Бөж орындаған: Сүлеймен Айсезім Қабылдаған: Нуритдинов Баховатдин



бет3/4
Дата13.11.2022
өлшемі28,8 Kb.
#157938
1   2   3   4
Байланысты:
ТЕО
17 hhgggg
 (Құран43:26). Пайғамбар (оған Алланың мейірімі мен сәлемі болсын) күнәлі іс-әрекеттерге қатысы жоқтығын хабарлаған. Мысалы, Бәну Жәзима туралы хадисте ол екі рет: «Уа, Алла! Халидтің ісіне менің қатысым жоқ,» - деп қайталаған еді. Қазіргі таңдағы ғұламалар әл-уәлә принціпі нақты жеке тұлғаларға емес, күнәлі іс-әрекеттерге қатысты екендігін айтады. 
Үшіншіден, әл-уәлә сөзі көп мағыналы термин болып табылады. Ол бірнеше мағына береді соның ішінде, жақындық, қамқоршылық, одақ құру, достық, жақсы көру көмек көрсету және тағы басқа мағыналарды қамтиды. Мысалы, хадисте: «Неке тек қамқоршының (уәли) рұқсатымен ғана» делінді немесе аятта: «Алла – иман келтіргендердің қамқоршысы» (Құран 2:257). 
Төртіншіден, такфир мақсатымен әл-уәла уәл-бәра принціпін негізсіз жалпылаған ең бірінші топ харижиттер, одан кейін шиитер. Осы орайда, мұсылман үмметінің ертеректегі көптеген ғалымдары олардың әл-уәлә уәл-бәра принціптерін жалпы түрде түсінулерін айыптаған еді. Имам Ахмадтың ұлы Абдулла «Китабус-сунна» еңбегінде Әлидің, Әбу Саид Әл-Худри мен басқа сахабалардың әл-уәлә уәл-бәра дегеніміз діндегі жаңашылдық (бидғат) деген сөздерін жеткізеді. 9. Қади Әбу Яғля «Тәбақатүл ханабилә» еңбегінде Ахмад ибн Хәнбәлдің мынадай сөзін жеткізеді: «Әл-уәлә – жаңашылдық (бидғат), әл-бәра – жаманшылдық (бидғат). Бұл – «Біздің мынада қатысымыз бар, мынада қатысымыз жоқ,» дейтіндердің сөзі. Бұл сөздер жаңашылдық болып саналады, олардан сақтаныңдар»
Бесіншіден, әл-уәла уәл-бәра принціпін негізсіз жалпылау иман келтіргендермен соғыс жағдайында емес дінсіздерге көмек көрсетіге (бирр) және қолдауға рұқсат еткен аятқа қарама-қарсы келеді: Ол аятта: «Алла өздеріңмен дін үшін соғыспаған әрі үйлеріңнен шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға турашыл болуларыңа тыйым салмайды. Асылында Алла турашылдарды жақсы көреді»(Құран 60:8), «Және адамдарға жақсы сөз айтыңдар»(Құран 2:83). Иман келтіргенді көпқұдайлыққа мәжбүрлейтін ата-аналарға қатысты Құранда былай делінген: «Бірақ ол екеуіне осы дүниеде ізгілікпен жолдастық жаса»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет