«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет3/6
Дата18.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11739
1   2   3   4   5   6

Дәріс мазмұны:

1.Сурдопедагогиканың мақсаты мен міндеттері

2.Есту бұзылысының жіктелу түрлері

3.Естуі бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмұны

Сурдопедагогика (латын сөзі «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады .

Есту –дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік - есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан қалыптасуында шешуші орын алады. Есту анализаторының бұзылуы ең алдымен көп мөлшерде баланың сөйлеуіне әсер етеді, оның танымдық қызметіне жалпы дәрежеде мүкістік келтіреді. Құлақ-дыбыс тербелісін күшейтеді және оны қайта өндейді. Дыбыстар негізінен үш қасиетпен сипатталады: Олар күші, биіктігі және тембірі.

Есту қабілетінің үлкен қызметі болып табылатын естудің жәрдемімен бала өзінің сөйлеу тілін бақылап қана қоймай, оны айналасындағылардың сөйлеу тілімен салыстыруға мүмкіншілігі болады. Жалпы қоршаған орта дыбыстарға толы боып келеді, әрі олар әртүрлілігімен ажыратылады. Біздер музыкалық, шулы, табиғи дыбыстарды естиміз. Сонда адамның дамуында естудің үлкен орны бар екендігі белгілі. Ал баланың жалпы дамуына оның толық жетілген есту қабілеті шешуші қызмет атқарады.

Баладағы есту қабілетінің бұзылыстары іштен туа және жүре пайда болады. Іштен туа біткен саңыраулық өмірде сирек 25 % шамасында ғана кездеседі.Мұның пайда болу себептері; ана құрсағындағы даму кезеңінде есту мүшелерінің дұрыс дамымауынан, тұқым қуалау себебінің ықпалынан және анасының жүктілік кезінде тұмау, қызылша немесе басқада жұқпалы аурулармен ауруы, дамудың алғашқы айларында зиянды зақымданудың әсерінен болады. Кейіннен пайда болған саңыраулық әртүрлі аурулардың зиянды әсерінен, есту жүйкесінің немесе құлақ ішінің асқынып ауруы нәтижесінен пайда болады.

Саңыраулық пайда болу уақытына байланысты ерте саңыраулану және кеш саңыраулану болып бөлінеді.Ерте саңыраулану бұл бала тілі шыққанға дейінгі кезеңінде пайда болуы, ал кеш саңыраулану баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан басталған саңыраулану болып табылады.

Есту ақаулықтарының жіктелуі есту қабілетінің бұзылу ерекшеліктерімен анықталынады. Саңырау дегеніміз –есту қабілеті қатты бұзылғандықтан адамның сөйлеу тілін анық түсініп болмайтын ақаулық.Өмірде көп жағдайда есту қабілетінің аз да болса саңылауы сақталатын болады .Осы болмашы ғана сақталған саңылаудың жәрдемімен бала өте қатты айғайлап анық айтқанды,зыңылдаған, шаңқылдаған дыбыстарды, сөздің үзіліп шыққан дыбыстарын, ал кейде құлақтың түбіне тақап қатты айтқан қысқа таныс сөздерді естіп түсіне алады.Саңырау балалар арнайы өқытудан өтпейінше сөйлеу тілін өздіктерінен меңгермейді. Олар дыбысты, сөзді анық, дәл қабылдай алмайды, дыбыстық бейнені естімейді.Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылып келеді .Балада есту кемшілігінің болуы сөздегі дыбыстауды реттей алмайды. Осыдан оның аузша сөйлеуі қалыс қалады.Барлық осы жағдайлар баланың қоршаған дүниені тануын, сөйлеуді игеруін қиындатады. Сондықтан оның ой қызметінің дамуында бұзылыс көрінеді. Қалыпты ести алатын балалармен салыстырғанда мұндай балаларда ауытқушылық айқын көрінеді. Мүлде естімейтін тас саңыраулар өмірде өте сирек кездеседі. Түзету оқу жұмысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен арнайы балабақшаларда жүргізіледі. Мектеп жасына жеткеннен бастап мұндай балалар оқуын нашар еститін арнайы мектептерде жалғастырады. Оқыту жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған есту қабілеті міндетті түрде пайдаланылады, өйткені бұл естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.

Дәрігер отоларинголог есту қабілетінің бұзылуынан тексере отырып, алдын алу сақтандыру шараларын да жүргізетін болады. (құлақты таза ұстау, кенеттен шыққан қатты айқай, топ шуылынан құлақты сақтау, дәрігерге жылына екі рет тексеріліп отыру).
7 дәріс

Тақырып:Көруі бұзылған балалар

Дәріс мазмұны:

1.Тифлопедагика пәні, міндеттері

2.Көру бұзылысының түрлері

3.Арнайы мектептің негізгі міндеттері

Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды – тифлопедагогика деп атайды.

Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр,көруі бұзылған,жүре бара пайда болу.

Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады.

Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.

Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар.

Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру анализаторы іс-әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жағдайы қалыс қалады,кеңістікті бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер жайындағы білімнің қалыптасуы заттармен іс-әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып келеді.Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет болып табылады.Көруі бұзылған тұлғалардың оқу және жазу әрекетінде қиындыққа ұшырауы байқалады.Дер кезінде көру бұзылысын түзету бойынша алдын-ала шаралар өтілмесе,көру ақаулығы асқына түседі.Көруі бұзылған тұлғалармен түзету жұмычсын жүйелі жүргізуді қажет етеді.

Тифлопедагогика көру мүшесі бұзылған адамның оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым.Олар өз кезегіенде нашар көретін және мүлдем көрмейтін болып 2-ге бөлінеді.Соқыр-бұл адамдарда көру мүшесі,түйсігі мүлдем жоқ.Тек жарық түйсігі бар.Бұлар негізінде екіге бөлінеді:1) екі көзі мүлдем көрмейді;2)жарықты,түсті,бейнені қабылдай алады.

Нашар көретіндер- бұл көрудің бұзылуы көру өткірлігі 0,05-0,02 дейін түзету көзілдірік көмегі арқылы нашар көретін басқа көру қызметінің ауытқуы болуы мүмкін.

Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлігі болып табылады.Тифлопедагогиканың негізін салушы француз ғалымы В.Галюи және Д.Дидро болып табылады.19ғ. бойынша соқыр балаларға арналған мектептер ашылды.1917 ж. Қазан революциясынан кейін соқыр балаларға арналған халықтық білім беру жүйесінің қосымша бөлігі болды.

1928ж. 1-ші советтік соқыр балаларға арналған мектеп программалары шығара бастады.30ж.ж басында нашар көретін балаларға арналған топтық жалпы білім беру мектептерінде алғаш кластар пайда болды.Ал,30ж аяғында нашар көретін балаларға арналған тұңғыш мектептер ашылды.Бұл жаңа бағыттың дамуына Ю.Жаринцова өз үлесін қосты.30ж.осы мектептерде физика,математика,жаратылыстану пәндері оқытыла басталды.Жалпы осы тифлопедагогикаға өз үлесін қосқан және де көптеген әдістемелерін өңдеуде. Б.И.Коваленконың маңызы зор.

«Тифлопедагогика» (грек сөзі «typhlos» –соқыр) –көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым.Олар көруі бұзылу деңгейіне қарай соқырлар және нашар көретіндер болыпбөлінеді.Соқыр және көруі нашар болуы арнайы педагогикада психоденелібұзылысты қамтиды, көріп қабылдаудын шектеулілігі байқалады немесе олтіпті болмайды. Бұл жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз әсері тигізеді . Мұндай тұлғадағы балалардың қарым-қатынас жағдайы қалыс қалумен қатар,өлардың өзіндік белсенді қозғалысы бұзылады кеңістікті бағдарлай алуы ,ұғым түсініктер жөнінде білімінің қалыптасуы, затың-іс-әрекеттік кызметі ,эмоц-қ ерік сапасы еңбекке бейімделуі ,әлеуметтік коммукациясы бұзылады. Көрудің бұзылу себептері ;1.туғаннан, 2.жүре бара пайда болады.

Туғаннан: ішкі даму жағдайында тұкым қуалаудан,зақымдану әсерінен ,созылмалы ауруға шалдығу .Жүре бара көру мүшелерінің ауруға ұшырауы ,орталық жүйне жүйесінің ауруға ұшады ,орғанизмнің жалпы асқынып ауруы, мидың травмалық соққыға ұшырауы. (бастың жарылуы,көздің жарақатталуы).

Соқыр балалар –толықтай көру түйсігі бұзылған тұлғалар.Көруі бұзылған дәрежесіне қарай абсолюттік (тотольдік) –екі көзі соқыр көрмейтін, көру түйсігі (жарықты түйсіну және түсті ажырату ) толықтай болмаған ;практикалық соқыр, яғни жарықты түйсіну, жарықты қаранғыдан айыру ,зат пішінін ажырату, аздап қарай отырып жарық, түс,затпішінін қабылдай алуы.

Нашар көретіндер; көруі бұзылған бырақ қарапайым түзету көзілдіректердің көмегімен көре алатын тұлғалар.Көзі нашар көретіндерге кеңістікті бағдарлау қиынға соғады. Оқу әрекетінде әсіресе оқуда және жазуда көру анализаторы негізгі орын алады. Қазіргі кезде көруді тузетуге арналған арнайы оптикалық құралдар пайдалануда .Контакт линзолар, лупа ,проекторлар, жарықты күшейту. Мектептің негізгі міндеті- бұл оқыту тәрбие,түзету-дамыту жұмысын жүргізу,санитарлық-гигиеналық жағдайды сақтау,көру ақаулықтарын емдеу,оны қалпына келтіру,көруі бұзылған тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу,кеңістіктік бағдарлауға үйрету.Бұл міндеттерді толықтай жүзеге асыру жүйелі,жауапты жұмыс жүргізуді қажет етеді.Сондықтан да мұндай тұлғаны балалардың психикалық дамуының қалыптасуы ең алдымен білім беруге неізделген.Сондықтан да мектептің арнаулы жұмысы мынадай:

1.Денсаулығын сақтау,сақталған ақаулығын сақтай отырып,баланың дамуын есепке алу;оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қорғау;оқу мерзімін ұзарту,оқу материалын бөлу,оның өтілу темпін,қарқынын өзгерту.

2.Балаларға салыстырмалы қарау,оларды топқа бөлу,тифлотехника құралдарын және көрнекі құралдарды пайдалану.

Тәрбиелеу топтарында және кластарында баланың қамтылуы аз болады.Оқу кластары мен бөлмелері арнайы түзету мақсатына қарай жабдықталады,санитарлық –гигиеналық жағдайы сақталуы тиіс.Емдеу қайта қалпына келтіру жұмысы ұйымдастырылады.Арнай мектеп жұмысы көруі бұзылған тұлғаларды түзетуге арналады.Көруі бұзылғандарға арнайы мектеп 3 сатыдан тұрады:

1.бастауыш

2. негізгі

3. орта мектеп

Мектеп сатысы баланың дамуының 3 кезеңіне сәйкес келеді: балалық,жасөспірім,жастық.

Бастауыш мектепте-балалардың жеке тұлғалық жағын қамту.Оның қабілетіне қарай толықтай қамту.Емдеу, оның көруін сақтау,оқушылардың оқуға деген тілегін,іскерлігін қалыптастыру.Әсіресе бастауыш сыныпта баланың көріп қабылдауына,түйсінуін дамыту.

8 дәріс



Тақырып: Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалар

Дәріс мазмұны:

1.Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының түрлері

2.Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының болу себептері

3.Әлеуметтік бейімделу бағыттары

Бұл категориядағы негізгі контингент балалар (ДЦП) ауырған балалар. ДЦП-аурулардың толықтай пісіп- жетілмеген, яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезенде пайда болады.Бұл туғаннан және жүре бара пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5-7% кездеседі.Сонда тірек –кимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре бара пайда болады.Тірек-кимыл аппараты бұзылыстарының түрлері:


  1. жүйке жүйесінің ауруы: ДЦП (детский церебральный паралич) полиомелит.

  2. тірек-қимыл аппаратының туғаннан бұзылу патологиясы:туғаннан жамбастың тоюы омыртқа дамуының кемістігі .(сколиоз) қол-аяқ кемшілігі және дамымауы,саусақ ұштарының кемісті дамуы,ортрогрипоз (туғаннан кемістік).

  3. жүре– бара пайда болған және тірек-кимыл аппаратының зақымдануы: жүлын,мойын,бас ,бойы,қол-аяқ , травмалық соққы полиартрит,қаңқа ауруы (туберкулез сүйек ісігі, остеомиелит) қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).

ДЦП–ның болу себебі негізінен қолайсыз факторлар әсерінен болады:

1. Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);

2.Наталдық (дүниеге келу сәтінде);

3.Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезенде).

Көп жағдайда ДЦП пайда болуы ішкі даму жағдайда мидың зақым алуы және дүниеге келу кезеңінде болады- 30 60-ішке даму дүниеге келу сәтінде, ал 10-туғаннан кейін болуы мүмкін. Ішкі даму жағдайында жұқпалы ауру анасының эндокриндық және жүрек ауруы жүкті болу кезеңіндегі токсикоз, денелік травма, жарақат алу, психикалық травма, жағымсыз эмоция, резус – фактор бойынша сәйкессіздік, антибиотикалық дәрі-препараттар.

Туғаннан кейінгі– нейроинфекция (менингит,энцифалит), бастың ауыр жарақат ауруы.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда негізгі кемістік –қозғалыс кемшілігі (дамымау,бұзылу немесе қозғалыс қызмет жоғалуы).Мұндай балаларда қимыл-қозғалыс бұзылушылығы олардың психикалық және сойлеу тілінің бұзылуыменқабат келеді ,сондықтанда көпшілігі тек қана емдеу және әлеуметтік көмек қажет етумен бірге ,олар психологиялықпедагогикалық және логопедиялық түзетуді қажет етеді .Тірек-кимылы бұзылған кейбір балалардың танымдық қызметтері бұзылыс ыз келеді,олар арнайы оқыту-тәрбиелеуді қажет етпейді.Бірақта барлық балалар өмір жағдайын қажет етеді, яғни оқыту және біртіндеп еңбек әрекетін қамту.

Тірек –қимыл аппараты бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуі төмендегідей бағыттар бойынша анықталады.

1.Мақсатты түрде баланы қоршаған ортаға білімдеп ыңғайлау. Бұл үшін арнайы техникалықлық қозғалыс құралдармей қамту(арбалар,балдақтар, велосипедтер) қызмет ету заттары(тарелка,қасық,ерекше айырғыш электроприборлары).

2.Қозғалыс кемістігіне баланын бейімделуі - күнделікті жағдайдағы әлеуметтік ортаға өзін-өзі бейімдеп ыңғайлауы.

Бұл балаларда қозғалыс бұзылыстары аурудың ерешелігенен көрініс береді.Қарапайым қөзғалыстың мүмкін еместігі немесе шектеулілігі, бұл бұлшық ет күшінің әлсіздігімен байланысты.Қолын алға,соза алмау, аяғын жоғары көтере алмауы, бұлшық ет тонусының бұзылуы.

Гиперкинездің көрнуі, кез келген қозғалысты жасауға қиналуы, күшпен зорланып жасауының байқалуы.Қозғалыс координациясының және тепе –тендігігің бұзылуы.Отыруда,түруде,және түруда тұрақсыздақтың көрінуі.Дене қозғалысы және оның бөліктеріні түйсінудің бұзылуы (кинестезия )

9 дәріс

Тақырып: Сөйлеуі бұзылған балалар

Дәрістің мазмұны

1.Логопедияның мақсаты мен міндеттері

2.Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері

3.Тілдік бұзылу себептері

Логопедия дегеніміз –сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемшілектерді әртурлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.Логопедия – логос сөз және пайдео тәрбиелеймін,үйренемін деген грек сөздерінің тубірінен алынған.

Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқыту, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді,сонымен бірге сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын-ала сақтандыру жолдарын ғылыми негізде зерттеу болып табылады .



Логопедия ғылымы мынандай міндеттерін белгілеуге болады.

  1. Әртүрлі тіл кемістіктерінегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу;

  2. Сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;

  3. Сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінен белгілі бір дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін ықпалын анықтау;

  4. Әртүрлі ақаулықтары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерешеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;

  5. Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, қүрылымын, механизмдерін анықтау;

  6. Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, оны ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру дамыту ;

  7. Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;

  8. Тіл кемістіктерінің ерешекіктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;

  9. Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;

  10. Сөйлеу тіл кемістіктерінен алдын алу сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру;

  11. Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу.

Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру болып табылады.Оған бөгет болатын жағдайлар,өбіріншіден тіл кемістіктерінің коптеген түрлерінің кездесуі және олардың нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сол, егер тіл кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы мүмкін.Сонда тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін.Соған байланысты олар логопедияда өзіндік белгілеріне байланысты белгілі терминдермен нақты белгілінеді. Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері мынадай:

  • Дислалия– есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тілдік дыбыстардың бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

  • Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық–функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігнің, тембрінің, дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Синонимдері мұрынмен сөйлеу.

  • Дизартрия– жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады .Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айрылады.

  • Тұтықпа- сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы.Синонимдері: логоневроз.

  • Алалия- бас ми қабығындағы тіл аймақтары (зонасының) жастайынан зақымдануының әсерінен балада сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.Синонимі: мылқау.

  • Афазия- бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жоғалуы, жойылуы.Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адамның сөйлеу қабілетінен айырылуы.

  • Брадилалия –сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы.Тахилалия- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс жылдам болуы.

  • Дисфония –дауыс шығару мүшелерінің( күші, биіктігі, тембрі) қалыптан тыс өзгеру себептерінен дауыстың жартылай бұзылуы.Афония-дауыстың толықтай жойылуы.

  • Дислексия –оқу процесінің жартылай бұзылуы. Алексия оқу процесінің мүлдем қалыптаспауы.

  • Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.Аграфия –жазу процесінің мүлдем қалыптаспауы.

  • Жалпы тіл кемістігі– есту қабілеті мен ой–өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістектері.ЖТК үш деңгейі бар (1-2-3).

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады .Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс.Дәл уақытында қолайлы жағдай жасай отырып баланың тілінің дұрыс дамуына бағыт берген жөн.

Баланың тамаша сезімімнің дамуын тек қана дыбыс үндестігін айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, оны мәнерлі сөйлеуге үйретіп отырған жөн.Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тіл кемістігін уақытында жоймаса, ол барған сайын ұлғайып, нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте –мөте қарқынды дамиды.Бала 2 жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерде меңгереді.


  • 2 жасында -300-400

  • 3 жасында -1000-1500

  • 4 жасында -1600-1800

  • 5 жасында-2000-2300

  • 6 жасында-3000-3500 дейін сөздік қоры болады.

Сөйлеу тілінің кеңеюі тәрбиенің барысында, бала мектепке барар алдында тілін грамматикалық зандылығын меңгеріп, байланыстырып сөйлеу дағдысын игереді.Сондықтан да бұл кезеңде баланы ерекше қамқорлық қажет.
10 дәріс

Тақырып: Жалпы тіл кемістігі

Дәрістің мазмұны:

1.Жалпы тіл кемістігі

2.Жалпы тіл кемістігінің деңгейлері

Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компаненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

Жалпы тіл кемістігі дефекталогия ғылымы зерттеу институтының

Р.Е. Ливина бастаған ғалым қызметкерлері 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктері жан-жақты зерттеулерінің қортындысы нәтежилерінде ғылыми түрден дәләлдеді.

Дыбыстарды бұзып айтуын,фонематикалық есту қабілетінің дамуы, сөздік қоры мен граматикалық сөйлем құрлысының артта қалуы жалпы сөйлеу түрі дамыған балалардың барлығына тән кемшілік.

Жалпы сөйлеу тілінің дамуы ,аламя,афазия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу поталагияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады.Ондайларды мақау балалар дейді.Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктерімынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді , жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксізетіп,үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықайтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы,бет - ауызын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің мұндай кемістіктері ақыл-ойы кем балаларда болуы мүмкін. Бірақта сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балалар ақылына қарап-ақ сөйле тілі дамыған, ақыл –ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады. Бұл біріншіден сөйлегенде сөзік қорына қарағанда енжар сөзік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балалардың олигофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін, дене мүшелерін қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады.Оларға көзімен қарап оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жалпы ақылдың дұрыстығына тән қасиеті бар.

Спнымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой -өрісі сөйлеу тілінің дамуы жғынан бір-біріне ұқсамайды.

Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және әр қимыл іс-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстарының ұқсастығына қарап, өздерінің бұлдыраған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді.Мысалы: «дәдә»- машина,солай кетіпті және тағы басқа.Сонымен бірге қимыл іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді заттық атымен орын алмастыра беретін жағдайларда байқалады.Мысалы: «адас»-карандаш, жазу сурет салу; «тәй»- шай ішу, тамақ ішу.

Сөйлеу тілі дамыған баланың бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Н.С: Жукованың ескерткендей, бір сөзді сөйлемдегі сөздік түбірі бұзылып, тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 айға созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көпте болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздерде араласып айтылып, кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді. Сөйлеу тілінің жалпы дамыған баланыңда сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ бұнда құрлысы бұзылған қалпында өзгерісіз сақталып қалады. Тап осы жағдайда сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада ешуақытта байқалмайды,

Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді.Сөйлегенде көбінесе 1-2 буынан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындарды көбіне қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып , түсіп қалады. Мысалы:Жұмыртқа- ұмытқа, домбыра-дома. Фонометикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір –біріне сәйкес мағынасы әртүрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады.Мысалы: бала-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:

1.Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дұрысқа елктеген дыбыстардан күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады.

2.Баланың енжар сөз қор пайдаланатын сөз қорына едәуір мылқау болады, бірақта сөз түсінігі тым тайыз. Сөздерді бінеше рет қайталаған таныс ситуацияға түсінеді.Мысалы: «қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін «қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.

3. Сөздің, дыбыстық буынның құрамын сақтау қайталау қабілеті дамымыған.

Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт, бадя, тан, тет, түй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр. Кейбір граматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір граматикалық (тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде ажыратылады)категоряларға қатысты болады. Бұл процесс әліде болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тәжірибедегі анық байқалады.

Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ал өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл іс-әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.

Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым әрі қысқа болғанмен граматикалық құрлысымен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің граматикалық құрлысының жіктелуі қанағаттанарлық емес екендігі. Сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп ,аз қолданған сөздермен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай балалар септік жалғаулармен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді жрнақ жалғаулары пайдаланып Сөз өзгерту кезейсоқ жағдай сондықтанда оны пайдаланғанда әртүрлі қателерді көп жібереді . Сөзді тармағында жие қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Тұлғалары қолданылуы мнемесе тағы басқа белгілері ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен айтуы мүмкін . Мысалы:шыбынды,қоңызды,масаны,сонана, араны,көбелекті- бір жағдайда осылардың барлығын тек біреуінің атымен ғана айтады. Балалар заттың атын білгенмен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады ыдыс-аяқтардың, жануарлардың төлдерінің атын білмейді. Міне осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.

Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әруақытта толық біле бермейді. Қолданудағы қимыл іс-әрекеті әртүрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздері шатастырып орын ауыстыруы жие көрініп қалады, граматикалық тұлғаларды қолданылуда өрескел қателер жіберілетіндігі арнайы тексеру кезінде белгілі болады.

1.Септік жалғауды алмастыру.

2.Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолданудағы қателер.

3. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезеңіндегі.

Баланың тіліндегі жуан және жіңішке, ысқырып және ызыңдап шығатын, қатаң және ұяң, мұрын дыбыстарының, сонымен бірге құрамы әртүрлі буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтың салдарынан сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да жасынада қарағанда едәуір артта қалған.

Буындар мен дыбыстардың орын ауыстыруы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстың қысқартылуы салдарынан сөздердің құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары өрескел бұзылады.

Баланы жан-жақты тиянақты тексерудің нәтежесі оның фонаметикалық есту қабілетінің нашарлығын, дыбыстарды талдау мен жинақтауда балаға тапсырма бойынша берілген дыбыстардан суретті іріктеп алу және дыбыстарды орнына қойып сөз құрау қиындық туғызады. Дағдылануды игеруге дайын емес екенін оңай анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы коррекциалық оқытудың ықпалы мен сөйлеу тілі дамуының ой деңгейіне өтуі баланың айналасындағылармен қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызады.

Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады.

1.Балалардың белсенді сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.

2. Сәтсіз болсада бұ денгейдегі балалар септік жалғаулармен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.

3.Бұл денгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.

4.Сөзді түсінуі жетіледі,белсенді және енжар сөздіктер толығады.

5.Әліде көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды.Дыбыстық талдау және жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.

Сөйлеу тілі дамуының ІІІ деңгейіне сөйлеу құрлысынада лексико-граматикалық және фонематико фониматикалық элементтерінің жетілмейтіндігін сипаттайды.

Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады,бірақ қанша денгенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті бала дұрыс айта ала-ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.

Топ осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс, бір мезгілде алмастырған кезде диференцияланбаған дыбыстардың айтылуы бірнеше болады. Мысалы:сәй-шәй, сәнә шана; Сонымен бірге балалар барлық сөз топтарын пайдалануды граматикалық құрлымның қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді салалас құрмалас пен бағыңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де шабағын оқуға отырды.

Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстар мен толықтырған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздей дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіндігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтежиесіде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы табыс болып қалған заттың атын,түсін тұлғасын,сапасын,белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, айналасында болып жатырған тіршілік туралы емін еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгімеде құрастырады. Алайда сөйлеу тілінің хал-жайын жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің бір бөлігін толық дамуын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.

Бала ауыз екі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді,нақты сөз тіркесін айтуға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса онда сөздік және граматикалық котегорялардың қандайын болсада міндетті түрде пайдаланады да сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.

Бала сөзді емін еркін қолданып сөйлегенімен,сөйлеу тілі дұрыс дамыған қатарларына қарағанда өзгеше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.

Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын ограматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлеммен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сиппат бермейді граматикалық тұлғалардың дұрыс та бұрыс та қолданылуы мүмкін .

Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жібертілсе байқалады.Бала сурет бойынша сөйлем құраастыру кезінде қатысушы кісі және қимыл іс-әрекетінің өзін жие көрсетіп дұрыс атап отырса да сөйлем құрамына қатынасушы кісінің пайдаланған затының атын кіргізбейді.

Сөздік қорының екдәуірөрескелдігіне қарамастан лексикалық мағынасын толық білмейді бірсыпыра сөздерді дұрыс түсінбейді және дәл қабылданбайды.

Лексикалық қателердің ішіндегі көзге түсетіндері төмендегідей:

А) Заттың атын сол заттың бөлшегінің атымен алмасуы.

Б) Мамандықтың атын сол маманның істейтін кәсібімен ауыстырады.

В) Тектес заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсастығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен айтады. Г) Көлемін білдіретін белгілердің орын алмастыруы.

Бала өз бетінше еркін сөйлеп отырған кезде заттың белгілерін,күйін, қимыл іс-әрекетін білдіретін сын есім мен үстеу сөз таптарын аз қолданады.

Бала жаңа сөзді таңдап сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіндік бермейді.

Көп балалар жаңа сөзді қолданған кезде қателерді жие-жие жібереді. Шыныда да дұрыс сөздердің жасалуы мен қатар кемшіліктері де болады: Мысалы: көрпе-көрпешелік.

Осған ұқсас қателер бірлі жарымдап тілдері жаңа шығып келе жатқан дендері сау балаларда кездесуі мүмкін, бірақ олар тез арада жоғалып кетеді.

Орыс тілінде қателердің көпшілігі тамақтардың, заттарың,өсімдіктердің мағыналарын білдіріп арақатынасын сын есімнің жасалуы кезінде болады. Мысалы:стекловый стакан.Фонематикалық есту және түйсіну қабілеті нашар дамуының салдарынан баланың сөзді дыбыстарға талдау және топтық дайындығы өз бетінше қалыптасуының нәтижесінде оларға логопедтің жәрдемінсіз мектепте сауатын ойдағыдай меңгеруге мүмкіндік бермейді.


11 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет