Лекция Полимерлер молекуласының негізгі қасиеттері



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі130,06 Kb.
#80805
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
лекция 3
Документ Microsoft Word, 1 Шамшидин М.Б. - титулы мазмуны, lecture №1, lecture №1



Лекция 3. Полимерлер молекуласының негізгі қасиеттері.

Жоспар:
1.Жоғары молекулалық қосылыстардың салыстырмалық молекулалық массасы.


2.Полимолекулярлық. Иілгіштік.
3.Сегменттің шамасы.

Полимерлердің төменгі молекулалық қосылыстардан айырмашылық-тары


1. Жоғары молекулалық масса. Полимерлерде синтез жағдайына байланысты полимерлену дәрежесі әр түрлі макромолекулалар түзіледі. Сондықтан жоғары молекулалық қосылыстардың ММ-сы тұрақты емес, орташа статистикалық шама.
2. Полимерлердің ерітінділерінің жоғары тұтқырлығы. Полимерлер еріткіштерде ұзақ уақыт ериді, алдымен ісінеді.
3. Полидисперстік. Полидисперстік полимер макромолекулаларының ұзындықтарының әр түрлі болуы. Ол реакцияның жүру жағдайларына байланысты (алынған мономер, реакцияның ортасы, инициатордың түрі, температура).
4. Жоғары молекулалық қосылыстар қатты және сұйық қалыпта болады.
5. Жоғары молекулалық қосылыстар жұқа қабық және талшық түзеді.
6. Полимерлерді қайнатып айдау арқылы тазалауға болмайды. Барлық органикалық полимерлердің тығыздығы төмен (0,9-2,3 г/см3), диэлектриктік қасиетке ие, түссіз, жарық және ультракүлгін сәулелерді өткізеді.
7.Полимерлер иілгіш, созылғыш және майысқақ келеді. Полимерлердің қалыңдығы артқан сайын олардың бұл қасиеттері макромолекулалардың ішкі кедергісі әсерінен төмендейді.
8.Полимерлерде химиялық өзгерістер толық аяғына дейін жүрмейді. ЖМҚ үшін зат құрамының тұрақтылық және зат массасының әрекеттесу заңдары сақталмайды.
9.Жоғары молекулалық қосылыстарда үрдістердің уақыт аралығында жүруі, яғни релаксация құбылысы орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет