Дәріс 12. Зәр шығару жүйесінің жас ерекшелігі


Зәр түзілу Зәр түзілудің кезеңдері



бет2/6
Дата22.12.2023
өлшемі12,86 Mb.
#198422
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 12 ОЖеФ
серологический метод
Зәр түзілу

Зәр түзілудің кезеңдері

Құбылысы

Қайда түзіледі

I. Бірінші реттік зәр

Фильтрация (сүзу)

Бүрек капсуласында

II.Екінші реттік зәр

Кері сіңіру


Иілген өзегінде

Артерия → капиляр → капсула → иілген өзекшелер → жинағыш түтік → бүйрек астаушасы → зәрағар → қуық → несеп түтігі
1 реттік зәрден организмге қажет заттарды кері сіңіру

2 реттік зәрден қажетсіз заттар түзіледі

Зәр түзудің 3 кезеңі бар:

  • Зәр түзудің 3 кезеңі бар:
  • 1.Ультрасүзілу
  • Ультрасүзілу процестерінде бірінші ретті зәр түзіледі. Қан бүйрек каналшарынан шайылып арнайы сүзгіш 3 қабатты дәнекер ұлпалы капсуладан өтеді де Мальпиги шумағында сүзіле бастайды. Бірінші қабат қан капилярларының эндотелиі. Ол үлкен өлшемді саңылаулардан тұрады. Екінші қабат коллаген талшықтарынан тұратын базальдық мембрана. Оның саңылауларының диаметрі 4нм. Базальдық мембрана молекулалық массасы 30 кДа артық белоктарды өткізбейді. Үшінші қабат капсуланың эпителиалды жасушалары. Мембрана беткейі теріс зарядталған, сондықтан қан плазмасының теріс зарядталған альбуминдері, макромолекулалық белоктар, пішінді элементтерді бірінші реттік зәрге өткізбейді. Үшінші қабаттағы саңылаулар қүрылысы жағынан қүрделі және өте кіші болады, сондықтан үлкен белоктар олардан өте алмайды. Егер белоктың құрылысы, заряды өзгеретін болса, немесе аномальды белок болса, ол сүзгіш арқылы өтіп бірінші ретті зәрдің құрамына өтеді. Бұл қан плазмасын ақаулы белоктардан тазарту механизмдерінің бірі болып табылады. Ультрасүзілу АТФ энергиясын қажет етпейді. Бірінші ретті зәр ары қарай проксимальдық түтікшеде реабсорбцияға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет