Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?



бет21/28
Дата26.08.2017
өлшемі3,96 Mb.
#28198
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

Бүркітбайдың түкірігі сол жақтағы үстелде бұқиып бірдеңе жазып отырған есепшінің оң жақ бетіне шылп ете түсті. Есепші ыржың етіп басын бір көтерді де, бетін алақанымен сипай салды. Содан соң қағазына қайта бұқиып, жағына Бүркітбайдың түкірігі емес, нақ бір құдайдың жылы жаңбыры тигендей масайрап, мыңқ етпестен отыра берді. Есепші жігіт біздің ауылдың Тұрсын деген баласы болатын. «Тұрсын, төбеңнен құдай ұрсын» дедім мен ішімнен оның бетіндегі Бүркітбайдың насыбай аралас түкірігінің айғыз-айғыз ізін көріп тұрып.

Бүркітбай рақаттана түкіріп тастап, қатты бауырсақ шайнағандай, аузын қайта-қайта малжандатып, тышқанның боғындай түйіртпек насыбайдан әлдебір әл алғандай боп, алдындағы әйелге одан сайын тесірейе қарады.

- Сендер, немене, соғыс бітті, енді Бүркітбайдың сөзінің бұты бір тиын деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, соғыс бітсе, соғыстан бүлінген дүниені қалпына келтіру бар. Бұл да соғыстан кем емес. Ендеше Бүркітбайдың бұрынғы бұйрығы - бұйрық, оның бұрынғыдай, ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс! Біліп қойындар мұны. Ертеңнен бастап өзің шөпке жұмысқа барасың. Ал балаң тракторға шығады.

— Бала тәуір боп қалды, барсын, - деді әйел тамағы кеберсігі, үш-төрт сөзді бөліп-бөліп әрең айтып. - Ал маған екі-үш күн аял бер, Бөке, қатты ауырып жүрмін.

Әйел бойындағы бар қасіретті жүзіне жинап, Бүркітбайға жалына қарады.

— «Ауырып жүрмін», - деп кекетті Бүркітбай оны. - Ауырсаң, жұмыс басында ел, білдің бе, үйде жатпа. Кеуденде жаның болса, ертең сені шөп басынан көретін болайын, білдің бе? Ал өйтпесең, онда менен жақсылық күтпе, білдің бе?

Әйел амалсыз көнгендей боп, басын изеді. Содан соң үнсіз орнынан тұрып, есікке қарай беттеді.

— Әй, қатын, тоқта, - деді Бүркітбай әйелге жеки ақырып. - Неге үндемей барасың: шығасың ба өзін жұмысқа, жоқ па?

— Өмір бойы осы колхоздың жұмысымен көзіміз шығып келеді ғой, Бөке. Ауырған соң, амалсыздан бір күн қалып едім. Жарайды, өлсем, сол шөбіңнің басында-ақ өлейін, - деді әйел. - Ауданға барып, дәрігерге қаралып келемін бе деп едім, жібермедің ғой. Қайтейін.

Бұл әйелдің кім екенін ол токтап, кейін бұрылғанда бір-ак білдім. Ері мен үлкен ұлы соғыста өлген Канша апай екен. Со-ғыста өлген үлкен үлы менімен түйдей кұрдас еді. Қолындағы кенжесі біз соғыска кеткенде кішкентай бала болатын. Сол есейіп, әжетке жарап, қаршадайынан жүмыс істеп, шешесіне сүйеніш болып жүр деп естігенмін.

— Сәлеметсіз бе, Қанша апай? - дедім әйел председательге акырғы жауабын беріп болғаннан кейін. Канша апай да мені енді таныды.

— Аманбысың, айналайын, Ербол екенсін ғой, - деп жақын-дап кеп, бетімнен сүйді. - Кашан келдің? Окуың бітті ме, кал-кам?

— Кеше келдім, окып жүрмін әлі.

— Нарша байғүс куанып, ақ түйенін карны жарылып жатыр десеңші онда. Жарайды, қалқам, үйлеріңе барып жолығамын ғой, - деп Қанша апай қайтадан есікке қарай беттеді.

— Әй, қатын, - деді Бүркітбай әйелді тағы тоқтатып. Қанша апайдың әкесі азан шақырып қойған аты Бүркітбай үшін мүлде өшкен сияқты, қайта-қайта «қатын» деп атайды. - Дәрігер сенің не теңің, жұмысқа бара бер. Егер балаң ертен тракторға жанар-май тасуға шықпаса, онда ауданнан мелитса шақыртып, айдатып жіберемін ұлынды. Білдің бе?

Бүркітбайдың бар құқ айына төрт жылдан бері шарасыз көніп келе жатқан жесір әйел бір ауыз қарсы сөз айтпастан, тағы да бас изеп, есіктен шығып кетті.

Бұрынғы бригадирімнін мынадай боп кеткеніне мен тан кал-дым. Алғашында оның сәлемімді алмағанына ренжіп калып едім. Артынан әлгі сорлы әйелдіңсонша жәбірленгенін көргенде оған зығырданым кайнады. Өзімді-өзім әрең ұстап, оған кайтадан сәлем бердім.

— Ау, сен қайдан жүрсің? - деді ол сәлемімді алған болып. Мен жөнімді айтып, тілшілік куәлігімді көрсеттім.

— Е, тілші деген қалада отырмайтын ба еді, - деді ол енді мені мысқылдап. - Жұрт қалаға жете алмай жүрсе, сен Алматыдан облыс келігі, облыстан ауылға шапқылап жүргенің қызық екен. «Сары иттің басын сары табаққа салса, шоршып түседі» деген осы-ау, - деп ол өзінен-өзі рақаттанып, кеңкілдеп кеп күлді. «Сары ит - сенсің, - дегім келді оған. - Шашың да, қасың да, шарықтабақтай бетің де сары. Сен өңкиген сары аюсың!» Бірақ әдеп сақтап, жасы үлкен кісімен тайталаспадым. Жөн жауап бердім.

— Қала қайда қашар дейсіз, - дедім де койдым. Бүркітбай тағы кеңкілдеді.

— «Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар» деген кайда? Жалпақ жұрт сыйып жатқан қалаға сенің бір басыңның сыймағаны қиын екен, шырағым. Жарайды, жарайды, қалаға сыймасаң - дала кең. Өзің біл.

«Бұл қақпас неге менен ауылды қызғанып тұр?» деп ойладым ішімнен. Оның себебін артынан білдім.

— Ал, менде не шаруаң бар, тілші болсаң? - деді Бүркітбай арт жағынан оны біреу ауыздықпен шаужайлап отырғандай, екі езуін кезек қайшылап.

— Бірінші шаруам сізге сәлем беру еді. Оны әрең орындадым. Берген сәлемді алмайтын боп кетіпсіз. Екінші айтарым - колхозшы әйелмен жаңағыдай сөйлесуіңіз дұрыс емес. Сіз ол кісіні өзімнің меншікті күңім деп ойлайсыз ба? Жоқ, олай емес. Ол кісі осы колхоздың қожаларының бірі.

— Оны кім айтты саған?

— Партия.

— Маған ақыл үйрететін кімсің сен өзің?

— Облыстық партия комитетінің тілі - «Алатау жұлдызы» газетінің қызметкерімін.

Бүркітбай булығып, үндей алмай қалды. Мен бұрылдым да, қоштаспастан шығып кеттім.

Ертеңінде қалаға қайтпақ болып, Төкешті іздеп, төменгі ауылға қарай беттеп, мектептің қасынан өтіп бара жаттым.

— Аға-а-а! - деп торғайдай шырылдаған бір бала дауысы шықты артымнан.

Жалт карасам, шашы жалбыраған бір кішкентай қыз соңымнан жүгіріп келеді екен. Мен тоқтап, тосып алдым.

— Аға, сізді мұғалім тәтем, - деді кішкентай қыз ентігін баса алмай, - Сәлима тәтем шақырады. Өзі класта отыр.

Осы кезде мектептен жамырай жүгіріп, басқа балалар шықты.

Мен Сәлиманың осында мұғалім екенін білетінмін. Бірақ барып жолықпаған болатынмын. Өзі шақырған сон, барайын деп мектепке қарай бұрылдым. Колхоз кеңсесі мектептіңдәл қасында еді. Оның сығырайған кішкене екі терезесі әлдекімді андығандай боп, мектеп жаққа жұтына, жымия қарап, телміріп тұратын.

Бұрынғы у-шуы кеп, орталау мектеп соғыс кезінде жабылып, бастауыш мектепке айналған. Оның тұтас бір жақ жартысын колхоз алып, астық қоймасы етіп жібергенін естіген болатынмын. Өзімнің ең алғаш қанат қағып ұшқан ұям болғандықтан ба, әлде өмірлік жар болар деген үмітпен ең алғаш құшақтаған қызым Сәлима ішінде отырғандықтан ба, әйтеуір, мектептің табалдырығын аттай бере жүрегім қатты лүпілдеп кетті. Сәлима екеуміз ең алғаш рет сүйіскен класта, мұғалім үстелінің басында, есікке қырыңдау отыр екен. Онын қарсысындағы өзім бала күнімнен таныс парталар бұрыш-бұрышы күшіктің құлағындай делдиіп: «Апырау, мынау Ербол ма?» деп, жапырлай маған қарасқан сияқты болды.

Есіктің ашылған дыбысын естіп, Сәлима жазып отырған журналының бетін жапты да, мойнын бұрды. Класқа кірген адамның кім екенін білген соң, орнынан ауыр көтеріліп, мен үшін өзгеше бір жат қимылмен, үйрекше, екі жағына кезек теңселе басып, бері қарай аяңдады. Ол өзіме жақындағанда іші едәуір білініп қалған екі қабат екенін аңғардым. Бұрынғы әппақ беті тарғақтың жұмыртқасындай тарғылданып, әр жеріне әжімге әсте ұқсамайтын жалпақ, қызғылт сызықтар тартылыпты. Екі қабат әйелдің бетіне «ноқта» түседі деген осы екен ғой дегі ойладым. Сәлиманың бұрын да бір баласы бар деп еститінмін. Ішіндегі екіншісі болар деп жорамалдадым.

Сәлима маған қол беріп амандасты. Мен де одан артыққа бармадым. Тарғыл бет, шартиған іш, үйрек аяң - бәрі маған біртүрлі жатта, жиіркеніштілеу де көрінеді. Бірақ мұнымды сездірмеуге тырыстым.

Сәлима алдымен өзі барып сәлем бере алмай жатқанына кешірім сұрады.

— Соғыс кезінде келгенінде де көре алмап едім, - деді.

— Оқасы жоқ, Сәлима, - дедім мен. - Оз халың қалай?

— Халдың несін сұрайсын? - деп күрсінді ол үстел жанындағы өз орнына отырын жатып. Мен шәкірт сияқтанып, оның алдындағы бірінші партаға жайғастым. - Қара түнде адасып, қанғып, елсіз шөл далаға шығандап кеткен адамда не хал болушы еді?

Мен үндемедім. Сәлиманың жүрегіндегі ескі жараның аузын тырнағым келмеді. Бірақ Сәлима өз жайын мен сұрамай-ақ баяндай бастады.

— Мен сені ешқашан да кінәламаймын, - деп бастады ол сөзін. - Осалдың омыртқасын омырып, беріктің белін бүгілдіріп кеткен соғысты кінәлап, жас өмірімді мәңгілік өшпес өртке салып кеткен соған лағнег айтамын. Осалдық жасап, омырылып қалғаныма өкінемін, өзімді кінәлаймын.

— Осылай деді ме? Тура осылай деді ме, ағай? - деп Меңтай білегімнен ұстай алды.

— Иә, - деп мен басымды изедім.

— Түу, ағай, қандай жақсы болған. Мен сіз Сәлимамен кездесіп, ол тура осылай деп, өз қатесін сіздің алдыңызда мойындаса деп ойлаушы едім. Кездескеніңіз, Сәлиманың осылай дегені қандай жақсы болған!

Меңтай арқасынан әлде бір ауыр жүк түскендей, ішіне сыймай жүрген осы бір мойындау сөзін Сәлима емес, бейне бір езі айтқандай боп, масайрап, рақаттанып қалды.

— Сәлима бұдан басқа да бірсыпыра сөздер айтты.

— Енді ретімен айта беріңіз, ағай. Маған ең керегі жаңағы мойындауы еді, - деп Меңтай қайтадан сабырлы қалпына келді.

— Өзімді кінәлайтыным, - деді Сәлима ауыр бір күрсініп алып, - мен анау Танадай тұрақты бола алмадым. Сым қоршаудың ішінде болса да ол қазір сүйгенінің қасында жүр. Шын ғашыққа одан артық мұрат бар ма?

— Тананың қайда екенін біледі екен ғой, - деді Майра.

— Біледі екен...

— Ойлап қарасам, менің саған жазған соңғы хатым аққудың ақырғы әніндей бопты, Ербол, - деп Сәлима тағы бір күрсініп алды.

— Ол хат әлі күнге дейін сақтаулы, - дедім мен.

Сәлима басын изеді.

— Онда мен шешен де, шебер де екенмін. Ақын болсам деген талап бар еді ғой онда кеудеде. Соның бәрі мына сары шалдың, саңырау дүлейдің, - Сәлима мектеп сыртындағы колхоз кеңсесі жақты нұсқады, - алқасында қалды. Тұяғы қанданып, тұмсығы майланып, қорбандап, жас жемтіктің кеудесін кеулеп жатқан кәрі қасқырдай күйге жеткен соң ақын емес, ақымақ қылды ғой ол мені.

— Сен әлі де акынсың, Сәлима, - дедім мен. - Мына сөздеріңнің өзі тегіліп тұрған теңеу ғой.

— Акындық қайда енді бізге, - деп күрсінді ол. - Бала-шағамен қалдық қой біз. Ал сен нағыз журналист боп кетіпсің, Ербол. Жазгандарыңның бәрін газеттерден үзбестен оқып жатамын.

— Нағыз журналист болуға әлі ерте ғой, - дедім мен басымды шайқап. Сәлима да басын шайқады.

— Жоқ, жок, рас айтамын.

Осьгдан соң ол сәл ойланып, үнсіз қалды да, алғашқы баста-ған әңгімесін қайтадан жалғады.

— Тағы да айтамын, Ербол, мен сені ешқашан да кінәламаймын. Тұл - жетім, жар - жесір болып, әр кеудеде жүрек орнына жүдырықтай мұз жатқан, әр адамның кезінен аққан қанды жасы екі бетті кислотадай күйдірген сұрапыл соғыс жылдарының азабын, зардабын кім ұмытады дейсің. Бұл да сол мындаған жанның жүрегінде қалған тарқамас шердің бірі ғана ғой. Оның үстіне өмір бойы өзімді кінәлап өтермін дедім емес пе жаңа. Егер үнім жетсе, мен бар қызға, қыз боп туар болашақ бар ұрпаққа былай деп жар салар едім: «Қыздар, бай деп, бақты деп ешқашан да шалға шықпандар. Жаның сүйген тең құрбы, до-сыңа балғын бал көңілмен берген уәденді өлсең де бұзба!» дер едім. Бірақ менің үнімді кім естиді, кімге айтамын? Сөзінде тұра алмай сорлаған, шатасып, шалға шыққан Сәлиманың ендігі сөзі кімге керек, кімге дәрі...

— Түу, байғұстың жағдайы қиын екен ғой, аяп кеттім ғой, - деді Майра. Меңтайдың да мөлтілдеп көзіне жас келген сияқтанды. Мен әңгімемді ары қарай жалғадым.

— Осы арада Сәлима ексіп жылап қоя берді. Оның жылағанын көріп отырып, өзім де қиналдым. Бірақ, қиналғанмен менің қолымнан келер не бар? Сәлима ексігін тоқтата алмай, қайта-қайта жылай берді. Оның ендігі сезі екі өксік арасында айтылып қалған үзік-үзік ойлар түрінде жалғасты. Ол маған шал күйеуінің соғыстан соңғы бір жыл ішінде өзіне істеген зәбірін жеткізді. Бұл ауылда Бүркітбай етегін ашпаған жас әйел, әңі бүтін орта жастағы қатын кемде-кем көрінеді деді.

— Бұл қорлыққа көнгенше өлгеннің өзін хош көрген сәттерім де болды, Ербол, - деді ол тағы бір ексіп алып. - Алайда мезгілсіз жан шықпайды екен кеудеден. Әлі күнге дейін өлмей, тірі келемін. Бірақ тек тірі жан дегенің болмаса, мендегі ендігі тіршілік шамалы боп қалды бұл күнде. Әйтеуір бала-шаға болған соң бой үйреніп, кендігіп кетіп бара жатырмын, тенізге лақтырылған бір кесек тастың су түбіне қарай сыбдырсыз домала-ғанына ұқсап.

Сәлима көзінің жасын сүртіп, сөзін жинақтай бастады.

— Сені терезеден көрген соң, шыдамай шақырттым, Ербол. Келгеніне рақмет, саған шағып, ішімдегі шемен шерім біраз босап қалғандай болды...

Осы кезде сарт етіп, класс бөлмесінің есігі ашылды. Екеуміз де жалт қарадық. Түсі оңа бастаған көк көздері құтырған иттің көзіндей қанталап, оқ тиіп долырған сары аюдай қорбаңдап, Бүркітбай кіріп келе жатыр.

— Ә, екі ғашық, қол ұстасып, отырсыңдар ма сыбырласып, - деді ол тістене, тақпақтай сөйлеп. Содан соң Сәлиманың қасына келді де, үнемі тершіп, быршып жүретін жалпақ алақанымен жағынан сылп еткізіп тартып кеп жіберді.

— Әкеңнің аузын... Сен менің қатыным екеніңді ұмытып қалған боларсың тегі...

Аюдың табанындай ауыр алақанымен Сәлиманы беттен салып қалғанда «Ойпырай, өлтіреді-ау мына бейшараны» деп жаным шығып, орнымнан атып тұрдым.

— Неге ұрасың, не жазығым бар? - деді Сәлима жылап жіберіп.

— О, шешеңді... Міне жазығың! - деп ол, әйелінің екінші бетінен және тартып жіберді. - Кет үйге қазір.

Менің көз алдым тұманданып, өзімді-өзім әрең ұстап қалдым. Оның үстіне жаумен соғысқа болмаса, мен өзі бала күнімнен ауылдың жаяу төбелесіне жоқ жанмын. Қазір қызбаланып, жағасынан алсам, мына аю сары шалдың осы минутта шапқылап ауданға барып: «Мені тілші сабады», - деп өзін-өзі өтірік жаралап, жалған жала жауып, соттатып жіберуі хақ. Сондықтан не де болса шыдап, ернімді тістеп, үндемей бақтым.

Екі бетін басып, еңкілдеп жылап, Сәлима есікке қарай ұмтылды. Егер Сәлима екіқабат болмаса, мына дүлей оны жығып салып, насыбай толы қалың ернін тістеніп алып, ішке тепкілейтіндей еді.

— Мұныңыз дұрыс емес қой, ақсақал, - дедім мен бұл сәтте бар қолымнан келгені осы болып.

— Мен сенен ақыл сұрамаймын, - деді ол былш еткізіп партаға түкіріп. Содан соң есікке қарай аяңдады да, тоқтай қалып және тістене сөйледі. - Үлкен үйдің итаяғынан жұғын дәметкен бұралқы күшікше ілмимей, жайыңа кетсең өзің!

Маңдайымнан қара тер бұрқ ете түсті. «Мұның кеше қаладан Далаға неге келдің деп домбытпалап отырғаны осы екен ғой. Менің әйелімді торып келдің дегені екен ғой» деп ойладым. Сары аюдың нақақ жаласына жаным күйді.

Бүркітбай бар ашуымен есікті тарс еткізе жауып, шығып кетті. Ол Сәлима екеуміз бала күнімізде оңашаланып келіп, бірінші рет сүйіскен класс бөлмесін, мектептің баска жағын қойма, атқора етіп алғаны сияқты, абақты етіп, соған мені тас қып қамап кеткендей болды.

Осылай деп мен үнсіз отырып қалдым. Қос қыз да бастарын шайқап, ауыр мұңға батқандай болды. Енді мен әңгіменің аяғын тиянақтадым.

— Сол жолы Бүркітбай Тұтқышевқа қатты ыза болып кеткен едім. Оның жалғыз Сәлимаға ғана емес, Қанша апайға көрсеткен жәбірі де жадымда жүрген. Қанша ыза болсам да Бүркітбайды маған бірден жыға қою оңай емес кой. Өйткені мен жас журналиспін ғой әлі. Ал Бүркітбай болса жас аңшыға кездескен кәрі қабан іспеттес. Алыстан және жанды жерінен дәл көздеп атпаса, жаралы қабан аңғал жас аңшының өзін де жайратып кетпей ме? Осыны ойладым да, мен Бүркітбайдың Сәлимаға байланысты арсыздықтарын былай қойып, оның колхозшылармен дөкірлігін сынап, Қанша апайға - көрсеткен зәбірін баяндап газетке «Әй, қатын...» деген фельетон жаздым. Өйткені Сәлима туралысын айтсам: «Бұл менің әйелімнің бұрынғы жігіті болатын. Сондықтан өштікпен жазып отыр» деп бассалар да, басқалар соған иланып қалар деп ойладым. Соным дұрыс бопты. Кейіннен Аудандық партия комитетінде жаңағы мен жазған фельетон талқыланғанда ол шынында да солай деп шатыпты. Кейбіреулердің Бүркітбайды қолдағанына қарамастан, бюро колхозшылармен дөкірлігі және колхоз шаруасын ақсатқаны үшін оған сөгіс жариялапты. Егер мұндай қылықтары қайталанса, орнынан алынатындығын ескертіпті.

Осы кезде баска бір үйден шығып, сары кідір тартқан ақсары әйел қасымызға келді.

— Апа, бері жақында, мына Ербол деген балаңмен таныс. Біздің бірге оқитын жолдасымыз, - деді Майра әйелге.

Мен орнымнан ұшып тұрып, басымды иіп, үлкен кісіге сәлем бердім.

— Сәлеметсіз ба, апа?

— Аман-есенбісің, шырағым. Күйлі-қуатты жүрмісің, жаным. - Содан соң әйел қызына қарады. - Майра, қалқам-ау, тал түс болды. Қонақтарыңа шай қайнатып бермейсіңдер ме? - деді.

— Қазір, қазір, апа, әңгімелесіп отырып қалдық, - деді Майра ақталып. Меңтай екеуі тез орындарынан тұрып, беседка сыртындағы қазандыққа қарай ұмтылды. Ақкофталы, қызыл юбкалы Меңтайдың сыртынан мен сұқтана қарап отырып қалдым.

Қос қыз бен қарт ана үшеулеп, лезде шай жасап әкелді.

— Қарағым, әкең бар ма? - деді қарт ана маған Майра арқылы шай ұсынып жатып.

— Жоқ, апа, соғыста өлді.

— Е, бақыр-ай, - деді ана ернін сылп еткізіп. - Біздің Майраның да әкесі соғыстан қайтпады.

— Білемін, апа. Майра айтқан болатын.

— Шешен бар шығар?

Мен басымды шайқадым.

— Е, бақыр-ай, - деп Майраның шешесі тағы да ернін сылп еткізді. Содан соң, менің әке-шешемнің жоқтығы ана жүрегінің әлдебір қылын қозғады ма, білмеймін, ол бұрынғысынан да мейірленіп, дастарқан үстіндегі май мен бауырсақты өз қолымен молырақ етіп, менің алдыма қарай ысырды.

— Жеп-іш, қарағым. Тойып ал.

— Иә, менің апам жақсы кісі, - деп Майра еркелеп, шешесіне басын сүйеді.

— Кімнің шешесі жаман дейсің? Баласының қасында басы қарайып отырған шешенің жаманы бола ма, қарағым, - деді қарт ана шайын ұрттай отырып.

Шайдан кейін Майра, Меңтай, мен үшеуміздің әңгімеміз қайтадан жалғасты.

* * *

— Жас баланың өз туған әке-шешесінің нендей адамдар екенін, олардың мінез-құлқы, қадыр-қасиеті қандай екенін білмейтіні сияқты, жас күнімізде бәрімізде туған халқымыздың бойындағы барлық қасиеттерді тегіс біле бермейді екенбіз. Әсіресе, оның кемшілік жақтарын көрмейді екенбіз, қыздар. «Халық - ана», «Халық - каһарман», «Халық - данышпан» деп жүре береміз. Онымыздың бәрі де рас. Бірақ жаксы адамның да басында кемшілігі болатыны сияқты, сол қаһарман, данышпан халықтың да бойында бір кінәрат болады екен. «Жеке адамдардың кемшілігіне халық кінәлі ме?» деп, екеуіңнің маған қарсы дау айтуларыңа да болар. Бірақ халық жеке адамдардан тұратын болғандықтан, мен олардың кемшілігін халықтың бойындағы мін деп отырмын. Сонда мен әйгілі академик Қаныш Сәтбаевтай, дүниенің төрт бұрышына кең танылған үлкен жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтей, дүлділ композиторлар Мұқан Төлебаев пен Ахмет Жұбановтай, бұлбұл әнші Күләш Байсейітовадай есімдері мәңгі жасайтын ұл, қыздары бар, дарынды, данышпан қазіргі қазақ қауымының басындағы мін арызқорлық деп түйдім.



Бұған өзім алты жарым айдай, яғни 190 күн тілші болып, ел аралағанда еркін көзім жеткендей болды. Өйткені мен сол 190 күннің тең жарымынан артығын арыз тексерумен өткіздім.

Бір жолы редактор шақырып алып, алыс ауданнан түскен арызды қолыма ұстатты.

— Ербол шырағым, осы хатты жақсылап тексеріп келші, - деді редактор. - Олай дейтінім, мұны жазып отырған мұғалім адам. Бұл кісіден бізге бұдан бұрын да бірнеше арыз келген. Қараңғы колхозшы емес, оқыған ауыл интеллигенті боп есептелетін бұндай адам неге арыз жаза береді екен, соның себебін білші.

Хатты алып, редакцияның бір бос бөлмесіне барып, оқи бастадым. Қарасам, дәптердің төрт бетіне жазған хаттың іші бықып тұрған қате. «Сауатын арызбен ашатын ағайындарым-ай» деп ішімнен тынып, хаттың аяғына қарасам, «Тілеуғали Рүстемғалиев» деп қол қойыпты. Аты-жөні маған таныс адам сияқты боп көрінді. Соғыста дәл осындай бір қаруласым болған еді, сол емес пе екен деп ойладым. Іздеп келсем, соның нақ өзі боп шықты. Мен өның арызына байланысты көп адамдармен әңғімелестім. Аудандык партия көмитетінің секретарымен де, ауатком председателімен де, прокурормен де, аудандык оқу бөлімінін менгерушісімен де сөйлестім. Бүлардан басқа адамдардың, Тілеуғалимен бірге қызмет істейтін мұғалімдердің ол туралы пікірлерін тындадым. Олар бір ауыздан менің ескі досымның оңбағандығын дәлелдеді. Солай екеніне өзімнің де кезім жетті. Осы кісі бір езі ғана екі жылдың ішінде жөғары орындарға әркімнің үстінен отыз екі арыз жазыпты. Соның бірде-бірі раска шықпаған. Отыз үшінші арызды қолыма ұстай отырып, мен ескі досымның езімен әңгімелестім. Ол бәрін де мойындады, «рас-талмағаны рас» деді.

— Ендеше расталмайтын арызды неге жазасыз, Тілеке? - дедім мен. Соғыстың талай сұрапыл кезеңдерін басымыздан бірге өткерген ескі дос болғанымызбен, ол менен 5-6 жас үлкен еді. Сондықтан мен оның жасының үлкендігін құрметтеп, осылай - «Тілеке» деп атадым.

— Біреудің үстінен бірдеңе жазбасам, отыра алмаймын, - деп ескі досым шынын айтты. - Біреуді жамандамасам, ішкенім ас болмайды. Тегі қанымда сондай бірдеңе бар ғой деймін,- деді ол. Оның қанында не бар, не жоғын тексергемін жоқ, білмеймін. Өйткені мен дәрігер емеспін. Бірақ журналист те дәрігер сияқты, ол да өзінің тексерген ісіне диагноз қояды, операция жасайды - кемшіліктен кұтылудың жөнін көрсетеді. Дәрігер операцияны адамның тәніне, журналист жанына жасайды. Теріс диагнозбен жанға жасалған операция адамды өмір бойы мүгедек етеді, сөйтіп оны баспасөзге деген сенімнен айырады, оған өштестіреді. Бұл жалпақ жұртқа жария болады. Ал тәнге жасалған операция теріс болса, адам өледі, ештеңені білмейді, ешкімге айта алмайды. Өлген адам тіріге қорқынышты емес. Екеуінің тағы бір айырмашылығы - дәрігер адамның бойынан ауру тапқанда оған жаны ашығанын айқын аңғартпайды, ішінде сақтайды; журналистің әр адамның бойынан кемшілік көрген сайын жаны ауырады, «бұл сорлы мұндай кесірге қайдан тап болды екен?» деп, өз-өзінен қиналады. Мен де қинала отырып, командировкадан қайтқаннан кейін, «Алатау жұлдызына» «Ескі досқа хат» деген үлкен мақала жаздым. Мен сендерге соның ен соңын ғана оқып берейін, қыздар. Мен арт жағымда, ақ жастықтың қасында жатқан қоңыр папкаға қол создым. Онда менің «Алатау жұлдызында» жариялан ған барлық мақалаларымның қиындылары бар еді. Жомартбекке көрсетіп мақтанайын деп облыстан Алматыға әдейі ала келген едім. Жомартбек жок болғандықтан келгеннен бері беті ашылмай жатқан бұл папканы мүмкін Меңтай мен Майраға көрсетермін деп, бағана осылай қарай шығарда қолтығыма қыса салғамын. Майра лып етіп, маған қол жалғап жіберді. Мен аталған мақаланың ең соңғы бағанасын оқи бастадым.

«... Досым, сен маған алғашында дипломыңның барлығын, сауатты екеніңді айттың. Сол кезде алдымда жатқан сенің арызыңның соңғы бетіне көзім түсті менің. Онда сен былай деп жазған екенсің.

«Редаксиядан (!?) сұрайтыным (?) менің осы хатмның (?) қата (?) Жер (?) болса түзетіп (?) Жазып (?) қостың (?) қосып, өңдеп (?) кәзит бетіне жазуды (?) сұраймын (?). Т а қ ы р ы б ы: «Ескіліктің Жат (?) әдеттеріне (?) Жол (?) беруші бастықтар» деп (?) басқа теме (?) алуыңа (?) болады (?). Тезірек тексеруіңді (?) сұраймын (?).

«Хат Жазушы (?) мұғалим (??) Тілеуғали (?) Рүстемғалиев(???)»

Сөзіңді тыңдап, жазуыңды оқи отырып, сен үшін мен қызардым, досым. Қырық шақты сөзден үлкенді-кішілі жиырмадай қате жіберіпсің. Жазуыңнан көрінген сауатсыздық сол жердегі сөзіңнен танылып тұрды сенің.

- Мені қудалап жүр. Сондықтан мектеп директорының жазалануын талап етемін, - дедің сен сөзіңнің соңында.

Сабақтың сапасын білу үшін комиссия құруын қудалау деп есептесең, онда директордікі дұрыс, Тілеуғали. Өйткені, директор мектептегі оқу-тәрбие жұмысына жауап береді. Ол бар оқушының барша пәннен сауатты болып шығуын көздейді. Ал, сен, шала сауаттысың, сенен оқып, ештеңе білмей шыққан баланың обалы кімге ертең? Сен осыны ойладың ба өзің? Ойласаң, олай демеген болар едің, әрине.

Мен ауданнан қайтқанда сен туралы дәнеңе жазбай-ақ қоярмын деп едім. Бірақ оным саған болысқандық болмайды екен, ескі дос. Сен тек өзімдікі жөн деп, өзгенің сөзін өрге бастырмайды екенсің. Қит етсе, иректеп арыз жазуға құмар көрінесің. Бұл оқиға сенің өміріңдегі бір рет еткен ағаттық болса, мен оны елемеген де болар едім. Бірақ бұл сенің сүйегіңе сіңіп бара жатқан дерт көрінеді. Сондықтан мен жүрегім сыздай отырып, осы хатты жолдауға мәжбүр болдым саған.

«Жалақор» деген жаман ат, Тілеуғали. Арызшылдық абырой әпермейді. Ескінің бұл жиіркенішті қалдығы жаңа өмірге жараспайды, коммунистік жаңа заман адамына лайық емес. Әсіресе, осы өмірді қорғау жолында қасықтай қанын, шыбындай жанын аямай, жаумен күрескен Отанның ер солдаты - сенің бойыңа сыйымсыз іс. Ойлан осыны. Коллективіңмен тату бол, жолдастарыңды сыйла; орынсыз арыз айтып, өтірік жала жауып, олардың тынышын алма, шырқын бұзба. Сонда олар да сені құрметтейді. Жалқаулықтан арыл, ерінбей ізденіп, сауатыңды аш. Сонда сені шәкірттерің қадірлейтін болады. Сен екеумізді майданда бір күні, бір жиналыста партияға алды. Соғыста ел үшін еткен ерлігіміз үшін ұлы партияның мүшесі болдық. Ендеше екеуміз әрқашан өзгелерге өнеге көрсетуге, майдандағыдай тек қана алға ұмтылуға тиіспіз, жауынгер дос.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет