Циклограмма І апта (қазан 2021ж.) «Күншуақ» кіші тобы Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»



бет1/30
Дата01.03.2022
өлшемі187,51 Kb.
#133853
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қазан кіші топ циклограмма
790 білімді ұлт, мми тест

ЦИКЛОГРАММА
І апта (қазан 2021ж.)
« Күншуақ» кіші тобы
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Тақырыпша: «Менің жанұям

Күн тәртібі

Дүйсенбі
04.10.21

Сейсенбі
05.10.21

Сәрсенбі
06.10.21

Бейсенбі
07.10.21

Жұма
08.10.21




Балаларды қабылдау
Ата-аналармен әңгімелесу
8.00-8.40
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау.




«Қажет суретті тап»
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластилиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т. б.

Құрылыс ойындары
«Үй жиһаздары» «Қуыршақтарға үй құрастырамыз».

«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.

Әдемі кілемшелер
Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Үстел үсті ойындар: «Үйшік» құрастыр. .Балалармен достары туралы әңімелесу.

Таңертеңгі гимнастика
8.40-8.55

Қазан айының 1- аптасына арналған таңғы жаттығу кешені. Жаттығу кешені қосымша тіркелген
Мақсаты: Жалпы даму жаттығуларын дұрыс жасай отырып, баланың қимыл-қозғалысын шыңдау




Таңғы ас 8.55-9.10

«Ас – адамның қуаты» М-ы:Астың денсаулыққа пайдалығын жеткізу. Көркем сөз: «Асың болса,досың көп»
Ойын жаттығу :
Білсін мұны балалар,
Сусыз құрғақ далалар.
Сусыз қараң қалалар,
Ескертеміз бар ұлға,
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.




Ойындар, ҰОҚ дайындық


9.10-9.20



Шаттық шеңбері: «Арайлы таң»
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң бақшамыз




Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет-тері 9.20-10.00

  1. Денешынықтыру

/жалаушамен, әуенмен/ Үйрету
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап жүгіру. шеңберге тұрарда себеттен екі жалауша алу. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Жалпы даму жаттығулары
Б.қ.: «Желбірейді жалау»
1. Аяқтары иық мөлшерінде. Жалаушаны жоғары созып ұстайды. Жалаушаны және басты оң – сол жаққа қисайту. /4 рет қайталау/
Б.қ.: «Әткеншек»
2. Аяқтары алшақ қойылған, жалаушалар төменде. Жалаушаларды артқа- алдыға қарай сермеу. /5 рет/
Б.қ.: «Кім жылдам»
3. Аяқтарын алшық қою, отыру жалаушаны алға созу,тұру жоғары көтеру.
Б. қ.: «Жұлдызша»
4. Аяқты бірге, денені тік ұстау. Жалауша белде. Орнында секіріп аяқты және жалаушаны жанға созу
Б.қ.: «Көңілді жалауша»
5. Аяқтарын алшақ қою, жалаушалар жоғары көтеріп,секіру.
Тыныс алу жаттығулары: «Үйшік» - тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды бастан асыра көтеріп, «үйшік» сияқты біріктіреді, демді ішке тартады, қолды төмен түсіріп, денені босатып демді шығарады.
Қимыл-қозғалыс жаттығулары.
-Доға астынан еңбектеп өту
Қимылды ойын: « Құстар жем жейді»
Қорытынды:
Бір саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/ Маршпен жүру. «Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет