Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет3/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Нұсқама (міндеттеу)-бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу.Мысалы,орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік-құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген.
Тыйым - шындығында бұл да нұсқама,бірақ заңдық мазмұны басқа Оның мағынасы мынада,құқық нормасы өзінің адресаттарын (жолданатындарына) осы нормамаен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық мінде т жүктейді.
Ерік беру - бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру.
Әкімшілік құқық жүйесінің қайнар көздерін зерттеу

“Әкімшілік құқық жүйесінің” ұғымы жөнінде заң ғылымында әр түрлі көзқарастар бар екенін еске сала кеткен жөн.Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда құқықтың кез келген саласы мынадай түзілістен тұрады:құқық саласы-саланың бөлігі-құқықтық институттар-құқықтық нормалар.


Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге,жалпы және ерекше бөліктерге бөледі.Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде құрудың негізіне осылай бөлу алынған.
Әкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы,олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты,оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады,соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында әкімшілік құқықтың қайнар көздері ретінде көптеген нормативтік актілер бар.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған,құқықтың барлық көздерінің арасындағы оның алатын орны ерекше.
2.Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық туралы Кодексі,нормативтік қорыту жасаудың құралы және құқықтың өз құрылымының функционалды факторы болғандықтан,әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік заңнама жүйесіндегі біріктіруші бастау болып табылады.
3.Конституциялық заң-Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша,әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екі даусымен қабылданатын заң.
4.Парламент шығаратын,референдум тәртібінде шығатын және Конституцияда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын заңдар.
5.Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары,заң күші бар жарлықтар,мемлекет басшысының жарлықтары.
6.Заң күшіндегі нормативтік актілер нақты сипат алған мәселелерді реттеу үшін қажет,себебі күшіндегі заңнама,оның ішінде Конституцияда,барлық позицияны шеше алмайды.Заң күшіндегі актілерге Парламент және оның палаталары шығарған,Президент шығарған,атқарушы билік органдары қабылдаған заң актілері жатады.
Әкімшілік-құқықтық институттар-әкімшілік құықтың жалпы жүйесінің аса маңызды бөлігі қалыптасады.Олардың ішінде жалпы сипаты бар басқарушылық қатынастарды,атап айтқанда:азаматтар мен олардың әр түрлі бірлестіктерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін;атқарушы билік субьектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін;атқарушы билік жүзеге асырудың әдістерін;басқарудың-құқықтық нысандарын;мемлекеттік-қызметтік қатынастарды;әкімшілік мәжбүрлеу және әсіресе-әкімшілік жауапкершілікті;бақылау және қадағалауды реттейтін норалар болады.
Әкімшілік құқықтың жүйесі туралы айтқанда тағы бір елеулі жағдайды еске алмасқа болмайды.Ол бірте-бірте қалыптасып және заңдық маңыздылығы барған сайын артып келе жатқан әкімшілік іс жүргізу құықғы институты.
Сонымен,Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы дегеніміз-нормативтік-құқықтық актілерде,мемлекет мойындаған басқа құжаттарда бекітілген,әкімшілік құқық субьектілерінің рұқсат етілген заңды және заңсыз іс-әрекеттерінің мемлекеттік-биліктік критерийі болып табылатын әкімшілік-құқықтық жалпыға міндетті нормалардың жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет