Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 2. Туберкулезге қарсы балалар санаторийлерінің штат нормативтері



бет34/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 2. Туберкулезге қарсы балалар санаторийлерінің штат нормативтері
420. Бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасарының лауазымы санаторийлерде 300 және одан көп төсекке белгіленеді.
421. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы санаторийлерде 100-ден кем емес төсек бар әр бөлімшеде белгіленеді.
422. Дәрігер лауазымы 1 лауазым есебінен былай белгіленеді: туберкулездің активті түрімен, сүйек туберкулезімен ауыратын науқас, туберкулез менингиттен кейінгі реконвалесцент балаларға арналған 30 төсегі бар санаторийлерге; туберкулездің қайтымды нысанымен балаларға арналған 50 төсек бар санаторийлерге.
423. Стоматолог-дәрігер лауазымы санаторийлерде (ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерден басқа) 75-150 төсекке - 0,5 лауазым; 150-ден астам төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
424. Диетолог-дәрігер лауазымы санаторийлерде 100-200 төсекке - 0,5 лауазым; 200-ден астам төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
425. Балаларға арналған 250 және одан да көп төсек бар санаторийлерде сүйек туберкулезімен ауыратын науқастарға дәрігер-фтизиатр лауазымын белгіленеді, ал жабдықталған операция бөлмесі болған жағдайда - хирург-дәрігер лауазымы бекітіледі.
426. Санаторийлерде кешкі және түнгі уақытта науқас балаларға дәрігерлік қызмет көрсету (дәрігерлер кезекшілігі) әрбір санаторийдің қуатына, құрамы мен жергілікті жағдайларына байланысты белгіленген айлық жұмыс уақытының нормасы есебінен арнайы кесте штаты дәрігерлердің кезекшілік етуі жолымен ұйымдастырылады.
427. Медициналық мейірбикелер (палаталық) посты санаторийлерде және санаторий бөлімшелерінде бір мейірбикенің (лауазым) қызмет көрсетуі есебінен белгіленеді: туберкулездің белсенді түрімен, сүйек туберкулезімен ауыратын, туберкулезді менингиттен кейінгі реконвалесцент балаларға арналған күндізгі 20 төсекке, түнгі 60 төсекке; туберкулездің қайтымды түрі бар балаларға арналған күндізгі 50 төсекке, түнгі 10 төсекке.
428. Изолятор мейірбикесі лауазымы санаторийлерде былай белгіленеді: 75-100 төсекке - 1 лауазым; 101-250 төсекке - 3 лауазым.
429. Гипс салу кабинеті фельдшерінің немесе мейірбикесінің лауазымы сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлерде 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
430. Осы аталған санаторийлерде жабдықталған операция бөлмесі болған жағдайда - 1 фельдшердің немесе операциялық мейірбикенің лауазымы белгіленген.
431. Массаж жасайтын мейірбике лауазымы туберкулезді менингиттен кейінгі реконвалесцент және сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлерде 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
432. Диетолог-мейірбике лауазымы санаторийлерде 50 төсекке - 0,5 лауазым; 51-250 төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
433. Ортопедиялық кабинеттің мейірбикесі лауазымы сүйек туберкулезімен науқас балаларға арналған санаторийлерде белгіленеді: 50-100 төсекке - 0,5 лауазым; 101-250 төсекке - 1 лауазым.
434. Сүйек туберкулезімен науқас балаларға арналған санаторийлерде таңу бөлмесінің фельдшері немесе мейірбикесі лауазымы белгіленеді: 75-125 төсекке - 1 лауазым; 125-тен көп төсекке - 2 лауазым белгіленеді.
435. Медициналық статистик лауазымы санаторийлерде мынадай жағдайларда белгіленеді: 100-125 төсек болса - 0,5 лауазым; 125 төсектен көп болса - 1 лауазым белгіленеді.
436. Санаторийлерде 150 және одан көп төсек болса дезинфектордың 1 лауазымы белгіленеді.
437. Екі немесе одан көп оқшауланған корпустары бар санаторийлерде (ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерден басқа) белгіленген мейірбикелер (палаталық) саны 25 төсектен кем емес әрбір корпус үшін 1 мейірбикеге көбейеді.
438. Санитарлар (палаталық) посты мектепке дейінгі және мектеп жанындағы балаларға арналған санаторийлерде бір санитардың (лауазымы) 20-25 төсекке күндіз және 50-60 кереует-орынға түндегі уақытта қызмет етуі есебінен белгіленеді, ал ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерде - бір санитардың (лауазымы) 15 төсекке күндіз және 30 төсекке түндегі уақытта қызмет етуі есебінен белгіленеді.
439. Екі немесе одан көп бір-бірінен оқшауланған корпустары бар санаторийлерде (ерте жастағы балаларға арналған санаторийлерден басқа) белгіленген санитарлар (палаталық) саны 25 төсектен кем емес әрбір корпус үшін 2 санитар лауазымына көбейеді.
440. Изолятор санитары лауазымы санаторийлерде былай белгіленеді:
50 төсекке - 1 лауазым;
51-100 төсекке - 2 лауазым
101-250 төсекке - 3 лауазым.
441. Туберкулезді менингиттен кейінгі реконвалесцент балаларға арналған 50 және одан да көп төсек бар санаторийлерде физиотерапия кабинетінің қызмет көрсетуі үшін 1 лауазымы белгіленеді.
442. Озокерит-балшықпен емдеу кабинеттері болған жағдайда санаторийлерде қосымша былай белгіленеді:
50-100 төсекке - 1 санитар лауазымын белгіледі;
51-100 төсекке - 1,5 санитар лауазымын белгіледі.
443. Гипс салу кабинетін қызмет көрсетуі үшін санитар лауазымы сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлерде былай белгіленеді:
75-100 төсекке - 0,5 санитар лауазымы белгіледі;
101-250 төсекке - 1 санитар лауазымы белгіледі.
444. Асхана санитарының лауазымы активті туберкулез түрімен науқас және сүйек туберкулезімен науқас балаларға арналған санаторийлерде 30 төсекке - 1 лауазым белгіленеді.
445. Сүйек-туберкулез санаторийлерінде 50 төсекке - науқастарды тасымалдау мен сүйемелдеуші санитардың 1 лауазымы белгіленеді.
446. 75 және одан көп төсек бар санаторийлерде шаруа-бикесі белгіленеді. Екі немесе одан көп корпустарда 150 және одан көп төсек орналасқан санаторийлерде 2 шаруа-бикесі лауазымы белгіленуге рұқсат етіледі.
447. Педагогикалық бөлім меңгерушісінің лауазымы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған барлық санаторийлерде 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
448. Тәрбиешілердің лауазымы 1 лауазым есебінен былай белгіленеді:
50 төсекке - 3 жасқа дейінгі балаларға арналған санаторийлер, бөлімшелер, барлық бейінді палаталарда;
30 төсекке - 3 жастан жоғары сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға арналған санаторийлер, бөлімшелерде, барлық бейінді палаталарда;
449. Тәрбие жұмыстарын екі ауысымда жүргізу барысында 3 жастан асқан мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, егер мұғалім-тәрбиелеуші лауазымы белгіленбеген болса, санаторийлердің, бөлімшелердің және палаталардың бейініне сәйкес қосымша 30, 15 немесе 25 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
450. Музыка жетекшісінің лауазымы санаторийлерде былай белгіленеді:
50-125 төсекке - 0,5 лауазым;
125-тен көп төсекке - 1 лауазым;
Сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға, санаторийлерде және бөлімшелерде көрсетілген лауазым тек қана 7 жасқа дейінгі балаларға арналған санаторийлерде және бөлімшелерде енгізіледі.
451. Еңбек жөніндегі нұсқаушының лауазымы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған санаторийлерге және бөлімшелерге 50 балаға 0,5 лауазым белгіленеді.
452. Санаторийлердегі балалар үшін 250 және одан да көп төсекке, сүйек туберкулезімен ауыратын балаларға, 100 баладан кем емес 7 жастан кішірек балаларға, педагогикалық бөлімнің мектеп жасына дейінгі бөлімшесінің қосымша меңгеруші лауазымын белгілеуге рұқсат етіледі.
453. Бастауыш, жеті жылдық және орта мектеп мұғалімдері лауазымдарын сүйек туберкулезді мектептер мен туберкулез санаторийлері үшін бекітілген оқу жоспары және сынып санына байланысты белгілейді.
454. Бастауыш, жеті жылдық және орта мектептері сыныптарында 10-нан кем емес және 20-дан аспайтын оқушы санына (туберкулез санаторийлерінде -10-нан кем емес және 25-тен аспайтын оқушы санына) белгіленеді.
455. Балалар бөлімшелерінің медициналық және педагогикалық қызмтекерлерінің штаттары, ересектерге арналған санаторийлерде ұйымдастырылатын, балалар санаторийлеріне арналған штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді. Балалар бөлімшесінің бас мейірбикесі лауазымы бөлімшеде 25 және одан көп төсек болған жағдайда белгіленеді.
§ 3. Нерв жүйесі бұзылған шектеулі, психикасы бұзылған және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет