Даналық шыңы –Махаббат



Дата31.12.2019
өлшемі0,9 Mb.
#54580
Даналық шыңы –Махаббат...



Бұл сезім 12 ақпанда 70 жасқа толатын Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өзінің бүкіл саналы өмірінің өмірлік ұстанымы болып табылады. Ол Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Сара Алпысқызы  «Бөбек» балалар қорының негізін қалаушы және «Өзін - өзі тану» рухани – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша жаңа білім беру бағдарламасының авторы.


1992 жылғы ақпаннан бастап Сара Алпысқызы  - қоғамға өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, балаларға рухани – адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге  байланысты  мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.  

Сара Алпысқызы «Бөбек» балалар қорының президенті бола, отбасылық үлгідегі балалар ауылдарын құру бойынша «SOS Киндердорф» Халықаралық қорының тәжірибесін негізге алып, 1994 жылдан бастап «SOS - Қазақстанның балалар ауылдары» Қорының президенті болды.  1999 жылғы наурыз айынан «Демография» қайырымдылық қоры қамқорлық кеңесінің төрайымы.


Сара Алпысқызы – қоғамның, адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды.
Сара Алпысқызы жетім және мүгедек балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ерен еңбегі үшін: 1 дәрежелі  Достық орденімен, Шыңғыс Айтматов атындағы  «Оқу мәдениеті мен өзін - өзі тану философиясына қосқан зор үлесі үшін» алтын медалімен, ЮНИСЕФ – БҰҰ балалар қорының Ескерткіш медалімен,  Ихсан Дограмачи атындағы Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық сыйлығымен, «SOS -  Киндердорф» Халықаралық қорының алтын медалімен, «Unity» халықаралық сыйлығымен марапатталған.

Сара Назарбаева өскелең ұрпақтың рухани-құрылуы және денсаулықты қорғау, білім беру саласындағы, қайырымдылық,  салауаттылықты қорғау саласындағы жемісті еңбегі  үшін Қазақстан Республикасы Білім беру саласының Құрметті маманы,  «Достық жұлдызы» Мемлекетаралық сыйлықтың лауреаты, «Курманджан Датка» - Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сыйлығының лауреаты болды.


Сара Алпысқызы Назарбаеваның Мерейтойы қарсаңында ата –аналар, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат мекемелері мен балалар үйлерінің бұрынғы түлектері, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мыңдаған қазақстандық балаларға аналық махаббаты мен қайырымдылық, жақсылық пен әдемілік үшін Өз жүрегінің жылуын сыйлап, қорғаушы болған адамға шын жүректен Ана деп мақтанышпен  өздерінің алғысын жолдайды.

"Өзін - өзі тану - адамгершілік - рухани құндылықтардың жаңаруы"

Ұлылардың бірінің айтқаны бар: «Тәрбиемен бас қатырып қанша қажеті бар? Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болды, оның өзі-ақ тәрбиелі болып шығады»


Адамгершілік пен рухани тәрбие мәселелері, жалпы ағарту мәселелері адамзаттың ақылды адамдарын әрқашан ойландырып келген. Адамның өмір шындығы құбылыстарын зерделеуіне жаңа мүмкіндіктер ашқан ағартушылықтың рөлі қай кезде де жоғары тұрған. М. Монтель айтқан: «Нағыз парасатты ағартушылық біздің ақылымызды да, ғұрыптарымызды да өзгертеді».

Бүгінгі ағарту тек білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен бірге балалар бойында ар-ождан, азаматтық және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытуды көздейді.


Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева білім берудегі жаңа көзқарас – адамгершілік-рухани ағартудың авторы болып табылады. Бұл жоба «Өзін-өзі тану» деген атқа ие болып, республикада 2002 жылдан бері қолданылып келеді.
Қазіргі кезде баланы жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу ісіне күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор.
Осы мақсатпен сайтта «Өзін-өзі тану – адамгершілік-рухани құндылықтардың жаңаруы» бөлімі ашылды.

– Сара Алпысқызы 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының зайыбы. 1962 жылы жанұя құрған. Үш әдемі қыздары бар. Тұңғыш қызы – Дариға 1963 жылы туған. Ал Динара есімді қызы –1967 жылы, Әлиясы – 1980 жылы өмірге келді. Нұрәли, Алтай, Айсұлтан, Венера, Дениза, Тияр атты немерелері бар. 2005 жылы шөбересі Алан өмірге келд


















Қазақстан Республикасында
балалар құқығы туралы сайт



 







 Балалар өміріне қажетті әлем 



 Аналарға және әкелерге арналған 








































Бас / Балалар / «Сенің шешімің» балалар қоғамдық қабылдауы







БАЛАЛАРДЫҢ Т¥РМЫС ЖАҒДАЙЫН ЖОҒАРЫЛАТУҒА ¥МТЫЛЫС
Р.П. Шер,

ҚР Білім және гылым мжистрлігі Балалар құқығын қоргау жөніндегі комитет төрагасының орынбасары

Қазақстан Республикасы 1989 жылы Б¥¥-ның Бала құқықтары туралы кон-венциясына қол қойды. Бұл құжат 1994 жылы ҚР Парламентінде бекітілді.

Б¥¥-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын бекіту оның аясында мемлекет балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік беруі тиіс шекарасын айқындап берді. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл міндетті шешу үшін бірыңғай басқарылатын әлеуметтік жәрдем жүйесі, мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі қызмет көрсету кешенін жаңарту, отбасылық құқық саласындағы идеологияны жетілдіру қажет.

Республика қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындаудағы басты нәрсе бөбектер өмірінің сапасын жақсарту мәселесіндегі мүдделі мемлекеттік құрылымдарды, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарды басқару мен олардың өзара әрекеттестігінің тиімді жүйесін құру болып табылады. 2006 жылы республика Үкіметі арнайы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетін құру туралы шешім қабылдады, оның балалар құқықтарын қорғау жөніндегі 6 басқармасы мен 16 аумақтық органы бар.

Комитет пен оның аумақтық органдары қызметінің негізгі мақсаты - әлеуметтік жетімдік, панасыздықтың алдын алуға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы балалардың тұрмыс жағдайындағы әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету. Комитетке балалар құқықтарын қорғау саласындағы республика заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылау жасау міндеті жүктелген.

 

Комитет қызметінің бес басымдығы

Балалар мүддесін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Барлық санаттағы балалардың білім беру жүйесінде тең дәрежедегі қолжетімділігін, сапалы медициналық қызмет көрсету мен сауықтыруды, кемсітудің барлық түрлерінен, қатыгездік пен қанаудан қорғауды, демалуға, бос уақытқа, мәдени және шығармашылық өмір құқығын қамтамасыз ететін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін әлеуметтік және құқықтық қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктерді орындау жөніндегі шаралар қабылдау.

Балалар тұрмысы жағдайын жақсарту мақсатында мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жергілікті атқару органдары мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар ведомствоаралық өзара іс-әрекеттерінің тиімді жүйесін құру.

Балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде қоғамдық ағарту жұмысын жүргізіп, отбасы және отбасында тәрбиелеудің құндылықтарын насихаттау.

Егеменді Қазақстанның өнегелі-рухани, білімді ұрпағын қалыптастыру.

Бүгінгі күні елімізде бес миллионға жуық бала бар - бұл барлық халықтың үштен бір бөлігі. Осы балалардың әрқайсысы әр түрлі дәрежеде мемлекет қамқорлығына мұқтаж. Республикада балалар мәселесімен бес министрлік пен ведомство, 600-ге жуық үкіметтік емес қоғамдық ұйым айналысады. Комитет пен оның құрылымдық бөлімшелерін құру бастамасы қызметтің осы саласын монополиялауға ұмтылыс дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл саясаттың кешенділігі белсенді және көп деңгейлі ведомствоаралық ынтымақтастықты, республикалық және жергілікті деңгейде сындарлы бейімделген жүйесін жасау міндетін қойып отыр.

Комитет олардың кейбіреулерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар, шарттар мен келісімдер жасады. Білім беру ұйымдарына, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарға тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Комитет пен Б¥¥ ЮНИСЕФ Балалар қоры «Әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» жылдық жұмыс жоспарын мақұлдап, онда балалар құқықтарын қорғау мен іске асыруға мониторинг өткізу, қатынас-байланыс науқандар, отбасын қолдау қызметтерін құрудағы ынтымақтастықтың болашағы белгіленді.

 

Бала еңбегін пайдаланудың өрескел түрлері туралы

 

Республика Жұмыс берушілер конфедерациясы, мүдделі министрліктер мен ведомстволармен бірге балалар еңбегін пайдаланудың ерескел түрлерін жою женіндегі ХЕ¥-ның аймақтық жобасы аясында бірлесе жұмыс істеудің жоспары әзірленіп, қол қойылды. Халықтың балалар еңбегін пайдаланудың өрескел түрлерінен хабардарлығын арттыру мақсатымен бала еңбегі және оның мониторингі жүйесін енгізу мәселелері бойынша конференция өткізіліп, «Балалар еңбегі: Халықаралық конвенциялар және Қазақстан Республикасының заңнамасы» жинағы шығарылды. Балалар еңбегін халық шаруашылығы салаларында, үй жағдайында, шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылықтарда пайдалану жөніндегі статистикалық есебін жинау механиз-мін айқындау жұмысы жоспарланып отыр. Мүдделі мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып халықты, ата-аналар мен жұмыс істеуші балалардың өздерін олардың еңбек құқықтарымен кеңінен хабардар ету арқылы бала еңбегін пайдаланудың өрескел түрлерінің жағымсыз дәйектерін анықтау бойынша шұғыл іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.



 

Жалпыға міндетті оқу аясында

 

Балаларды жалпыға міндетті орта білім берумен қамтуды зерделеу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үкіметтік емес мекемелермен бірлесіп, мынадай бағыттар бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде:



1.   «Қазақстанда баланың тегін жалпы орта білім алу құқығын сақтау: жетістіктер мен проблемалар»;

2.       «Балаларды жалпы білім берумен қамту жағдайын бақылар отыру индикаторлары мен әдістемесі. Жақсарту жөніндегі ұсыныстар»;

3.      «Жалпыға міндетті білім беру саласында жұмыс істейтін құрылымдарға ар-наулы талдау жасау»;

4.      «Балаларды мектепке қайтару және оқушылар қатары сиреуінің алдын алу жөніндегі ұсыныстар»;

5.      «Мектепке дейінгі   тәрбиелеу және оқыту ұйымдарымен   қамтылмаған балаларға мектепке дейінгі білім беру мәселелері»;

6.      «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау құқықтарын қорғаудың әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту проблемаларын зерделеу».

    «Зияткерлік еңбектегі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, балалар еңбегіне қатысты жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері бойынша «Қазақстандағы балалар еңбегі» деген кітап басып шығарылды. Халықаралық еңбек ұйымы, «Зияткерлік еңбектегі әйелдер одағы» ҚБ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бала еңбегі проблемалары жөніндегі ұлттық ақпараттық-ресурстық орталығымен бірлесе «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» ¥лттық ақпараттық науқаны өткізілді. Бұл шара жұртшылық назарын бала еңбегін пайдаланудың өрескел түрлері мен оның бала өмірі мен денсаулығына, оның оқуы, тәрбиесі мен дамуына тигізетін салдары проблемасына аудартты.

 

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы туралы

 

«Шығармашыл бастамашы әйелдер лигасы» ҚБ қолдауымен Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы, Астана мен Алматыдағы ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайына әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарына, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жетімдік саласын зерттеудің әдіс-тәсілін жасау бойынша әлеуметтанушылық қызметтерді қолдану» ақпараттық материалы жарық көрді.



Бала құқықтары туралы конвенцияның 31-бабы «Баланың демалу мен бос уақытқа құқығын» іске асыру мақсатымен Б¥¥ ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасындағы интернаттық мекемелердегі балалардың ахуалы туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша білім беру мекемелеріне әдістемелік ұсынымдар жіберілді.

«Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен интернаттық мекемелер жүйесіндегі балалардың жағдайына», «Жарымжан (жәбірленген) балалар мен жанұялардың әлеуметтік қызмет көрсетудегі мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауға» әлеуметтанушылық зерттеулері жүргізілді. Бұл сараптамалық жұмыс тиісті ұсынымдар әзірлеп шығаруға мүмкіндік береді. Білім беру органдары басшыларына, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандарға іс-тәжірибелік көмек көрсетуге баса назар аударылып отыр. Халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірге форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, байқаулар өткізіледі.

Комитет адамның адамгершілік-рухани дамуын қалыптастыру мәселелері бойынша «Бөбек» ғылыми-тәжірибелік орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент басшыларына арналған сешнарлардың бірінде балаларға адамгершілік-рухани білім беру идеясының авторы, «Бөбек» балалар қорыныңпрезиденті Сара Алпысқызы Назарбаева сөз сөйледі. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтің мақсатын, технологиясын, сапа өлшемдерін, өмірде қиын жағдайға тап болған, кәмелетке   толмаған   жеткіншектерге   қатысты   тиімді   шешімдер   қабылдау әдістемесін айқындаудағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-әрекеттер бойынша мастер-класстар өткізілді.

 

Асырап алған жанұяда өз жанұясындағыдай

 

Б¥¥ ЮНИСЕФ Балалар қоры қолдауымен жетім балалар мен ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайын өзгерту жөніндегі тұжырымдаманың негізгі бағыттарын әзірлеу жүріп жатыр. Республикалық «Қазақстан психологтары ¥лттық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) филиалында ЮНИСЕФ-тің қолдауымен «Қолданыстағы қызмет көрсету мен балаларды бағып-күтудің баламалы түрлерін дамытуды бағалау» жобасы жүзеге асырылды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары үшін бала тәрбиесінің баламалы түрлері, патронаттық тәрбиешілер іріктеу, есептік нысандары, баланың патронаттық отбасында өмір сүруіне және интернат мекемелері мамандары, психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері үшін - балаларды отбасыларға орналастыруға байланысты психологиялық даярлауға мониторинг туралы семинарлар өткізілді.



Осы жұмыстың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысында Отбасын қолдау орталығы ашылды. Бұл мекеменің мамандары 2008 жылы берекесіз отбасынан шыққан 11 баланы балалар үйіне түсуден, бес баланы асырып алған отбасынан балалар үйіне қайтып келуден сақтап қалды. Баланы өзінің туған отбасына қосу мақсатымен 32 отбасының жағдайы тексерілді, өмірлік қиын жағдайға тап болған және тәрбиелеуге бала асырап алған отбасыларына көмек көрсетілді. Балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі патронаттық отбасыларына берілді. Осындай қызметтерді дамыту жөніндегі мақсатты жұмыс өмірлік қиын жағдайда отбасына көмектесудің көптеген қызмет түрін бәсекелестік нарығына кезең-кезеңмен өтуге алып келмек.

«Шығармашыл бастамашы әйелдер лигасы» ҚБ, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, министрліктер мен ведомство өкілдері бірлесіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары үшін «Кәмелетке толмаған балалардың халықаралық асырып алу саласындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандары» тақырыптарына республикалық семинар-кеңестер өткізілді.

Комитет қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы кәмелетке толмаған балалар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарын даярлау мен өткізуге қатысады. Онда   өмірлік   қиын   жағдайға   тап   болған   кәмелетке   толмаған   балалар құқығын қорғауды қамтамасыз ету, тәрбие колонияларынан оралған және берекесіз отбасында тұратын кәмелетке толмағанбалалар үшін жағдай жасау, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы жәнебалалар мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылық мінез-құлық, ювенальды юстиция жүйесін құру, оқушыларға жалпыға міндетті білім беру мен дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Білім беру органдары басшыларына, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мамандарғаіс жүзінде жәрдемдесу мақсатымен үкіметтік емес ұйымдармен бірге балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, ұсынымдар, нормативтік-құқықтық құжаттар жинақтары даярланып, басылып шығарылады. бағдарламалар, жобалар әзірленеді. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясымен Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі заңнамалық базасын электрондық түрде әзірлеу жөнінде шарт жасалды. «Шығармашыл бастамашы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық құжаттар жинағы баспадан шығарылды.

Комитет білім беру жүйесін дамыту, балалық шақ проблемалары, қайырымдылық, рахымшылдық мен тақуалық ісінде жебеушілікті дамыту мәселелеріне азаматтық қоғамды тарту мақсатында білім беру саласындағы меценаттарға құрмет көрсетуді ұйымдастырып отырады. Бұл қоғамда оңды қолдау тауып, бизнес құрылымдарының қайырымдылық қызметін елеулі белсендіреді. Әкімдіктердің ұсынуымен 87 меценат жөнінде деректер қоры жасалды.

 

Балалар бақылаусыздығы мен қараусыздығының алдын алу

 

Аймақтағы балалардың әлеуметтік аманшылығын, балалар құқығын қорғау саласындағы республика заңдары мен халықаралық шарттардың жүзеге асырылуын бақылап, тиісті ұсынымдар әзірлеп шығаруға талдау жасау мен болжамдау департаменттердің күнделікті ісі десе болғандай. 2008 жылы ішкі істер органдары, білім беру, денсаулық сақтау департаменттерінің бастамасымен саяжай телімдерін, фермерлер шаруашылықтарын, базарларды, берекесіз отбасыларын, үй жертөлелерін, компьютерлік салондарды, ойын-сауық мекемелерін, вокзалдарға тексеру жүргізу бойынша 29 мыңнан аса рейдтік іс-шара өткізілді. Бұл 300-ден астам берекесіз отбасын, бақылаусыз, қараусыз кәмелетке толмаған және тұрмысы нашар отбасынан шыққан 22 мың бала-ны анықтауға мүмкіндік берді. Материалдар аймақтағы балаларға қатысты қолайсыздықтардың сипаты мен көлемін анықтауға жағдай тудырды және қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқару органдарына жіберілді.



Жебеушілік дәстүрі мен әлеуметтік әріптестікті дамыту үшін қоғамдық бірлестіктердің, денсаулық сақтау, полиция, жастар мен балалар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кең көлемді «Мектепке сапар», «Балалар үйіндегілерге қамқоршы бол!», «Балалықты қорғау бизнесі», «Балалар үшін құрылған әріптестік», «Түнгі қаладағы балалар», «Балалық шақтың досы», «Қуаныш шеңбері» шаралары өткізілді. Әлеуметтік жетімдіктің, балаға күш көрсету мен еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелері семинарларда, кеңес беру кездесулерінде, дөңгелек үстелдерде талқыланады әрі білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет, үкіметтік емес ұйымдар органдары өкілдерімен бірлескен жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Тек 2008 жылдың өзінде ғана мыңнан астам баланың тұрғын үй, тегін тамақтану, ақша алуы, денсаулық сақтауы және баланың ар-ожданын қорғау құқықтары қалпына келтірілді.

Ата-аналар қамқорлығынан тыс қалған балалардың шығармашылығын дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды Б¥¥ ЮНИСЕФ Балалар қоры мен «Эра-ТВ» телекомпаниясы қолдап, соның нәтижесінде Астанада жас журналистердің «Бақыт жұлдызы аясында» III халықарлық медиафестивалі өтті. Бұл жастардың «ЖАС МЕДИА КZ» қоғамдық қозғалысын құруға, балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің өскелең ұрпақты азаматтық тәрбиелеудегі белсенділігі жөніндегі ұсынымдарды қабылдауға серпін берді.

 

Жетім балалар талантын дамытуға жәрдемдесу

 

Ауыл балалары арасында өткізілетін «Таңшолпан» және «Балалар еңбегі: болған оқиғалар» республикалық музыкалық конкурстарының дарынды, талантты жетім балаларды тауып, қолдау көрсетуге көмегі тиді. Бұл шара жыл сайын балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай өткізіледі. Балаларды шығармашылық және мәдени өмірге тарту үшін Шымкентте жетім балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында «Жүрегімді шығармашылыққа арнаймын» республикалық конкурсы өткізілді. Мұндай іс-шаралар балалардың болашағын, олардың кәсіптік бағдары мен қоғамдағы ықпалдастығын анықтауға көмектеседі. Осы мереке аясында балалар жалпы құқықтарын қорғау бойынша үлкен ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі. Мысалы, алғашқы Бүкілқазақстандық «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа дүниеде өмір сүреміз!» мерекесінде «303 Киндердорф Интернационал» аймақтық өкілдігінің, жетім және отбасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы орналастыру жөніндегі халықаралық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын. Оның бағдарламасына сай, сондай-ақ Қазақстан астанасының 10 жылдығы құрметіне мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін «Жұлдызай» республикалық шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды. Таланттардың шығармашылық байқауы мүмкіндігі шектеулі балаларды шығармашылық пен өнер арқылы әлеуметтік бейімдеу жұмысына серпін берді. Бұл күндері «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» үшінші ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдаланудың өрескел түрлері: өмірдегі оқиғалар» тақырыбында жазылған ең үздік материалдар мен фотосуреттерге журналистер арасында өткізілген республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды. Мектептерде осы шараға байланысты сынып сағаттары, сурет салу, шығарма жазу бойынша конкурстар өтті.

Астана әкімдігі мен астаналық Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент балалық шақтың көкейкесті проблемаларын шешу жөніндегі қызметтегі ынтымақтастық пен үйлестіру туралы меморандумға қол қойды. Бірқатар облыстарда халықты кеңінен ақпараттандыру үшін ВЕБ-сайттар, балаларды қабылдаудың қоғамдық орындары, сенім телефондары құрылды. Б¥¥ ЮНИ-СЕФ Балалар қоры мен Дағдарыс орталығы одағының қолдауымен Алматыда ¥лттық №150 сенім телефон желісін енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске асыру жұмысы басталды, оны республиканың барлық өңірлеріне енгізу жоспарлануда. Жастарды ерікті қызметке тарту, әлеуметтік белсенділікті дамыту жөніндегі жаңа жобалардың ішінде - «Қоғамға қызмет ету» әдістемелік ұсынымдар әзірлемесі бар. Б¥¥ ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірге «Балаға дос пейілді қала» жобасын жүзеге асыру жұмысы қолға алынды, ол орын алған проблемаларды шешуге балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған. Қала балаға деген достық пейіл міндеттеме жүктей отырып, жергілікті басқару жүйесін Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес құруы тиіс. Бұл кемсітпеушіліктің, баланың талап деңгейіндегі мүддесін қамтамасыз етудің, бала өмірінің, бала көзқарасын сыйлаудың, балалықты инвестициялаудың барынша мүмкін деңгейін қамтамасыз етудің қағидалары.

Жоба балалар тұрмысы жағдайын жақсартуға, олардың үйлесімді дамуына, балалардың қараусыз қалуы мен жетімдігін барынша азайтуға, балалардың неғұрлым қорғалмаған санаттарын қоғамға кіріктіру үшін жағдай жасауға тиіс.

 

Шешуін күткен проблемалар

 

Балалар үйі түлектері әлеуметтік бейімделуіндегі күрделі проблемалардың бірі - тұрғын үй проблемасы болып отыр. Бүгінгі күнде балалар үйлері мен интернаттарда 17 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Олардың тек 10,1% -нда ғана өздеріне қараған тұрғын үйі бар. Осы санаттағы балаларға соңғы үш жылда 93 пәтер ғана бөлінген. Балалар үйі түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін республиканың 14 аймағында 25 жасөспірімдер үйі ашылып пайдалануға берілді, осындай мекемелерде 16-дан 23 жасқа дейінгі 1329 балалар үйінің тәрбиеленушілері тұрып жатыр.



«Қазақстан балалары» бағдарламасында 2007-2011 жылдары Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында жергілікті бюджет есебінен қосымша бес жасөспірімдер үйін салу қарастырылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олар-тек балалар үйі жанында және отбасы үлгісіндегі балалар қалашығында олардың бітірушілері үшін құрылады. Комитет «Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар қалашықтары мен жасөспірімдер үйлері туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы тұжырымдамасын жасады. Жасөспірімдер үйлерін балалар үйлері мен интернаттық мекемелер жанынан ғана емес, дербес мекеме ретінде де ашу ұсынылуда. Тұжырымдаманы 2008 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Заң жобалары қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Халықтың әлеуметтік қорғалған тобына мемлекетттік тұрғын үй бойынша көмек беру ҚР «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мәселелер жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасында қаралған. Оны қарастыру барысында мәжіліс депутаттары ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғау мәселесін, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабына толықтырулар енгізу мен реттеу ұсынылды. Әңгіме мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға жататын халықтың әлеуметтік қорғалған тобы санатына ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларды қосу жайында болып отыр. Заң жобасы жеңілдік берілген кезекте тұруға жеңілдік санатындағы балалар жасын 23-ке дейін өсіруді қарастырады.

Мектеп бітірген жетім балаларды жұмысқа орналастыруда да проблемалар бар, олардың тек 82,4%-ы мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Балалар еңбегін шаруа және фермерлік қожалықтарда пайдалану мәселесі қосымша зер-делеуді талап етеді. Ата-аналар өз балаларының еңбегі бойынша қарапайым құқықтарын білмейді.

Бүгінгі күні балаларға күш қолдану туралы естімеген адамды табу қиын. Бұл дәйектер көп жағдайда жария жасалмайды. Сондықтан баланы тұрмыстағы зорлықтан, балалар еңбегін пайдаланудың өрескел түрлерінен қорғау проблемасы аса өткір қойылып отыр. Заңнама бала еңбегіне шектеу қойылғанына қарамастан, балалар еңбегін пайдаланудың өрескел түрлеріне тартқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылса да, балалардың денсаулығына зиянды жұмыстарға тарту орын алып келеді. Балаларды темекі жинау жұмысына заңсыз тарту оқиғалары Алматы облысында орын алып отыр, ал Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға мақта жинатқызады. Өкінішке орай, республикада бала еңбегін өндіріс пен қызмет көрсету саласында пайдалану жөніндегі мәліметтерді жинаудың тетігі жасалмаған, сондай-ақ бала еңбегін үй жағдайында пайдалану мәселесі қосымша зерттеуді талап ету-де. Осындай құбылыстармен күресудің бірізді стратегиясын әзірлеу үшін бұл бағыттағы жұмыстар зерделеуді керек етеді.

Шешімін күтуді талап етіп отырған балалар құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер аз емес. Комитет пен оның аймақтағы департаменттері министрліктер мен ведомстволармен бірге нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудің баламалы түрлерін дамыту, әлеуметтік жетімдік, бақылаусыздық пен қараусыздықты төмендету үшін қоян-қолтық жұмыс жасауда. Мұның бәрі бір ғана мемлекеттік маңызы бар жұмыс - балалар өмірінің сапасын жақсартудың құрамдас бөліктері.

 

 

                                                                     Р.П. Шер, ҚР білім және ғылым министрлігі



Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары

 

«Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы», №3(27)-2009



 


 










 

 

 


























































Разработано style.kz

 







Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет