Дәріс 12. Зәр шығару жүйесінің жас ерекшелігі



бет3/6
Дата22.12.2023
өлшемі12,86 Mb.
#198422
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 12 ОЖеФ
серологический метод

Реабсорбция

  • Реабсорбция — бұл заттың бүйрек түтікшесінен қанға қайта өтуі. Ультрасүзінді құрамындағы барлық белоктар реабсорбцияға түседі. Оның 85% -ы түтікшенің проксимальдық бөлігінде реабсорбцияланады. Мұнда судың 99%, ағзаға қажетті қоректік заттар (глюкоза, аминоқышқылдар), минералдық заттар және кейбір азоттық алмасудың өнімдері (мочевина) реабсорбцияланады.
  • Реабсорбцияның келесі екі механизмі белгілі:

  • 1. қарапайым диффузия жолы арқылы (концентрация градиенті бойынша);
  • 2. активті тасымалдану жолы арқылы — (концентрация градиентіне қарсы және АТФ энергиясын пайдалану арқылы жүретін процесс).
  • Натрий насосы болатын мембраналық фермент АТФ-азаның қатысуымен Na+ ионы реабсорбцияланады. Бұл АТФ-азаның екі байланыстырушы орталығы болады: Na+ және К+ иондарына арналған. Na+, К+ иондарымен байланысқаннан кейін АТФ-аза өзінің конформациясын өзгертеді де бүйрек түтікшелерінің жасушаларының мембранасы арқылы иондардың тасымалдануын жүргізеді. Ол үшін АТФ энергиясын пайдаланады. Көптеген заттар, мысалы, глюкоза, аминоқышқылдар комплекстегі Na+ иондарымен бірге реабсорбцияланады және бұл комплекстердің тасымалдануы да АТФ-аза қатысуымен өтеді. АТФ-аза қатысуымен Са2+ және Мg2+ иондары да реабсорбцияланады. Активті тасымалдану процессіне АТФ-азадан басқа арнайы тасымалдаушы белоктар -транслоказалар да қатысады. Тәулігіне: 179 л су,1 кг NаСІ, 340 г NaНСО3, 170 г глюкоза және т.б. заттар реабсорбцияланады.

Секреция

  • Жинақтаушы түтікшелердің секрециясы реабсорбцияға ұқсас, бірақ бұл процесс қарама-қарсы жүреді, немесе заттардың өту бағыты қаннан түтікшелерге қарай бағытталады. Негізгінен, секреция түтікшелердің дистальдық бөлігінде өтеді.
  • Секреция процессінде реабсорбция тәріздес көп мөлшерде АТФ энергиясы жұмсалады (активті тасымалдану) және бұл процесте тасымалдаушы белоктар маңызды қызмет атқарады.
  • Реабсорбция және секреция процестері жиі жағдайда бірдей өтеді, мысалы: К+ ионының секрециясы Nа+/К+ тәуелді АТФ-азаның қатысуымен жүреді. Сондықтан, К+ бөлінген кезде Na+ реабсорбцияланады. Сонымен қатар, Н+, NН4+ бөлінеді.
  • Секреция нәтижесінде зәр мөлшері тәулігіне 1000-2000 мл-дей болады. Оның құрамында: 12-36 г дейін мочевина, 1 г креатинин, 1г аммоний тұзы, 0,5-1 г азоттық өнімдер (креатин, гиппур қышқылы, индикан), 5-7 г минералдық тұздар, токсикалық қосылыстардың залалсызданған өнімдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет