Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері



бет26/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Жүректің бұлшық еті

Жүрек миокардында екі түрлі бұлшық ет болады: жұмысшы және өткізгіш. Миокардтың негізгі бөлігі жұмысшы бұлшық еттен тұрады. Жүректің бұлшық еті кардиомиоцит деген клеткалардан тұрады. Кардиомиоцит ұзын клетка, ортасында ядросы бар, миофибрилдер клетканың шетінде жатады. Миофибрилдер көлденең жолақты болуы және жіңішке актиндік, жуан миозиндік протофибрилдерден тұрады. Миохондриялар өте көп болады. Олар саркосом деп аталады. Митохондрияда кристалар көп болады. себебі бұл жерде белсенді түрде АТФ синтезі және тыныс алу процесі жүреді. Жүректің бұлшық ет өмір бойы тоқтамай істен тұрады. Саркоплазмалық ретикуладан каналшалар мен кең көпіршіктерден тұрады, бірақ соматикалық бұлшық етке қарағанда нашар дамыған. Кардиомиоциттертізбектеліп жатады. Олар клеткалардан тұратын ұзын талшықтарға ұқсас құрылыстарды жасайды. Клеткаларды бір-бірінен қосымша жолақтар бөліп тұрады. Электронды микроскоп арқылы зерттегенде ол құлып секілді клеткаралық байланыс екендігін анықтайды. Екі көршілес клетка арасында 20-30 нм қуыс қалады. Миофибрилдер қосымша жолақтың аймағында Z жолаққа бекінеді. Кардиомиоциттердің плазмалеммасы сыртында базальді мембрана орналасады. Клетка тізбектерінің арасында дәнекер ұлпалық қабаттар орналасады. Ол қабаттардың ішінде қантамырлар мен нервтер өтеді.

Кардиомиоциттердің жиырылғыш нерв импульстері реттейді. Жүректің өткізгіштік жүйесі арнайы кардиомиоциттерден тұрады. Сол жүйе жүрекшелер құлақшалар мен қарыншаларының бірдей жиырылуын қамтамасыз етеді. Ол жүйе үш бөлімнен тұрады: амин – жүрек алды түйін (Кис-флактың түйіні), жүрек алды – қарынша (Ашофф-Тавар), жүрек алды – қарынша (Гисс шоғы).

Өткізгіштік жүйенің кардиомиоциттері ерекше болады. Жиырылу қабілеттілігі аз болады, бірақ импульстары өткізе алады. Митохондриялары аз, гликоген көп болады. Онда анаэробты гликолиз жүреді. Көлденең жолақты миофибрилдер аз болады.

Жүрек бұлшық еті зақымданғанда (мысалы инфаркт кезінде) өлген клеткалардың орнын дәнекер ұлпа толтырады. Ал кардиомиоциттер бөлінбейді. Бірақ кейбір зерттеушілер тәжірибе жасап миокарды зақымданғанда кардиомиоциттерінің митозын сипаттаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет