Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


Табиғи сулардың химиялық құрамы, негізгі сипаттамалары



бет15/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар
шпоры механика, 13 UkM, Строки в python, Каталогг Июля 2022, 1587446007
Табиғи сулардың химиялық құрамы, негізгі сипаттамалары
Гидросферада негізгі рольді Әлем мұхиты атқаратындықтан соның химиялық құрамына тоқталайық. Мұхит суының химиялық құрамында 5 компонентті бөлуге болады:

  1. Басты иондар. Мұхит суында барлық ерітілген тұздар салмағынан бұл иондардың мөлшері 99,98%. (2 – кесте)

  2. Биогенді элементтер. Өйткені олардан тірі организмдер құралған (көміртегі, сутегі, азот, фосфор, кремний, марганец, темір).

  3. Еріген газдар: көмірсутектер және оқшау газдар жатады.

  4. Микроэлементтер.

  5. Органикалық заттар.

2 – кесте Мұхит суының негізгі (басты) иондары



Аниондар

Концентрациясы, грамм/кг

Катиондар

Концентрациясы, грамм/кг

Cl-
SO42-
HCO3-
Br-
BO3-

12,35
2,70
0,14
0,06
0,03

Na+
Mg2+
Ca2+
K+
Sr2+

10,76
1,30
0,41
0,39
0,01

Адам қанында тұздар мөлшері мұхит суының элементтік құрамына өте жақын.

3 – кесте Адам қанының және Әлем мұхиты суларының салыстырмалы элементтік құрамы



Компоненттер

Қанда ерітілген тұздар қосындысының мөлшері, %

Әлем мұхитының суларында ерітілген тұздар қосындысының мөлшері, %

Cl-
Na+
О2-
К+
Са2+

49
30
9,9
1,8
0,8

55
30,6
5,7
1,1
1,2


Сонымен бірге қазіргі кезде Әлем мұхитында өсетін өсімдіктер шырыны сулардың химиялық құрамынан ерекше болады. Вернадский бойынша теңіз суының құрамы биохимиялық процестермен анықталады, басқаша айтқанда, Әлем мұхиты суларының химиялық құрамы тірі заттың химиялық құрамын көрсетеді. Биосфера сулары тек қана биогенді табиғатпен анықталмайды. Оған басқа да факторлар әсер етеді. Теңіз тұздарының ең көп бөлігін карбонаттар емес, хлоридтер құрайды. Бұл теңіз суының өзен суынан басты айырмашылығы. Өзен суында көмірқышқыл тұздары өте көп мөлшерде кездеседі. Теңіз суының тұздар құрамының тұрақтылығы мұхит химиясының басты заңдылығы. Ерітілген тұздардың негізгі концентрациясы мұхит суының тұздылығын анықтайды. Судың тұздылығы – S, г/1 г суда немесе ‰ – промилл. Бірақ көбінесе тұздылық хлорлы электр өткізгіштік немесе сыну көрсеткіші бойынша есептеледі. Тұздылық және хлорлық арасында арақатынас төмендегідей:
5‰ = 1,81 Cl-
Мұхит суларының басты химиялық сипаттамасы – рН көрсеткіші. Тыныс алу және шіру процесі нәтижесінде бөлінетін СО2 табиғи сулардың рН–ын төмендетеді. Себебі,
СО2 + Н2О ↔ Н2СО3 ↔ Н+ + НСО3-
Сутегі концентрациясының өзгерісі рН – тың өзгерісіне әкеледі.
Фотосинтез дұрыс жүру үшін келесі судың негізгі қасиеті – мұхит суының мөлдірлігі.
Мұхитттың пайдалы қазындылары келесі топтарға жіктеледі:

  1. мұхит астындағы қорлар – мұнай, газ, көмір, күкірт, темір рудасы.

  2. Жағалаудағы жеке кен орындары – ильминит, магнезит, вольфрамит, платина, цирконий, алмаз, алтын.

  3. Теңіз түбіндегі пайдалы қазындылар – темір, марганец, қосылыстары және фосфориттер.

Биосфера үшін маңызды болып тұщы сулар саналады. Тұщы деп – 1 кг–да 1 грамнан аспайтын тұздар мөлшері бар суды атайды. Жер астындағы сулардың қоры 61 км3. Соның ішінде тұщы сулардың көлемі 40 км3. Ең көп тұщы су қорлары республиканың Шығыс және Оңтүстігінде тау және тау етегіндегі аудандарда орналасқан. Өзендерде тек қана 0,006% тұщы су жинақталады. Құрлықтың жер бетіндегі суларының орташа элементтік құрамы Әлем мұхитының орташа элементтік құрамынан ерекше болады. Мұхитта Na+,Cl-, ал өзен суларында Ca2+,Mg2+ гидрокарбонаттары кездеседі және иондар құрамының концентрация дәрежесі бойынша да айырмашылығы бар. Әлем мұхитында еріген заттардың концентрациясы 175 ретке жоғары. Өзен және көл суларының құрамын анықтау сынаманы алу нүктелеріне және мезгіліне байланысты болады.

4 – кесте Әлем өзен суларының орташа құрамы



Анион

Мөлшері, мг/л

Катион

Мөлшері, мг/л

HCO3-
SO42-
Cl-
NO3-
SiO2
Анионның жалпы мөлшері

58,4 мг
11,2
7,8
1
13,1
78,4
(SiO2 кірмейді)

Ca2+
Mg2+
Na+
K+

Жалпы мөлшері



15 мг
4,1
6,3
2,3

27,7



Табиғи сулардың негізгі сипаттамасы – олардың кермектілігі. Оның екі түрі болады: карбонатты немесе уақытша, карбонатты емес немесе тұрақты.
Карбонатты түрі суда бикарбонаттар, сульфаттар, хлоридтер болуымен сипатталады. Карбонатты кермектілікті суды қайнату немесе Са(ОН)2 қосу арқылы жоюға болады. Тұрақты кермектілікті жою үшін суға сода (Na2CO3) қосады.
Судың уақытша және тұрақты кермектіліктерінің қосындысы судың жалпы кермектілігін береді. Басқаша айтқанда 1 л судағы Ca2+, Mg2+ иондарының қосындысы. Кермектіліктің өлшем бірлігі – мг ∙ экв / л.
5 – кесте

Су түрі

Кермектілік мөлшері, мг ∙ экв / л

Жұмсақ
Орташа
Қатты
Өте қатты

4
4-8
8-12
>12





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет