Cынып сағаты Ұстаздар – ұлы тұлға. Сабақтың мақсаты



Дата20.07.2020
өлшемі18,11 Kb.
#63399
түріСабақ

Cынып сағаты

Ұстаздар – ұлы тұлға.

Сабақтың мақсаты:

бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету; жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру; ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, сурет, гүлдер, шарлар

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікір алмасу, әңгіме.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз

Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті

арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.

Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.

Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,

Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

Негізгі бөлім

1-оқушы: 
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, 
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. 
Қуанышты жарқын тілек білдіріп 
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды. 
2- оқушы: 
Үйретіп өмір ұстамын, 
Үлгілі іске нұсқадың 
Ақ көңіл іскер қашанда 
Ақылшым менің –ұстазым 
3- оқушы: 
Көзімдегі шырағым 
Ол – өзіңсің мұғалім 
Сенен жиған білім-нәр 
Нәрсені мол ұғамын. 
Зәулім де асқақ шынарым 
Жүрек жылы жыр-әнім. 


4- оқушы: 
Тек биіктер шығарым 
Ақылшы бек мұғалім 
Жаныма серік еткенмін 
Білімнің қайнар бұлағын. 
Кеңейтіп сана түлеткен, 
Өшер ме есімің жүректен? 
5- оқушы: 
Құйылады жыр ағын 
Көптен дара пырағым 
Құтты болсын мерекең 
Заңғар тұлға мұғалім! 
Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік! 
М - мейірімді 
Ұ- ұлағатты 
Ғ- ғазиз 
А- ақылды 
Л- лайықты 
І- іскер 
М- маман 


Проблемалық сұрақтар:
Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.
1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.
3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.
Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?


Қорытынды:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу – мінездің күн щуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы. 
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын./8/ 
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! 
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздар – ұлы тұлға» атты сынып сағатымыз аяқталды. 

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет