсыныс: Күй өнері туралы кеңінен мәлімет беріледі. Төкпе және Шертпе күйлерді талдайды.. Тақырыбы мен мазмұнына қарай арнау, тарихи, аңыз, лирикалық, табиғатқа арналған т.б. күйлерді талдайды, үнтаспадан тыңдайды.
7 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Айтыс өнері

Мақсаты: Айтыс сөзінің мән-мағынасын ұғындыру, айтыс түрлерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Айтыс өнері.

2. Айтыс түрлері

3. С.Мұхамеджанов «Бүгін қай күн» әнін үйрет.

4. «Жар –жар» халық әнін үйрет.

Әдістемелік ұсыныс:

Тапсырма №1 Айтыс сөзінің мағынасын аш.

Сөз жарыстыру

тартысу сынасу

шешендік өнер айтысу

екі адамның дауласу

арасында тапқырлық суырыпсалмалылық

Айтыс - қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол - суырып салма ақындық өнерінің жемісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихы байқалады.

Тапсырма №1 Айтыс түрлеріне тоқтал. Әр топ жеке-жеке презентация жасайды.

Айтыстың түрлері, көтерілетін тақырыптары сан алуан. Айтыс өнері мазмұны мен тақырыбына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

1. Бәдік айтысы;

2.Жар-жар айтысы;

3. Қыз бен жігіт айтысы;

4.Ақындар айтысы;

5. Қайым айтысы;

6. Мысал айтыс т.б.

Әдебиеттер: 1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка.

3-сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

8 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыка пәнінің сабақ жоспары және оны есепке алу

Мақсаты: Музыка пәні құрылымымен таныстыру, сабақ жоспарын құруға үйрету.

Негізгі сұрақтар:

1. Музыка сабағын жоспарлау (әр сабақ, тоқсандық, жылдық)

2. Сабақ конспектісін құру, есепке алу

Әдістемелік ұсыныс: Сабақта 1-4 сыныптарға арналған музыка оқулықтары қолданылады. Әр студентке бір тақырыптан беріліп, сабақ жоспарын құрып үйренеді.
9 Практикалық сабақ

Тақырыбы: И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» әні.

Мақсаты: И.Нүсіпбаевтың «Домбырасыз сән қайда» әнін үйрету.

Негізгі сұрақтар:

1. Сазгер және ән туралы түсінік.

2. Әнді үйрету жолы.

Әдістемелік ұсыныс: Әнді аспапта тыңдап, әнді сөзімен дирижерлық қимылмен үйренеді. Сабақта фортепиано музыкалық аспабы қолданылады.
10 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Музыка сабағында балалар аспаптарын қолдану.

Мақсаты: Музыкалық аспаптармен таныстырып, оларды сабақта қолдану жолын үйрету.

Негізгі сұрақтар:

1. Балалар аспаптары. Түрлері.Атауы.

2. Аспаптарды пайдалану.

Әдістемелік ұсыныс: сабақта музыкалық аспап түрлері қолданылады. Әр қайсысына сипаттама беріліп, аңызы айтылып, үндерін тыңдайды.
11 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Аспаппен ән салу

Мақсаты: Б.Ғизатов әндерімен таныстыру, үйрету.

Негізгі сұрақтар:

1. Б.Ғизатов «Төлдер» әні

2. «Біз -өмірдің гүліміз» әні

Әдістемелік ұсыныс: Б.Ғизатов әндері тыңдатылып, аспаппен қосылып «Төлдер», «Біз-өмірдің гүліміз» т.б. әндерін орындайды.
12 Практикалық сабақ

Тақырыбы: К.Қуатбаев шығармалары

Мақсаты: Сазгер шығармаларымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар: К.Қуатбаевтың «Ақ әжем» әні

Әдістемелік ұсыныс: Сабақта сазгер шығармалары сөз болады. Оқулықтан, дискадан сазгердің өзі туралы мағлұматтар алады, әндері үйренеді, талдайды.
13 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында

Мақсаты:Абай шығармаларының ерекшелігін ашу, талдауға үйрету.

Негізгі сұрақтар:

1 Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасына арнаған өлеңдері.

2. Ән үйрену: «Желсіз түнде жарық ай» (2 дауыста)

3. Шығармашылық жұмыс. Табиғат сұлулығы Абай

Әдістемелік ұсыныс: Абай әндері мен күйлерін тыңдап, сурет салып, әндерін орындайды.
14 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Шертпе күйшілер.

Мақсаты: Шертпе күй жанрымен танысу.

Негізгі сұрақтар:

Шертпе күй дегеніміз не?

Шертпе күйшілерді атаңыз?

Шертпе күйлердің аңызын әңгімеле?

Әдістемелік ұсыныс: Шертпе күйшілер Тәттімбет, Сүгір, С.Тұрысбеков т.б. өмірі мен күйлеріне тоқталады. Үнтаспадан өздері дайындап әкелген күйлерін тыңдап, талдайды.
15 Практикалық сабақ

Тақырыбы: ДЭККО жанры

Мақсаты: ДЭККО жанры туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

1. ДЭККО жанры.

2. ДЭККО жанрын негізін салушы кім

3. Осы жанрды дамытып жүрген топтар немесе күйшілер, орындаушыларды ата?

Әдістемелік ұсыныс: Ж.Еңсепов туралы баяндама жасалады. ДЭККО жанрына сипаттама беріледі. Күйлерін тыңдайды.

ОЖСӨЖ

№1 ОЖСӨЖ тақырыбы: XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының музыкалық - эстетикалық көзқарастары.

Мақсаты:Қазақ ағартушыларының көзқарастарымен танысу.

Өту формасы: Семинар сабақ.

Тапсырма, сұрақтар: 1. Ш.Уәлихановтың эстетикалық көзқарасы.

2. Ы.Алтынсариннің эстетикалық көзқарасы.

3. А.Құнанбаевтың эстетикалық көзқарасы.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер үш топқа бөлініп, алдын-ала бөлінген тақырыптар бойынша баяндама жасайды.

Әдебиеттер: [ 1]; [ 5]; [8];
№2 ОЖСӨЖ тақырыбы: Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқыту принциптері мен әдістері.

Мақсаты: Музыка сабағын ұйымдастыру.

Өту формасы: Семинар

Тапсырма, сұрақтар:

1. Музыка сабағының принциптері

2. Музыка сабағында қолданылатын әдістер

Әдістемелік ұсыныс: Төмендегі принциптерге тоқталу, талдау.

Саналылық принципі. Егер оқушы үйретілетін әннің мазмұнын терең саналы түрде түсінсе, ол ән айту дағдыларын тезірек меңгереді. Ноталарды үйрену болса, ол ән мәтінін дұрыс үйренуге, қателерді жібермеуге көмектеседі. Ең алғашқы күннен бастап, оқушыларды ән айту қалыбының, сөзді дұрыс, анық айтуын, тыныс алудың не үшін қажетті екенін түсінуі тиіс.

Көрнекілік при-пі әнді үйретпес бұрын оқытушы оны өзі орындап көрсетеді, бұл көрнекілікке жатады. Дирижерлық қимыл, түрлі суреттер, ырғақты би қимылдары,иллюстрациялар т.б.

Қызығушылық пен белсенділік пр-і. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан-жақты әдәс-тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйретілетін ән немесе тыңдатылатын музыкалық шығарманың ерекше құндылығын ескеруі тиіс. Егер балалар сабаққа қызықса, олардың белсенділігі артады.

Ұғымдылық пр-і мұғалім өтілетін материалдың балаға қаншалықты ұғымды болатынын білуі тиіс. Сыныпта бір шығарманы 20 оқушы үйренер болса, 5-і тез, 10-ы біраз қиындықпен қабылдаса, 5-і тіпті қабылдамауы мүмкін.

Жас және жеке ерекшелігін ескеру принципі. Әрбір үйрететін ән баланың жас ерекшелігіне қарай таңдалып алынады. Ерекше қабілетті балалар хорға, вокальдық үйірмелерге тартылады. Дауыс мүмкіншіліктері шамалы, бірақ қызығушылығы бар балаларды өнердің басқа түрлеріне тартуға болады.

Әдістері. Синтез және анализ. Шығарманың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу оны талдау . Екі сипаттағы шығарманы алып, екеуін салыстыру.

Қорытындылау - балаларды ойлауға тәрбиелейді, жетілдіреді, ойын тұжырымдай білуге дағдыландырады.

Алдын шолу, өткенге оралуосы әдіс арқылы мұғалім төмендегідей мәселелерді шешіп ала-алады.:

    1. Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде тезірек игеріледі.

    2. Өткен тақырып пысықталынады.

    3. Мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, байланыстыра түседі.

Әдебиеттер:

1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

3.Меңдіғалиева Музыкалық тәрбие әдістемесі.

№3 ОЖСӨЖ тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі музыка бағдарламалары. Мақсаттары. Міндеттері.

Мақсаты: Музыка бағдарламаларын талдау.

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: Музыка бағдарламалары

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі-екіден бөлініп, алдын-ала үйден әзірленіп келген сұрақтарға жауап береді. Д.В.Кабалевский ұсынған бағдарлама қалай аталады, қандай музыка бағдарламалары бар? қазақ мектебіне арналған музыка бағдарламасы қалай аталады және авторлары кімдер? Музыка бағдарламалары бір-бірінен қалай ерекшеленеді т.б. сұрақтарға презентация жасайды. Сабақта компьютер немесе мультимедийлік құралдар, плакат, маркерлер т.б. пайдаланылады.

Әдебиеттер:

1. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001 / 13-14 бет/

3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов

№4 ОЖСӨЖ тақырыбы: М.Балтабаевтың «Елім-ай» бағдарламасының ерекшеліктері

Мақсаты: 1 сыныпқа арналған «Елім-ай» бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталу.

Өту формасы: Семинар

Тапсырма, сұрақтар:

М.Балтабаевтың «Елім-ай» бағдарламасы

Бағдарлама ерекшеліктері

«Әсем саз» оқулығы

Бағдарламадағы тоқсан атаулары.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала берілген семинар сұрақтарына жауап береді

Әдебиеттер:

1. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001 / 13-14 бет/

3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов

№5 ОЖСӨЖ тақырыбы: Бағдарлама бойынша 1-2-3-4-сыныптардағы тоқсан тақырыптары.

Мақсаты: Елім-ай бағдарламасының тоқсан тақырыптарына тоқталу

Өту формасы: Баяндама. Пікірталас.

Тапсырма, сұрақтар:

  1. Елім-ай бағдарламасының тоқсан тақырыптарын ата?

  2. «Тұлпар» тоқсан тақырыбына тоқтал.

  3. «Сарыарқа» тоқсан тақырыбын талда

  4. «Аққу» тоқсан тақырыбы

  5. «Елім-ай» тоқсан тақырыбына тоқтал.

Әдістемелік ұсыныс: Топ екіге бөлініп отырады. Топтық тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Топ екіге бөлініп отырады. Топтық тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Сабақта «Әсем саз» және «музыка» атты (авторы М.Балтабаев) электронды оқулық пайдаланылады.

1. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001 / 13-14 бет/

3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов

№6 ОЖСӨЖ тақырыбы: 1-сыныпқа арналған тоқсан тақырыптары. Әндер мен күйлерге (аңыз, тарихи, арнау) тоқталу.

Мақсаты: Күй түрлеріне тоқталу.

Өту формасы: Практикалық

Тапсырма, сұрақтар:

  1. Күй жанры дегеніміз не?

  2. Күй жанры қалай бөлінеді?

  3. Тақырыбы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?

  4. Тарихи күйлерге тоқтал

  5. Аңыз күйлерге тоқтал

  6. Арнау күйлер дегеніміз?

Әдістемелік ұсыныс: Алдын-ала берілген сұрақтарға жауап беріп, үнтаспадан күйлер тыңдайды. Сабақта аспаптар, компьютер, күйсандық пайдаланылады.

Әдебиеттер:

1. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001 / 13-14 бет/

3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов

№7 ОЖСӨЖ тақырыбы: Ән үйрету кезеңі

Мақсаты: музыка сабағындағы ән үйрету кезеңіне тоқталу.

Өту формасы: Топтық жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар:

1. И.Нүсіпбаевт «Қызыл жалау» әні

2. Әнді орындап көрсету. Ән туралы әңгіме. Әнді үйрету

үйрету жолы.

Әдістемелік ұсыныс: Әнді тыңдайды. Әнді талдайды. Әнді қимылмен, нотамен, дирижерлық қимылмен, фразаларға бөліп, жолдармен үйренеді.

Әдебиеттер: И.Нүсіпбаев «Мектеп вальсі» Алматы.
№8 ОЖСӨЖ тақырыбы: Ән үйрету кезеңі

№9 ОЖСӨЖ тақырыбы: Музыка тыңдау кезеңі

Мақсаты: Музыканы тыңдай және талдай алуға үйрету.

Өту формасы: Практикалық

Тапсырма, сұрақтар: Григтің «Утро» шығармасы. Шығармашылық жұмыс.

Әдістемелік ұсыныс: Әуелі студенттерге шығармадан үзінді тыңдатылады. Шығарманы тыңдай отырып, музыкадан алған әсерлерін ақ қағазға түсіреді және сол шығарманы қалай атар еді, атын қояды.

Әдебиеттер:

1. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001
№10 ОЖСӨЖ тақырыбы: Дауыс жаттығу түрлері

Мақсаты: Ән айтудағы дауыс аппараттарын дұрыс сақтап, айтуға тәрбиелеу.

Өту формасы: Топтық

Тапсырма, сұрақтар: Дикцияға арналған дауыс жаттығулары

Әдістемелік ұсыныс: Сабақта фортепиано аспабы қолданылады. Аспаппен дауыс жаттығу түрлерін орындайды.

Әдебиеттер:

1. Меңдіғалиева Г. Музыкалық тәрбие әдістемесі.Алматы, 1985.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

№11 ОЖСӨЖ тақырыбы: 2 сыныпқа арналған ән-күйлермен танысу

Мақсаты:Екінші сыныптағы музыкалық тәрби түрімен танысу.

Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: Екінші сыныптағы музыкалық тәрбие қалай жүргізіледі

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздеріне бөлінген тапсырмалар бойынша екінші сыныпта музыкалық тәрбие қалай жүргізіледі соны талдайды, презентация жасайды. Әндерін, тыңдатылатын күйлерге т.б.

Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

№12 ОЖСӨЖ тақырыбы: Күйлерге сипаттама. Тыңдау.

Мақсаты: Күй түрлеріне тоқталу.

Өту формасы: Практикалық

Тапсырма, сұрақтар:

  1. Күй жанры дегеніміз не?

  2. Күй жанры қалай бөлінеді?

  3. Тақырыбы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?

  4. Тарихи күйлерге тоқтал

  5. Аңыз күйлерге тоқтал

  6. Арнау күйлер дегеніміз?

Әдістемелік ұсыныс: Алдын-ала берілген сұрақтарға жауап беріп, үнтаспадан күйлер тыңдайды. Сабақта аспаптар, компьютер, күйсандық пайдаланылады.

Әдебиеттер:

1. Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

2. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001 / 13-14 бет/

3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов

№13 ОЖСӨЖ тақырыбы: Үшінші сыныпқа арналған ән мен күй

Мақсаты: Үшінші сыныптағы музыкалық тәрби түрімен танысу.

Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: Үшінші сыныптағы музыкалық тәрбие қалай жүргізіледі

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздеріне бөлінген тапсырмалар бойынша үшінші сыныпта музыкалық тәрбие қалай жүргізіледі соны талдайды, презентация жасайды. Әндерін, тыңдатылатын күйлерге т.б.

Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 3 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

№14 ОЖСӨЖ тақырыбы Айтыс түрлері: Бәдік, жар-жар. ақындар, қыз бен жігіт, оқушылар, осы күнгі, өлі мен тірі, мысал айтыстар.

Мақсаты: айтыс өнері және оның түрлерімен таныстыру.

Өту формасы: Семинар

Тапсырма, сұрақтар:

Негізгі сұрақтар:

1. Айтыс өнері.

2. Айтыс түрлері

3. С.Мұхамеджанов «Бүгін қай күн» әнін үйрет.

4. «Жар –жар» халық әнін үйрет.

Әдістемелік ұсыныс:

Тапсырма №1 Айтыс сөзінің мағынасын аш.

Сөз жарыстыру

тартысу сынасу

шешендік өнер айтысу

екі адамның дауласу

арасында тапқырлық суырыпсалмалылық

Әдістемелік ұсыныс: Қолды тізеге қойып, түзеу отырылады. Оқытушы дауыс жаттықтыруда әрбір орындалатын жаттығулардың мағынасын, не үшін қажет және қалай айтылу керектігін түсіндіреді.
№15 ОЖСӨЖ тақырыбы: Төртінші сыныптағы ән мен күй

Мақсаты: Төртінші сыныптағы музыкалық тәрби түрімен танысу.

Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: Төртінші сыныптағы музыкалық тәрбие қалай жүргізіледі

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздеріне бөлінген тапсырмалар бойынша төртінші сыныпта музыкалық тәрбие қалай жүргізіледі соны талдайды, презентация жасайды. Әндерін, тыңдатылатын күйлерге т.б.

Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 4 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.

2. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед. инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983

3. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

№16 ОЖСӨЖ тақырыбы: «Әлем халықтарының музыкасы.

Мақсаты: қазақ халқының ән –күйлерімен бірге өзге ұлт музыкасынан хабардар ету.

Өту формасы: Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар: «Достық», «Орыс халық музыкасы», «Кавказ халықтарының музыкасы», «Өзбек халықтарының музыкасы», «Қырғыз халықтарының музыкасы», «Ұйғыр халықтарының музыкасы», «Татар халықтарының музыкасы», «Қазақ халқының музыкасы»

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Тапсырмалар бойынша сазгер туралы білетіндерін ортаға салады. Екінші тапсырма бойынша презентация жасайды.

Әдебиеттер: 1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 4 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.
№17 ОЖСӨЖ тақырыбы: Аспаптар туралы аңыздар. «Мұңлық пен Запрлық», «Қорқыт – қобыз», «Жетігеннің жетеуі» т.б.

Мақсаты: Студенттердің аспаптар туралы түсінігін қалыптастыру.

Өту формасы: Практикалық

Тапсырма, сұрақтар:

Аспаптар қалай топтасады.

Суреттеріне қарап аспаптар атауын жаз.

Үндеріне қарай атауын жаз.

Аңыздарын әңгімеле

Әдістемелік ұсыныс: Сабақ компьютерлік сыныпта жүргізіледі. Сабақта музыкалық аспаптар, компьютер және Музыка атты электронды оқулық пайдаланылады.

Әдебиеттер:

1. Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. 1-2 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998

2. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.
№18 ОЖСӨЖ тақырыбы: И.Нүсіпбаев – балалар композиторы және әндері.

Мақсаты: Сазгер әндерімен таныстыру.

Өту формасы: Хормен ән салу.

Тапсырма, сұрақтар: 1. И.Нүсіпбаевт «Қызыл жалау» әні

2. Әнді орындап көрсету. Ән туралы әңгіме. Әнді үйрету

үйрету жолы.

Әдістемелік ұсыныс: Музыкалық аспап көмегімен әнді үйренеді. Өлшемдер туралы ойларын ортаға салады. Өлшемдерге мысал келтіре отырып, әндерді дирижерлап, хормен жұмыс жасайды.

Әдебиеттер:

1. Ғизатов Б.Г. Мектептегі ән музыка сабағы. Алматы, 1968.

2. И.Нүсіпбаев Балалар әндер жинағы. Алматы.
№19 ОЖСӨЖ тақырыбы: Ғизатов Б.Г «Біз -өмірдің гүліміз» әні

Мақсаты: Әннің мән-мағынасын түсініп, өлшемін дирижерлап үйрену.

Өту формасы: Хормен жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар: Шығарманың өлшемі бойынша дирижерлық сетка жаса.

Қандай өлшемдерді білесің?

Жай және күрделі өлшемдерге мысал келтір.

Әдістемелік ұсыныс: Өлшемдер туралы ойларын ортаға салады. Өлшемдерге мысал келтіре отырып, әндерді дирижерлап, хормен жұмыс жасайды.

Әдебиеттер:

1. Ғизатов Б.Г. Мектептегі ән музыка сабағы. Алматы, 1968.

2. И.Нүсіпбаев Балалар әндер жинағы. Алматы.

№ 20 ОЖСӨЖ тақырыбы: Б.Ғизатов шығармалары.

Мақсаты: Б.Ғизатов және оның әндерімен таныстыру, үйрету.

Өту формасы: Хормен ән салу Аспапта ойнау.

Тапсырма, сұрақтар:

Б.Ғизатов әнімен жұмыс жаса. Әнді екі дауыста орындау. Әнді хормен дирижерлап, орында.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Бірінші тапсырма бойынша сазгер туралы білетіндерін ортаға салады. Екінші тапсырма бойынша екі топта сазгердің бір әнін алып презентация жасайды.

Әдебиеттер: 1. Ғизатов Б.Г. Мектептегі ән музыка сабағы. Алматы
№ 21 ОЖСӨЖ тақырыбы: Әндерді дирижерлау

Мақсаты: Өлшем туралы түсініктерін молайтып, дирижерлауға үйрену.

Өту формасы: Хормен жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар: Өлшем дегеніміз не?

Қандай өлшемдерді білесің?

Жай және күрделі өлшемдерге мысал келтір.

Әдістемелік ұсыныс: Өлшемдер туралы ойларын ортаға салады. Өлшемдерге мысал келтіре отырып, әндерді дирижерлап, хормен жұмыс жасайды.

Әдебиеттер:
№ 22 ОЖСӨЖ тақырыбы: К.Қуатбаев шығармалары.

Мақсаты: К.Қуатбаев және оның әндерімен таныстыру, үйрету.

Өту формасы: Хормен жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар: К.Қуатбаев әнімен жұмыс жаса. Әнді екі дауыста орындау. Әнді хормен дирижерлап, орында.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Бірінші тапсырма бойынша сазгер туралы білетіндерін ортаға салады. Екінші тапсырма бойынша екі топта сазгердің бір әнін алып презентация жасайды.

Әдебиеттер: 1.Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева Б.Сүлейменова Музыка. 1 сыныпқа арналған оқулық. Алматы, 1998.
№ 23 ОЖСӨЖ тақырыбы К.Қуатбаев әндерін дирижерлау.

Мақсаты: Өлшем туралы түсініктерін молайтып, дирижерлауға үйрену

Өту формасы: Хормен жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар: К.Қуатбаев әнімен жұмыс жаса. Әнді екі дауыста орындау. Әнді хормен дирижерлап, орында.
Әдістемелік ұсыныс: Әрбір студентке жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Карточкамен жұмыс жасай отырып, сұрақтарға жауап береді. Топ студенттері сұрақтарды толықтырады.

Әдебиеттер: [2]; [3]; [12 ];
№ 24 ОЖСӨЖ тақырыбы: Интегративтік оқыту технологиясы

Мақсаты: Интегративтік оқыту технологиясына сипаттама беру.

Өту формасы: Пікірталас

Тапсырма, сұрақтар: Интеграция дегеніміз не?

Интеграцияланған сабақ жоспарын құр.

Әдістемелік ұсыныс: Әр қайсысы жеке-жеке орындайды

Әдебиеттер:
№ 25 ОЖСӨЖ тақырыбы: Абай-ақын, Абай-сазгер, Абай-суретші.

Мақсаты: Интеграцияланған сабақты жүргізіп үйрену.

Өту формасы: Пікірталас. Презентация.

Тапсырма, сұрақтар: Абай-ақын, Абай-сазгер, Абай-суретші.

Әдістемелік ұсыныс:Студенттер үш топқа бөлінеді. Топтық тапсырмалар арқылы презентация жасайды

Әдебиеттер: Ш.Б.Құлманова, М.А.Оразалиева, Б.Сүлейменова Музыка. Хрестоматия. 4 сыныпқа арналған. Алматы, 1998.
№ 26 ОЖСӨЖ тақырыбы: Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы т.б. күйлері, шығу тарихы

Мақсаты: Құрманғаз, Дәулеткерей т.б. күйлерімен таныстыру.

Өту формасы: Интерактивті әдістер: Топпен. Мозайка. Презентация жасау.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Құрманғазы кім? /өз ойларын салу/

Дәулеткерей туралы не білесің?/Шеңберді толтыр/.

2 тапсырма 1.Кез-келген бір күйін алып әңгімелеп таныстыр /Презентация жасау/. . Күйлерін орында немесе тыңдату.

2 Дәулеткерейдің «Короғлы», «Құдаша», «Қос алқа» т.б. күйлеріне презентация жасау.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер екі немесе үш топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Бірінші тапсырма бойынша Құрманғазы Сағырбайұлы туралы білетіндерін ортаға салады. Екінші тапсырма бойынша ккі топта Құрманғазының бір күйін алып презентация жасайды. Ол студенттердің шығармашылық ойлауына байланысты /күйін орындап беру немесе суретін салу, аңызын әңгімелеу т.б./. Дәулеткерей туралы әңгімелеп, күйлеріне шолу. Студенттер екі топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Тапсырма бойынша екі топта Дәулеткерейдің «Короғлы», «Құдаша», «Қос алқа» т.б күйлерін алып презентация жасайды. Ол студенттердің шығармашылық ойлауына байланысты.

Әдебиеттер:

1. Құрманғазы. Сарыарқа. Алматы.

2. Е.Үсенов Домбыра үйрену мектебі. Алматы

3. Тастанов Домбыра үйрену.

4. Ө. Спанов Домбыра үйренейік. Қазақ орта мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Алматы, «Әуен» 1992.

5. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.

6. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры: Көпшілік қауымға арналған. Алматы: Ана тілі, 1994. /10-16/
№ 27 ОЖСӨЖ тақырыбы Шертпе күйшілер.

Мақсаты: Шертпе күй түрі және оның өкілі, шертпе күйші – Тәттімбетпен таныстыру.

Өту формасы: Шығармашылық конференция.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма «Тәттімбет және күй»

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер алдын-ала дайындалып келген тақырыптарында қызықты баяндамалар жасайды. Конференцияда оқитын баяндамасын презентация түрінде немесе мультимедийлік құралдармен немесе жай баяндамуға да болады. Ол студенттердің шығармашылық ойлауына байланысты. Баяндамашыға соңынан аудитория өз сұрақтарын қояды

Әдебиеттер:

1. Құрманғазы. Сарыарқа. Алматы.

2. Е.Үсенов Домбыра үйрену мектебі. Алматы

3. Тастанов Домбыра үйрену.

4. Ө. Спанов Домбыра үйренейік. Қазақ орта мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Алматы, «Әуен» 1992.

5. Б.Сарыбаев «Қазақтың ұлттық аспаптары.

6. Бейсенбекұлы О. Сазды аспаптар сыры: Көпшілік қауымға арналған. Алматы: Ана тілі, 1994. /10-16/
№ 28 ОЖСӨЖ тақырыбы: Мерекелік сценарий

Мақсаты: Мекрекелік кештерге сценарий құрып үйрену.

Өту формасы: Топтық жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар: Мерекелік кештерге сценарий құр.

Әдістемелік ұсыныс: Топпен бірлесіп жұмыс жасалынады.

Әдебиеттер:

1. Осеннева М.С., Безбородова Л.А. Методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. Пособие для студ. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академия», 2001

2. Бастауыш мектеп журналдары
№ 29 ОЖСӨЖ тақырыбы: Хор партитурасымен жұмыс.

Мақсаты: Партитура туралы түсінік қалыптастыру.

Өту формасы: Хормен жұмыс.

Тапсырма, сұрақтар: Партитура деп нені айтамыз?

Хор партитураларымен қалай жұмыс жасаймыз?

Дирижердың міндеті қандай?

Әдістемелік ұсыныс: Әрбір студентке жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Карточкамен жұмыс жасай отырып, сұрақтарға жауап береді. Топ студенттері сұрақтарды толықтырады

Әдебиеттер: [2]; [8]; [14 ];
№ 30 ОЖСӨЖ тақырыбы: : ДЭККО жанрындағы күйлерді тыңдау. «Адай», «Әке толғауы» т.б.

Мақсаты: ДЭККО жанры туралы түсінік қалыптастыру.

Өту формасы: Пікірталас.

Тапсырма, сұрақтар:

1. ДЭККО жанры дегеніміз не?.

2. ДЭККО жанрын негізін салушылар

Әдістемелік ұсыныс: Құрманғазының «Адай», Ж.Еңсеповтың «Әке толғауы» күйлерін тыңдау.

Әдебиеттер: [2]; [12]

8. Курс бойынша қамтылмаған.

9. Студенттің өзіндік жұмысына /СӨЖ/ арналған материалдар:

(үйге берілетін материалдар мәтіні, өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б.)

Рефераттар.

1. Әл-Фараби еңбегіндегі музыканы қабылдау психологиясының негізі /Реферат/.

2. Қазақтың ұлттық және балалар аспаптары /Альбом жасау/.

3. Б.Ғизатов әндері «Реферат».

4. Ж.Еңсепов және әндері мен күйлері (Баяндама)
Өзін-өзі тексеру материалдары:

Глоссарий

Өлшем- белгілі бір такт ішіндегі әлді және әлсіз үлестердің жүйелі түрде қайталанып келуі.

Епін – музыкалық шығарманың мазмұнын, бразын, сипатын нақты беру үшін қойылатын белгі.

Марш екпіні- салтанатты, салмақты.

Вальс- жеңіл, көңілді

Реприза-кез-келген музыкалық шығарманың белгілі бір саласын сол күйінде өзгеріссіз қайталау.

Вольта- шығарма аяғы әртүрлі болса вольта белгісі қойылады.

Пауза- тыныс белгісі

Лига-бір немесе әртүрлі биіктіктегі ноталардың аралығының бөлінбей жалғаса орындалуы.

Альтерация-дыбыстарды жарты тонға төмен немесе жоғары қозғау.

Диез -дыбысты жарты тонға жоғарылату

Бемоль - дыбысты жарты тонға төмендету

Бекар- дыбыс күшін жою

Динамика- музыкалық шығармалардың күшейіп немесе бәсеңдей құбыла орындалуы.

Пиано- дыбыс күшінің жай шығуы

Пианиссимо- дыбыс күші өте ақырын шығуы

Меццо-форте- дыбыстың орташа шығуы

Форте- дыбыс күшінің қатты шығуы

Хор-біршеше дауыстардың қосылып ән салатын тобы

Оркестр-дыбыс саздары әртүрлі, әр алуан, құрылысы мен дыбыс реңктері неше түрлі музыкалық аспаптарда орындайтын музыканттар тобы

Вариация- (өзгеру, түрлену) музыкалық шығармадағы негізгі тақырыптың екпін, ырғақ, динамика арқылы түрлі өзгеріске ұшырап, құбылып отыруы

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

1. Музыкалық-эстетикалық тәрбие.

2. Музыка тәрбиесінің тарихы (Ежелгі дүние, Орта ғасыр, Қайта өрлеу)

3. Музыкалық тәрбие (Ресей, Қазақстан)

4. Шет елдердегі музыкалық тәрбие

5. Музыка принциптері.

6. Музыка әдістері.

7. Музыка бағдарламалары ( Д.Б.Кабалевский, Ә.Райымбергенов)

8. «Елім-ай» бағдарламасы. «Әсем саз оқулығына түсінік беру.

9. Бастауыш сыныптардағы музыкалық тәрбие.

10. Күй және күйшілер.

11. Музыкалық іс-әрекеттер

12 Музыкалық қабылдау

13. Интегративтік технология

14. Хор және оның түрлері

15. Хор партиясын құрайтын дауыстар

16. Вокалды хор жаттығулары

17. Балалар дауысы және оны сақтау

18. Музыка сабағын жоспарлау

19. Балалар сазгерлері

20. Аспаптар классификациясы

21. Бастауыш сынып- музыка- мұғалім-музыкант

22. Музыкалық жанр түрлері

23. Сал-серілер

24. Сыныптан тыс музыкалық тәрбие

25. Балалар мейрамдары мен бос уақыттары

26. Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс
Емтиханға дайындық сұрақтары:

1. БМ музыканы үйрету теориясы мен технологиясы пәні, міндеттері.

2. Музыка - өнер пәні және тәрбие құралы.

3. Эстетикалық тәрбие мәні, міндеттері.

4. Мектептегі эстетикалық тәрбие

5. Сыныптан тыс атқарылатын тәрбие жұмыстарының эстетикалық мүмкіншілігі.

6. Ш.Уәлихановтың эстетикалық көзқарасы

7. Ы.Алтынсариннің эстетикалық көзқарасы

8. А.Құнанбайұлының эстетикалық көзқарасы

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет