Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері


Дәріс 14 Нерв ұлпасының құрылымы мен қызметі



бет27/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Дәріс 14
Нерв ұлпасының құрылымы мен қызметі
Дененің өзара қатынасы мен әрбір органдардың байланысы нерв жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Нерв ұлпасы органдардың әрекеттерін реттеп, тұтас организмнің тіршілігін үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайына бейімдеп отырады. Сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру нерв ұлпасының негізгі бір қасиеті. Сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне организмнің нерв жүйесі арқылы жауап беруін рефлекс деп атайды.

Дененің ішкі және сыртқы нерв ұлпалары тітіркенгенде қозу туады. Пайда болған қозу сезімтал нерв арқылы орталық нерв жүйесіне өтеді. Ал орталық нерв жүйесіндегі қозу қозғалтушы нерв арқылы органға жетіп, оған қызмет жүктейді. Қозу өтетін жолды рефлекс доғасы дейді. Рефлекс арқылы организм орта жағдайына бейімделеді. Жануарлардың филогенездік дамуында нерв жүйесі ұзақ эволюциялық кезеңдерден өтті. Құрылысы күрделенген сайын олардың сыртқы ортаның әсеріне жауап беру түрлері де күрделене түсті. Нейрон – тітіркендіргішті қабылдап, өңдеп, оларды дененің әр органдарына немесе нейрондарына өткізетін күрделі маманданған нерв клеткасы.

Нейрондар нерв жүйесінің орталықтары мен талшықтарын және ұшты аппаратын құрайды. Орталықтар деп бір нейроннан екінші нейронға импульс өткізетін бөлімдерді атайды.

Нейрофибриллдер жіпше тәрізді перикарионда және нейрондардың өсінділерінде орналасатын құрылым болып саналады.

Тигроидты заттар нейрондардың перикариондарында кездесетін түйіршікті заттар. Нерв ұлпасы нерв системасын құрайды. Нерв ұлпасы нейрондардан және нейроглиядан тұрады. Нейрондардың құрылысы жағынан: униполярлы, биполярлы, мультиполярлы болады. Өсінділері аксон және дендрит деп аталады. Қызметтеріне қарай сезгіш, ассоциативті, эффекторлы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет