«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет4/6
Дата18.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11739
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Жазбаша сөйлеу

Дәріс мазмұны:

1.Жазбаша сөйлеу туралы түсінік

2.Жазбаша сөйлеудің бұзылуын анықтау тәсілдері

Зерттеуге хат және жазбаша сөйлеу (сөйлеу әрекетінің өндірістік түрі) және оқу кіреді.Хат және оқу ереже бойынша, екеуіде зерттеледі.Дегенмен көптеген басым жағдайларда, бұл екі түрдің екеуінде де байқалатын мәселелер аталынып өтіледі. Зерттеудің басында логапед балаға аз ғана творчествалық жазба жұмысын орындауды ұсынады, мысалы өмірдегі қандайда бір жағдайды суреттеу( каникулды немесе демалысты қалай өткіздің, киноға немесе қонаққа қалай барып қайттың және т.б.) Бұнда басынан бастап жұмыс көлемін шектеу маңызды, мысалы бес сөйлемнен тұратын етіп. Көлемге мұндай шектеу жасау тек зерттеу уақытын үнемдеуге ғана мүмкіндік бермей, сонымен қатар баланың өзінің белсенділігін стимулдайды.Сонымен бірге, көлемді шектеу бізге баланың ақпаратты бірдей мөлшерде таратуын және жоспарлауын бағалауға мүмкіндік береді. Балаға бұл жұмысты ешқандай алдын ала дайындықсыз, толықтай өз бетімен орындау құқы беріледі. Сондықтанда жазу уақытында баланы бөлек бөлмеге қалдыруға болады және осы уақытта баланың анасымен әңгімелесуге немесе оның жұмыстарымен танысуға мүмкіндік туады. Егер сіз баланы өз кабинетіңізде қалдыруды шешсеңіз, онда сіз баланың көзінше анасымен сойлеспеуіңіз және дәптерлерін қарамауыңыз қажет. Бұл әрекеттер оны алаңдатады, және нәтижесінде анық емес мәліметтер береді.

Жұмыс дайын болған кезде, міндетті түрде балаға оны өз бетімен тағы бір тексеріп шығуды ұсыныңыз,содан кейін барып қана бірге тексеруге отырыңыз. Жазылғанды бірге тексеру, баланың практикалық және теоретикалық сауаттылығынан, өзін өзі тексеру қабілетінен, жазылғанды оқу қабілетінен көп мағлұмат береді.

Баланың жазба жұмысы мен жаңа ғана дайындықсыз жазылған творчествалық жұмысын тексерудің нәтижесінде алынған мәліметтерге байланысты зерттеудің ары қарайғы бағыты анықталады. Егерде баланың ауызша сөйлеуінің дұрыс қалыптаспағандығын білдіретін қателіктер байқалса, ауызша сөйлеу үрдісінің жағдайын және осы сферада тілдік компетенцияны анықтау қажет.

Егер балада жазу жетіспеушіліктері басқа психикалық функциялардың жетіспеушіліктерімен байланысты болса, онда психикалық әрекеттің қай жағы және қалай ауыратынын анықтау қажет. Бұны психологиялық және нейропсихологиялық тест методикаларын меңгерген логопед немесе осындай методикаларды меңгерген психолог істей алады.

Егер жазба жұмысын анализдеуде ауызша сөйлеудің тілдік құралдарының дұрыс қалыптаспағандығын білдіретін қателіктер байқалса, онда жазбаша сөйлеуге терең зерттеулер жүргізу қажет. Қосымша тест түрінде ақаулық құрлымындағы басты звеноның көрінуіне алып келетін жазудың әр түрлі түрін қолдануға болады: ауызша айтқанды жазу, көшіру, сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Ереже бойынша жазу мен оқудың бұзылуы комплекс түрінде болады.Сондықтан көлемі бойынша аз ғана жұмысты орындағаннан кейін, оқуға текст ұсынуға болады.

Зерттеуге 5-7 минуттық, белгісіз текст алынады. Текст мазмұны бойынша түсінікті, таныс емес сөздерсіз болуы қажет. Әріптің көлемі кітаптағымен сәйкес немесе кішкене үлкенірек болуы қажет. Бірінші сынып оқушысы үшін иллюстрациялары бар текст алынады.

Басында балаға оқуға дайындалуға, алдағы жұмысқа дайындалуға уақыт беру керек. Балаға дауыстап оқудан бұрын, көзбен шолып шығуды және егер, бір нәрсе түсініксіз болып жатса сұрақ қоюды ұсыныңыз. Ереже бойынша бірінші ретте біз баладан текстті жай оқып шығуды сұраймыз.

Оқу барысында логапед оқу қабілетіне, қателіктер және олардың сипатына мән береді. Оқып жатқан баланы қателіктерін түзету үшін тоқтатуға болады, егер ол қателіктер оқып жатқан тексттің мазмұнын түсінуге әсер етсе ғана. Мынандай ескертулерден сақтаныңыз: «Бұл сөзді тағы бір рет дұрыстап оқы»,-жай тексттегі қажетті сөзге саусағыңызбен немесе укаскамен көрсетіңіз,ары қарай оқу қиын болуы үшін.Бұндай әрекет баланың эмоционалдық қысымын төмендетеді, ол өзін жайлы сезінетін болады.

Бір рет оқып шыққаннан кейін баладан тағы бір қарап шығып, түсінгенін айтуға дайындалуын сұраймыз.Бала өз бетімен дайындалады (дайындалып жатқан сыңай танытады). Одан кейін одан не түсінгенін айтып беру сұралады.

Бұндай жолмен, логапед оқу техникасын және оқылған текстті мәнерлеу үрдісін зерттейді. Түсінген нәрсенің сапасы ғана бағаланбайды,тексттің мазмұнын қай деңгейде және анализдеу барысында неге сүйенгендігі бағаланады.

Тексттің мәнінің бірнеше деңгейі бар: фактология, жалпы мәні және тексттің жасырын мәні. Фактология текстте бар оқиғалардың тікелей бағасынан тұрады. Тексттің жалпы мәні тексттің тақырыбынан тұрады: бұл текст не жайында, бұнда қандай қызықты, жаңа нәрсе айтылған. Тексттің жасырын мәні немесе подтекст – бұл тексттің сыртқы жасырын мазмұны, автор ұсынған идея (бұл текст не үшін жазылған, бұл текст неге үйретеді). Өздерінің сыртқы қарапайымдылығына қарамастан олар балалардың анализдеуі үшін қиын болып табылады. Жасырын мәнді анализдеуді бала өзінің жасына және әлемді түсіну деңгейіне сәйкес жүзеге асырады.

Текст мәнін анализдеу барысында біз оның түсінбеушілігінің әр түрлі көрінісін байқаймыз:



  • денотаттық жоспардың жоқтығы (текст бала үшін шынайы өмір жайындағы ақпаратты тасымалдамайды);

  • текст мазмұнының анализі оқу техникасының төмен деңгейі барысында қиындатылған;

  • ақпарат анализі текстті тілдік бірлік ретінде қабылдау жетіспеушілігі барысында қиындатылған;

  • текст фактологиясы сәтті қабылданады,бірақ онда интеллектуалдық операциялардың дұрыс қалыптаспағандығына байланысты қиындықтар кездеседі.

Жас және интеллект деңгейіне қатысты текстті түсінуін тексеру үшін, әр түрлі тапсырмалар ұсынуға болады.

Ең қиыны- тексттен кілттік сөздерді бөліп алу (сөз тіркесі, сөйлем). Ереже бойынша, текст семантикасын жеткілікті дәрежеде терең меңгермеген балалар, бұл тапсырманы дұрыс орындай алмайды, текстті сөзбе сөз айтуға көшіп кете береді. Ескеретін жайт, үлгі ізімен тура жүру,яғни бала қажетті сөзді есіне түсіргенше мазмұнын айта алмаса, бұл текстті қабылдау облстында, соның ішінде оқу барысында ақаулық бар екенін аңғартады.

Орташа деңгейлі қиын тапсырма- текстті айту.

Және соңғысы, ең жеңіл тапсырма- сұраққа жауап.

Бұнда мынаны ескеру қажет, тексттің жасырын мазмұнының көрінуі тек қосымша сұрақ қолданғанда ғана мүмкін. Маңыздысы, бала біздің сұрақтарымызға жауапты тез тауып қана қоймай, жауап іздеу барысында ойлануы қажет.Логапед сұрақтары нақты формаға ие болуы және ұсынылған тексттің негізгі мазмұнын көрсетуі қажет.Текстті түсіну деңгейі және оқу техникасының қалыптасудеңгейі арасында арнайы корреляция жоқ екені белгілі. Сондықтан, егер оқушыда дауыстап оқығаннан кейін текстті түсінуіне байланысты мәселе туындаса, онда логапед оған іштей оқып шығуға үзінді ұсынып және оны айтуға дайындалуды сұрауы қажет.Оқушының оқуының нәтижелілігі үшін дауыстап оқу техникасынан гөрі іштей оқығанды талқылау үрдісі маңыздырақ.

Оқу барысында мәселесі бар балаларға зерттеу барысында оқуға және ойлануға біртіндеп уақ бірліктер ұсынылады. Текст оқудан біртіндеп сөйлем оқуға, одан сөзге, буындарға және әріптерге көшеді. Осындай оқу барысында оқу процессінің қалыптасуындағы қиындықтарда қай мәселелер маңызды екені анықталады.

Қазіргі логопедияда дисграфия және дислексия классификацияларына қатысты кең көлемдегі тұрғы номенклатуралары бар. Практикада логопедтер жазу және сөйлеу әрекетінің осы түрінің дефектілерінің себептеріне қатысты әр түрлі көзқарастарға сүйенеді. Автор оқырмандарға өзінің дисграфия жайындағы ойлары мен ықпал етпей , психикалық функцияларды зерттеу барысында классификациялары сізге ұнаған және сол ғылыми мектепке жататын автордың ұсыныстарын қолдануға кеңес береді
12 дәріс

Тақырып: Күрделі ақаулық құрылымы бар балалар

Дәріс мазмұны:

1.Күрделі ақаулық құрылымы туралы түсінік

2.Күрделі бұзылыстағы ақаулық құрылымының топтары

Күрделі бұзылыстағы балалардың дамуына екі және одан да көп психо-денелік бұзылыстар бір балада көрінуі жатады (көру ,есту ,сойлеу,ақыл-ой дамуы т.б.).

Мысалы: санарау-нашар кору ,ақыл-ойы болу –соқыр (загип), тірек –қимыл аппараты бұзылған және сойлейуі бұзылған. Күрделі бұзылыс термені күрделі ақаулық күрделі ақаулықтың дамуы ,бұзылыстардың байланыстылығы,қиыса байланысу деген ,мағынаны білдіреді.Мүның бәрі соңғы кезде күрделі ақаулық құрылымы болып есептеледі.Күрделі

Ақаулықтары бар балалар құрылымы байланысты 3 негізгі топқа бөлінеді:



  1. екі психо-денелік бұзылыс жатады.Дамуында ақаушылықтың болуы,соқыр –естімейтін балалар,ақыл-ойы кеміс –санырау,нашар еститін психикалық дамуы болу (алғашқы).

  2. топқа; бірғана белгіленген психо-денелік ақаулық бастаушы болып көріне отырып, оның өзге бұзылысты серіктестік етуі, оның өз денгейде анықталуы бірақта дамуға әсер етуі ақыл ойы болу әрі естуінің төмен болуы.

  3. топқа көптеген бұзылыстардың екеу, үшеу және оданда көп бұзылыстар (алғашқы)әртүрлі денгейде анықталынуы балалардың дамуына белгілі бір бұзылыстарды туғызады,ақыл-ойы болу нашар көретін саңырау балалар,яғни бір балада бұзылыстық бірнешеуі қосарланып келуі моторикасының бұзылуы , көруі естуінің бұзылуы оның сойлеу тілінің мүнкістігімен анықталынады.

Күрделі ақаулықтагы балалар сирек б.и. тәжірбиелі дефектолог-практик зерттеулер мен бақлаулар нәтижесі көрсеткендей мұндай балалар арнайы білім беру мекемелерінде орташа 40% дейін ғана құрайды. Арнайы педагогикада күрделі ақаулықтағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу өз зерттелген және қиын мәселерге жатады.Күні нешеге дейін мұндай топтағы балаларға шынайы педагогикалық комек беру қиын болып келді ,олар оқытуға жатпайды деп есептелді.(ақыл ойы кеміс –көруі және естуі терең түрде бұзылған) бірақта соңғы 10 жылдықта жағдай біркелкі өзгере түсті .Қазіргі арнайы педагогикада

Негізгі мәселелер ретінде қарастырылуда.Аса қосымша үлес психолог-педагогик тәрбие

Жүйесінде соқыр –естімейтін саңырау балаларға жасалынды .Бұл балалардың аталған ақаушылықтарын жүйелі зерттеу өзіндік жағдайларын анықтау ,дауының барысындағы өзгерістерді білуге арналды .Өлардағы міндеттердің біріне-күрделі ақаулыққа ерте диагностика жұргізу. Кеш жүргілінген диагностика –практикада мұндай балалармен кездесуге желетіндігі байқалды .Бала арнайы оқытуға Кеш түседі оған кешігіп көніл бөлінеді. Көбінесе дәрігерге қаратумен шектеледі ,педагог-психологтарға обьективті зерттеулерде көрсетпейде. Ерте диагностикадағы нейрофизиологиялық әдістер маныздылығы күшеюде.Қазіргі ғылым мен техника Баланы ерте танып білуге 1 жасында сәбидің сенсорлық бұзылысының орта және үлкен деңгейін анықтау көзделуде.
13 дәріс

Тақырып: Ақаулығы бар тұлғаларға көмек ету және оларды қолдау

Дәріс мазмұны:

1.Ақаулығы бар тұлғаларға көмек ету

2.Мүмкіндіктері шектелген тұлғаларды қолдау сипаты

Осы тұлғадағылардың ерекшелік жағдайларына мән беріле отырып ,қоғамысызоларды әлеуметтік жағынан қорғауға және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жолына үлкен назар аударуда .Әлеуметтік жағынан көмек ете білудең тиімді жолдарын іздеструде әлеуметтік көмек-бұл гуманитарлық қызмет ету комплексі ,экономикалық жағынан қамтамасыз етілмеген ,әлеуметтік жағынан әлсіз, психологиялық көмекті қажет ететін тұрғындар тобының қабілеттілігін әлеуметтік тұрғыда жақсарту мақсатын көздейді.Бұл белгілі ерекше бойынша кезеңді (мерзімді) және бір мезгілде зейнетақыға қосымша және жәрдем ақы төлеу сипатында сонымен бірге ұзақ уақытың қызмет көрсету (медициналық., психологиялық., құқықтық,, педагогикалық, тұрмыстық т.б.) осындай тұрғындар тобына қиын кезде көмек ету,әлеуметтік-экономикалық қолайсыз жағдай сипатынан құтқаруды қамтиды.Қазіргі таңда әлеуметтік тұрғыданкөмек беру мүгедектік тұлғалар меен өмірлік әрекетімен еңбек ету қаблеттілік жағдайларымен шектелген тұлғаларды көтермелеуге әлеуметтік –педагогикалық тұрғыдай комек ету кеңтүрде көлем алып келеді,әлеуметтік –педагогикалық әрекет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу үсдінсіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған тәрбие үрдісіндегі жеке тулғаның даму ерекшелігінің өзіндік сиаптын есепке ала отырып әлеуметтік көмек ету және барлық тәрбие субьектілерін қамитиды,әлеуметтік – педагогикалық қызмет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу мақсатында білім беру аймағында құрылады ,әлеуметтік –педагогикалық әрекет-экономика,саясатпен,адам өмірінің жеке тұлғалық жағдаймен тығыз байланысты .Ол әртурлі профильді мамандар күшімен қамтамасыз етіледі .Бірақта бұл жолда ең басты маңызды да,міндет роль әлеуметтік педагогика жүктеледі.

Әлеуметтік педагог –арнайы білім беру мекемесінің қызметкері (коррек-лық)барлық әлеуметтік институт жетекшілерімен байланысты болады (педагог,психолог,дәрігер,әлеуметтік жұмысшы,қызметкер,құқық қорғау органдармен,еңбек ұжымымен,ата-аналармен) жеке басқа қызығушылық танытушы тұлғалармен әлеуметтік педагог негізі міндеті –көмек қажет ететін тұлғаларға әлеуметтік өмірге бейімделу жағынан көтермелеу,жеке тұлғалық жағынан дамуына көмек ету.

Мүгедектер үлкейген кезде мағыналы психологиялық травмаларды тасымалдайды,адам ортасын жиі өзгерту сичқты-өмір бейнесін,қарым-қатынас ортасын өзгертеді.Оның қоршаған ортаға деген тәуелділігі күшейеді.Еңбек ету әрекетін міндетті түрде жиі өзгертіп отыру керек,сонымен қатар материалды және моральды зиянды байланыстарды.



Компьютерлік жүйедегі мамандық саны мен олардың факторлық еңбектерін кодпен хабарлауға шек қойылады.Психологиялық мүмкін болатын көрсеткіштер сол басқа адамның еңбек ету қабілеттілігіне шек қоюмен сәйкес келеді,тізімге кірітіндердің психологиялық талаптарына сәйкес келеді.Сәйкес келетін нақты жұмыс орны мен мамандықтарға ұқсастығы бағаланады-талаптармен,функция организмдердің көрсетуімен,зерттелушінің психофизиологиялық мүмкіндіктеріне бағытталған нақты мамандықтың параметрлерімен және жұмыс орнын адам өзі дәл, дұрыс таңдаумен бағаланады және мүмкіндік береді,жүйе региондарындағы бос жұмыс орындарын толықтырады.

Мінез-құлық пен күрделі бұзылу дәрежесіне бағынатын адамдардың еңбек ету қабілетіне шек қоюы түрлерін алуға бастапқыдан жоғары кәсіпшілікке дейін.Ақыл-оының бір қалыпты болуы туралы оқытудың әртүрлі мүмкіндіктерін айтуға болады, еңбек ету қабілетіне шек қоятын жоғары және орта кәсіби білімді құруда.Қазіргі заманғы шетел практикасы көрсетеді мүмкіндіктерін шектеу үшін ақыл-ойының бір қалыпты, дұрыс арнайы білімді талаптармен арнайы тіршілік әрекет ортасын құруға болады, бөгеулерді шешу үшін және мүмкіндігі шектелген адамдардың жоғары және орта арнайы білім алу үшін.Арнайы қала орталықтарын жабдықтауда –транспорт, архитектура, тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және қала талаптарыныз техникалық және басқа да көмектесу орталықтары мен білім процестері, арнайы түзету жұмыстары мен реабилитациялы программалар, ассистенттердің болуы, аудармашылар және тағы басқалары.Мүмкіндіктері шектелген жағдайда еңбек ету қызметі басқа білім алу мүмкіндіктері еңбек ету әрекеттеріне қарағанда шынындада бірдей.Мүмкіндігі шектелген адамдармен қарым-қатынастың болмауы еңбек ету қабілеттерінің сапасыз және мәндерінің әлсіз болуына әкеледі. Мүмкіндігі шектелген адамдар еңбек ету қабілеті студент сияқты тең міндеттерге құқылы, тең құқық алады және солардың соңында қызметкер мекеме істерін бастайды.Біздің елімізде мүмкіндігі шектелген адамдардың еңбек ету қабілеті бірдей болмайды. Біреулері өз мүмкіндіктерімен жұмыс жасаса, ал енді біреулері кәсіби білім алуда.Мұндай оқиға мыңдаған студенттер арасында кездеседі. Ресейдің жоғары оқу орындарында қазіргі білім алып жатырған мүгедек студенттердің саны тек мыңдаған адамдардан құралады. Көбінің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері болмайды, әсіресе мектепте сапасыз білім алған, жоғары оқы орындарының білім талаптарымен тіршілік орта әрекеттеріне үйлесе алмай немесе шыдай алмай оқудан шығып жатады.Студенттердің мүмкіндігі шектелген тіршілік әрекетінде, арнайы жоғары оқу орындарында түрлі білім алу жайлап – жайлап дәстүрлі түрі ретінде қалыптасуда. Москвалық институт – интернаттағы тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедектермен, әлеуметтік реабилитациямен Новосибирск қаласындағы мемлекеттік техникалық Ресей университеті, мемлекеттік арнайы Ресейдің мәдени өнер институты, реабилитацияның сыртай оқу институты жалпы Ресейлік нашар көретін мүгедек қоғамдығын кәсіби дайындайды. Бұл оқу орындары тек қана кәсіби білімдегі тапсырмаларды шешпейді, сонымен қатар ол әлеуметтік – экономикалық, медицина – психологиялық жағынан қамтамасыз ете отырып, студенттерді мүмкіндіктеріне шектеу қойған тіршілік әрекеттерінен қорғайды. Осылардың барлығы топ студенттерінің тәжірибелерін біріктіруде пайда болады.Мүмкіндігі шектеулі жалпы жоғарғы оқу орындарындағы білім тасқыны бөлек топтарда немесе факультет түрінде өткізіледі. Бұл дәстүр 30-шы жылдары алғаш СССР-дағы жоғарғы оқу орнында (МВТУ Н.Э.Баумана атындағы) құлағы естімейтін студенттер оқығанда салынған болатын. Қазір Н.Э.Баумана атындағы Москвалық мемлекеттік – техникалық университеті арнайы білімді орта организациялар ішіндегі мүгедек студенттер үшін жоғарғы оқу орындарының лидері болып табылады. Басқа университет студенттеріне қарағанда мүгедек студенттердің бір бағытта білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.Құлағы естімейтін және көрмейтін студент топтарын қазіргі таңда педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытады. ( РГПУ А. И. Герцин атындағы, Санк-Петербург, М П Г У, Москва )Осыдан он жыл бұрын жоғары оқу орындарында білім алып жатырған көрмейтін және естімейтіндеге эксперимент жүргізілген болатын: сонда бірнеше көрмейтін, естімейтін балалар үйден бітіріп, содан кейін МТУ –дағы психологиялық факультетке түседі. Қазір осы топтың түлектерінің бірі- А. Суворов психология ғылымының докторы, профессор.Мүмкіндігі шектелген еңбек ету қабілеттігінің көп бөлігі орта профессионалды білім алу жүйесіне қол жеткізеді.Естуі бұзылғандар, көруі бұзылғандарға, тірек –қимыл аппараттары бұзылғандар өз еріктерімен мамандық таңдайды. Бұлар техникалық жағынан мамандандырылады және мәдениет пен білім алумен мамандандырылады. Жастар профессионалды білім алу процесінде ерекше білімді қажет етеді, арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелеуде. Мүмкіндігі шектеулген сол немесе басқа топ студенттеріне түзету жұмыстарын жүргізгенде белгілі бір қажеттіліктер пайда болады. Белгілі бір бағыт көрсету көмегі арқылы өзіне керекті тапсырмаларды меңгеруде, ерекшеліктерді байланыстыруда қиындау болады. Сонымен құлағы естімейтін студенттер мамандандырылған сөздердің түсініктерінің қиындықтарын сезінеді. Мұндайларға арнайы көмек көрсету үшін қосымша қолдау жүйелеріқұрылады. Сондай-ақ қазіргі компьютерлік технологияларда қолдану негізінде құрылуда.Европа елдерімен салыстырғанда Ресейде мамандық саны тез қысқарып кеткен. Сондықтанда мүмкіндігі шектелгендер еңбек ету қабілеттілігін нақты меңгере алу мүмкін. Бұл дәстүр көптеген мектептерде ұсынылады, бұл сонымен қатар қазіргі заманғы еңбек базаларында да сұранысқа ие болып отыр. Қазір Ресейде жалпы мүгедектер санының 11 пайыз ғана жұмыс жасайды. Сондықтанда хабардар болған тәжірибелі мектеп жүйесі, бастауышта тәжірибелі дайындықта қайта жасалады. Жаңа модельдердің ұйымдастырушылық проформентацияларын таба отырып, тәжірибелі дайынық түлектерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы базарлық талаптар, базар еңбектерін мамандықтары бойынша оқыта отырып, меңгере алады: шаштараз, массажист, жұмысшы типографиясы, тіс техникасы, программист, флорист, сантехник, аяқ киім тігуші және тағы басқалары. Бұған тек арнайы мектептердегі жаңа модельдер қабілетті болады,олар өзін тек білімдімін деп қана есептемейді, сонымен қатар проферментационалды структуралары бар бастапқы тәжірибелі білім алуға қатысушылар бөліп алуға, ал кейде оларды жұмысқа орналастыруға қабілетті болып келеді.Осы бағыт даму үшін Ресейдің түрлі педагогтарымен-практикаларының көп ақша салуы арқылы жасалды.(Г.В.Васенков, Ю.И. Попов, Е.И Капланский-Москва, У.М.Муртузалиев-Махатчкала; Т.П Трубачевск, Л.П. Уфимцев- Краснаярск, Н.А. Плохов-Магадан) Дамыған елдерде мүмкіндігі шектелген еңбек ету қабілеттерінің түрлі формаларымен дәрежесі реалды шындықты пайдалануға, толық бағалы тәжірибелі біліммен мүмкіндігі шектелген еңбек ететін мүгедектердің қызығушылықтарын мамандық түрлерінде меңгертуге болады. Егер адам өз күшіне сенбесе, еңбектерін жетілдіруде, оған үлкен мүмкіндік беріледі. Ол өзінің қабілетімен қызығушылық деңгейінде жұмыс жасайды.
14 дәріс

Тақырып:Медициналық-педагогикалық-психологиялық комиссия қызметі

Дәріс мазмұны:

1.МППК-ның мақсаты мен міндеттері.

2.МППК-ның қызметінің ұйымдастырылуы.

МППК-ның негізгі қызметі психиканың немесе денелік дамуында ауытқушылығы бар балаларды арнайы мекемелерге дифференцияланған тұрғыдан таңдау жасауға бағытталған. МППК балалардың емдеу-профилактикалық мекемелерге жолдама бойынша ұсыныс береді, сонымен қатар балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету мекмелеріне жолдамалық ұсыныс береді, өйткені денсаулыұ және интеллект жағдайына байланысты олар жалпы мектептерде оқи алмайды.

МППК-ның міндетіне дамуында жеңіл ауытқушылықтары бар балаларға білім беру, тәрбиелеу, емдеу мәселелері бойынша педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру жатады.

Арнайы мекемелерге жолдаманы тек МППК береді. Комиссия толықтай медициналық-педагогикалық-психологиялық және логопедиялық зерттеу жүргізіледі. Егер бала мектепке барып жүрген болса, МППК-ның келесі міндетіне үлгермеушіліктің себебін анықтау, дефект құрылымының сипаттамасын құру жатады. Егер бала мектепке әлі бармаған болса, онда мамандар оның оқуға даярлығын анықтайды. Мұнда оның физиологиялық және әлеуметтік жетілуін, интеллекттуальдық даму деңгейін,эмоциональды ерік сферасының ерекшелігі қарастырылады.

Балалардың үлаендердің көмегін қалай қабылдайды және берілген тапсырмалар бойынша жаңа білік пен дағдыны қалай басынан кешіріп жатқанын анықтап алу маңызды.

Жолдама беріледі:



  1. «дебильдік деңгейдегі олигофрения» диогнозы бар, соның ішінде Дауна ауруымен ауратын балаларға;

  2. бас миының инфекциялық, интексикациялық және басқа да постнатальды зақымдардың әсеріне табиғи деменциясы бар балаларға;

  3. бақылаудағы балалардың күндіз немесе түнде жиі құлап қалу жағдайында көрінетін эпилепсиялық деменциясы бар балаларға;

  4. шизофрениялық деменциясы бар балаларға.

МППК облыстық, қалалық білім беру бөлімінде ұйымдастырылады. Комиссия құрамына кіреді:

    • төрағасы - басты міндеті комиссияның отырысын жоспарлау мен ұйымдастыру болып табылады;

    • балалар психиатры,баланың жағдайын медицина тұғысынан қарайды, бас миы орталық жүйке жүйесінің қабыну көздері мен күрделі ауруларды жояды, баланың психикалық жағдайын зерттейді;

    • офтальмолог - баланың көру мүшелерін зерттеуші;

    • дефектолог – баланың спихикалық және денелік дамуында аномалиясы бар жоғын анықтайды;

    • психолог – баланың жеке ерекшеліктерін анықтап, оның тұлғасына мотивациялық, мінез-құлқысына және интеллектуальдық деңгейіне мінездеме жазады;

    • логопед – баланың артекуляция мүшелерінің, сөйлуінің, сөздік қорының жағдайын зерттейді;

    • хатшы.

МППК-ға кіретін маманның алдына жеке міндеттер қойылады, бірақ зерттеу жалпы тексерудің нәтижесінің есебімен жүргізіледі. Жұмыс нәтижелі болу үшін МППК-ның мамандар құрамы тұрақты болу керек. МППК-ның жұмысы нақты график бойынша жүргізіледі. Бір жылдың ішінде комиссия айына бір рет жиналады.

МППК-ға балаларды қабылдау журналы жүргізіледі. Мұнда әр баланың тегі, туған жылы, баланың баратын мектебі немесе бала бақшасы, мекен-жайы,диагнозы көрсетіледі. Ары қарай журналға комиссияның қойған диагнозы, ұсынысы, сыныбы енгізіледі.

Әр балаға хаттама толтырылады. Оған бала туралы жалпы мәлімет, тәрбиелеу жағдайы, танымдық іс-әрекетінің жағдайына мінездеме, логопедиялық, педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде сипатама м.ж.д. дамуы жазылады. Хаттама жеке іс-парағына тігіліп баланы жіберген бала бақшаға немесе мектепке жібереді. МППК міндетті түрде баланың арнайы мекемелерге барып жүргендігін қадағалау тиіс.

Хаттаманы білікті маманданған хатшы жүргізеді. Кейін хаттама баланың жеке іс-парағында сақталады. Арнайы мектептің ұзтаздары баланың тұлғалық ерекшеліктерімен және психофизикалықдамуын, оқушының деңгейімен алдын-ала танысады. Сонымен қатар баланың даму динамикасын анықтауға көмектеседі.

Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістері басқа әдістермен тығыз байланысты және 4 бағыты бар.


  1. Клиникалық әдістер (медициналық, психиатриялық, психоневрологиялық). Клиникалық әдістің құрамды бөліктеріне психологиялық тексеру жатады. Нақты мәліметтерді дәрігер жазбаша түрде береді.

  2. Психологиялық әдістердің – 3 түрі кездеседі:

    1. бақылау – ұзақ уақыт және қысқа уақыт мерзімді, экспериметтік әдіс – баланың іс-әрекет нәтижесін зерттеу (еңбек, ойын, оқу), анкеталау. Әңгелесу немесе сұрақ-жауап әдісі де кеңінен қолданылады.

    2. нақты психологиялық әдістемелер – нақты қызмет пен процестерді зерттеуге бағыттарын психологиялық әдістемелер. Танымдық іс-әрекетті зерттеу қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. тексеруге арналған әдістеменің жинағымен жүргізеді.

    3. баланың қандай да бір жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеуге бағыттарын жеке психологиялық әдістемелер.

  3. Білім беру үрдісінде балаларды бақылауға бағытталған педагогикалық әдістамелер. Яғни бала жаңа білімді игеру барысымен қатар тексеріледі.

  4. Сөйлеуді зерттеу әдістері – логопедиялық әдістер.

15 дәріс



Тақырып: Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

1.Ақаулығы бар балаларға арналған мекемелерді ұйымдастыру

2.Ақаулығы бар бала арналған мекемелердегі арнайы білім беру принциптері

Аса білім беруді қажет ететін мектеп кезеңіндегі балалар арнайы білім беру мекемелер жүйесіне мектеп –интернаттарда екеуі мүмкін балалрдың әртүрлі бұзылысын дамытуға арналған.Қазіргі кезде 8 негізгі арнайы түрдегі мектептер қызмет істейді .Бұрынғы ақыл-ойы (болу) қалыс, соқыраулар мектебі т.б. диагностық сипаттарын айтпай қатардан шығару .Арнайы мектептер түріне қарай реттін қатар (номір) бойынша нормативтік-құқықтық және арнайы құжат бойынша олар былай аталады.Мұндай мекемелердің қызметі Ресей Федерациясында Үкіметінің 1997 ж. 12.03 \288 қаулысында арнайы білім беру түзету мекемелерінде оқытуға арналған тәрбиеленушілердің ақаулығын дамытуға арналған типтік жағдайын бектту туралы және Р.Ф.білім беру министр бойынша арнайы б\б мекемелерінің 1-8 түрінің өзіндік қызметі туралы тіркелді.Соңғы жылдары арнайы білім беру мекемелерінде басқа түрлі ақаулығы денсаулығы және өмір сүру жағдайы дәйектелген балалармен және тұлғасында аутистикалық белгісі бар.Дауна белгісі балаларда осы категорияғ ақамтылады. Сонымен жиі хроникалық созылмалы және әлсізделген балаларға арналған санаториялық (тоғайда )мектептер қызмет етуде .Барлық балаларға оқуға,тәрбиелеуге емдеуге ,әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге қоғамға екуіне жағдай жасалуда.

Принциптер - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар танымдық әрекетін басқару мен түзету –білім беру процесін ұйымдастырудың ерешеліктер мен мазмұнын анықтайтын жалпы ,мәнді және тұрақты талаптардың жүйесі.

1.Педагогикалық оптимизм принциптері -әр адамның ерекшелігіне және өмірлік әрекеттік шектелген мүмкіндіктеріне қарамай білім процессіне қосылу құқығын мойындайтын қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді .

2.Ерте педагогикалық көмек принципі-баланың дамуындағы ерте (диагностика )аутқу диагностикасымен және ерте анықтауды оның ероекше білім қажеттілігін байқау үшін қамтамасыз ету .

3.Білімнің түзету –толықтырылу бағыттылық принципі –баланың сау күшіне тірек болады

және сақталған анализаторларды ,организмнің жүйесі мен қызметін қолданып ,білім процесін құрады .

4.Білімнің әлеуметтік –бейімделу бағытталық принципі-өзбеттілік мүмкіндіктерінің және әлеуметтің көмегімен белгілі бір мөлшерде «әлеуметтік төмендеуді» азайтуға (көмек ) мүмкіндік береді .

5.Әлеуметтік білім тәсілі ретінде ойлаудық,тілдің және қарым-қатынастың дамуы принципі –ойлаудың,сөйлеудің ,қар-қатынастың дамуындағы спецификалық мәселелер шектелген мүмкіндіктегі категориялардың барлығында кездеседі :Арнайы білім және әлеуметтік мәдени бейімделу реализациялық жағдай қажет .

6.Оқыту мен тәрбиедегі қызметтік жол принципі – арнайы білімдегі пәндеп –практикалық әрекет баланың дамуындағы компенсаториық қамтамасыз етілудің арнайы тәсілі болып табылады және ол сабақта ,тәрбие процестерінде жүзеге асады.

7.Жекелей және салыстырмалы жол принципі-оқытуда баланың жеке ерешелігін есте алып жағымды жағдайларды құруға бағытталған .

8.Арнайы педагогикалық .басшылықтың қажеттілік принципі түзету педагогикалық бағытында дамыту және түзету құралдары мен қызметін үйлесімді таңдап алу қажеттілігіне негізделеді.


6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН.
7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұщраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.



Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі


Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет