Дәріс Дайындалатын сүт. Сүттің тазалығын анықтауға арналған эталон


Сүттің тазалығын анықтауға арналған эталон



бет3/4
Дата23.04.2022
өлшемі84 Kb.
#140595
1   2   3   4
Байланысты:
3 дәріс посл
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, биотехнология кітап, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
Сүттің тазалығын анықтауға арналған эталон
(0,25 л көлемде үлгіні фильтрлеген кезде)

Топтың атаулары

Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ













Топтардың сипаттамасы

Фильтрде механикалық ластар жоқ

Фильтрде механикалық қоспаның жеке белшектері бар

Фильтрде механикалық ластардың (құмның, шөптің,
жүннің бөлшектері)
ұсақ және ірі
бөлшектері
байқалады

Үшінші топқа жататын сүтті зауытқа қабылдамайды.
Бактериялық ластануы бойынша сүт 4 класқа бөлінеді. Бірінші класқа жататын сүт 1-5 сағат аралығында түссізденуі керек және 1 мл сүттегі микроағзалардың жалпы көлемі 500000-ға дейін болуы қажет. Екінші класқа жататын сүт 5-22 сағат аралығында түссізденуі керек, 500 000 мыңнан 4 млн.-ға дейін микроағза болады. Үшінші класқа жататын сүт 30-20 минут пен 2 сағат аралығында түссізденеді, микроағзалардың жалпы көлемі 4-20 млн. құрайды. Төртінші класс 20 минуттан аз уақытта түссізденеді, 20 млн. микроағза болады.
Барлық зауыттарда келесі сараптамалар жүргізіледі.

  1. Анормальді сүтке үлгі.

  2. Пестицидтерге үлгі.

  3. Ингибирлеуші заттарға үлгі.

Ірімшік зауыттарында келесі сараптамалар жүргізіледі:

  1. Май-қышқылды микроағзаларға үлгі.

  2. Ішек таяқшасына үлгі.

  3. Ашу үлгісі.

  4. Мәйекті ашу үлгісі.

  5. Сүт құрамындағы ақуызды анықтау.

Зарарсыздандырылған сүт өндіретін зауыттарда термотұрақтылыққа арналған үлгі жүргізіледі, яғни оның зарарсыздандыруға жарамдығын тексереді. Зауыттарға сүт фильтрленген, 10 С температураға дейін салқындатылған күйінде келіп түседі. Сүттің микробиологиялық құрамы қалыпты болу керек. Егер сүттің құрамында май-қышқылды микроағзалар, ішек таяқшалары мен ашытқылар болса, онда мұндай сүттен жоғары сапалы өнім өндірілмейді. Ауру малдан алған сүт термиялық өңдеуден өткізіліп, жеке партиямен ғана қабылданады, онымен қатар мал дәрігерінің рұқсаты болуы керек. Бұл сүт көбінесе май өңдеуге жіберіледі.
Физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сүтті I, II сұрыпқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет