Бөж орындаған: Сүлеймен Айсезім Қабылдаған: Нуритдинов Баховатдин



бет2/4
Дата13.11.2022
өлшемі28,8 Kb.
#157938
1   2   3   4
Байланысты:
ТЕО
17 hhgggg
 – деп жазады. 
Жалпы «достық пен қатысы болмау» (әл-уәлә уәл бәра) принціпі бойынша дұшпандық пен өшпенділіктің қазіргі күндегі шыңы болып қазіргі таңда сәләфиттік ағымдағы жихадтық қанатының идеологы Әбү Мұхаммед Әл-Мақдисидің «Ибрахимнің діні» (Милләту Ибрахим) атты тыйым салынған кітабын есептеуге болады. Осы орайда радикалды мәжбүрленген талас-тартыс, жауласу және өшпенділік халінен шығару үшін осы принціптерді түзету өте маңызды. 
Біріншіден, бұл соғыс пен агрессияға негізделген ұстаным, яғни жаулармен соғыс пен агрессия жағдайында уәлә (достық, одақ құру, жақтаушылық, қорғаушылық және көмек) көрсетпеу. «Әт Тәуба және Мумтахана» сүрелерінің көптеген аяттарында осы туралы айтылады. Мысалы, «Асылында, Алла сендердің өздеріңмен дін үшін щайқасқан, сендерді үйлеріңнен қуып шығарған, әрі қуып шығаруға көмектескендерді дос тұтуларыңа тыйым салады. Ал кім оларды дос тұтса, әне, солар – залымдар»3 (Құран 60:9) бұл аят уәлә (достық, одақ құру, жақтаушылық, қорғаушылық және көмек) түсінігі дерексіз түрде айтылған аяттарға нақты мысал болады. «Әл Мумтахана» сүресінің бірінші аятының түсуіне себеп пайғамбар (оған Алланың мейірімі мен сәлемі болсын) мен оның сахабаларының әрекеттерін мұсылмандармен жауласқан меккелік пұтқа табынушыларға хабар берген Хатиб ибн Әби Бәлтааның оқиғасы болып табылады. 
Екіншіден, қатысы болмау (бәра) қағида бойынша, ол белгілі бір жеке тұлғаларға емес, күнәлі әрекеттер мен істерге қатысты жарияланады. Мысалы: «Ал, егер олар саған асылық танытса, «Ақиқатында, сендердің істеп жүргендеріңе менің қатысым жоқ,» (Құран 26:216). «Ал, егер олар сені өтірікші десе, «Маған өз ісім, сендерге өз істерің тиесілі. Сендер менің істегеніме қатысты емессіңдер, мен де сендердің істегендеріңе қатысты емеспін,» - деп айт» (Құран 10:41). «Ақиқатында, мен Алланы куә етемін, әрі сендер де куә болыңдар. Расында сендердің құдайға қосқан серттеріңе мүлде қатысым жоқ»(11:54). «Бірде Ибрахим әкесіне және қаумына: «Шын мәнінде, сендердің табынғандарыңа менің еш қатысым жоқ,» - деген-ді»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет