Дәріс №8 Дамуындағы психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін әртүрлі санаттағы балалармен жұмыс жүйесі



бет1/6
Дата22.11.2022
өлшемі57,42 Kb.
#159425
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 лекция
Қосымша материал №2

Дәріс №8
Дамуындағы психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін әртүрлі санаттағы балалармен жұмыс жүйесі
Қарастыратын сұрақтар:
1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері. Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттар.
2. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар тобы.

  1. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды бағалау.

  2. Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау (көмек) көрсетуді ұйымдастыру.

  3. Оқу бағдарламаларын қысқартуды орындауға, жеке оқу бағдарламаларын жасауға ұсыныстар.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық педагогикалық қолдау көрсету. И.Г. Елисеева, А.К. Ерсарина, Алматы, 2019
2. Открытое досье по инклюзивному образованию. ЮНЕСКО, 2003
3. Д. Митчелл Эффективные педагогические технологии специального и инклюзивного образования. Главы из книги. М.: РООИ «Перспектива».- 2011 г. 138 с. [Электронный ресурсhttps://dogmon.org/devid-mitchell-effektivnie-pedagogicheskie-tehnologii-speciale.html].
4. ВКЛЮЧАЮЩЕЕ ОБРАЗОВАНИЕ. Как добиться успеха? Основные стратегические подходы к работе в интегративном классе / Пер. с англ. Н. Грозной и М. Шихиревой. -М.: «Прометей», 2005. - 88 с. 

  1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен принциптері. Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық құжаттар.

Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
"Инклюзивті білім беру" ұғымы білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы.
Әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰ- ның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті.
«Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алу- ан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі».
Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыру - адам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады.
Қазақстан халықаралық құқықтық актілермен қатар БҰҰ-ның "мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "Білім беру саласындағы дискриминацияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) конвенцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси еркіндігін көрсетеді.
Конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде (мектепке дейінгі, мектеп, тжкб ұйымдарында, жоғары оқу орындарында) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді. Бұл ретте инклюзивті білім беру жеке алынған нәрсе емес екенін түсіну маңызды, инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады.
Мектеп оқу процесінде қандай да бір себептердің салдарынан оқу барысында қиындықтарға тап болған балалар бар екендігін және олардың нәтижесі ретінде – қанағаттандырылуы қажет ерекше білім беру қажеттіліктер бар екенін қабылдауы тиіс.
Ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі.
Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципті негізге ала отырып, білім берудегі құндылықты бағдарлардың өзгеруін болжайды. инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары оқу үдерісінің барлық қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді:

  • мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ре- сурстар ретінде қарастыру. мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары. бір оқушының қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі;

  • оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру;

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (ло- гопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;

  • оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық тәсілмен шешу;

  • оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден" бас тарту. көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", "инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. кемсіту дисриминацияның көрінісі болып табылады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек.
Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады:

  • оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім;

  • білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;

  • білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;

  • білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;

  • мамандардың көмегі;

  • жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

  • ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.

Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидалары ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:

  • барлығының сапалы білім алуындағы құқықтарының теңдігі;

  • әр адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі.

ҚР білім беру аясындағы заңнамасында бекітілген:

  • баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы;

  • баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы.

Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет;

  • білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы;

  • білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі.

Осы жауапкершілік шеңберінде елдің барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, логопед, психолог, тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік енгізіліп жатыр. білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін қоғамдық қауымдастық пен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық- техникалық жағдайлар құрылып жатыр.
Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерек- ше қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың нұсқаларын қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады. жалпы немесе арнайы сынып- та оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жекелік немесе топтық сабақтар өткізу қарастырылады.
Арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін) ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі арнайы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі.
Оқытудың нәтижесін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Қысқартылған немесе жекеленген бағдарламаның мазмұнына бағдарлай отырып, яғни оқушының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекеленген тап- сырмаларды қолдануға міндетті. ерекше білім беру қажеттілігі бар бала- ларды және жеке оқу бағдарламасымен оқитын балаларды аттестациялау мәселесі оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес арқылы шешіледі.
Формативті бағалау кері байланысты және оқу материалдарын меңгерудегі жеке қиындықтарына жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар мектепті тәмамдаған кезде мемлекеттік үлгідегі аттестатқа ие болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет