Дәріс жоспары қазақстанның стратегиялық даму жоспары және елді жүйелі жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру


Цифрлік технологияларды енгізу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының түбегейлі жаңа траекториясына өту



бет2/2
Дата23.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#132947
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Елубаев СОЦ 14
1 лабка матлаб, 3 лаб.ж (2), Силлабус Алгебры 2023 2023
Цифрлік технологияларды енгізу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының түбегейлі жаңа траекториясына өту
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған болатын және ақпараттық технологияларды эконо­миканың бес бағыты бойынша енгізу көзделуде. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық Жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру». Аталған бағыттар бойнша 2018-2022 жылдары аралығында 120 іс-шара жүзеге асырылады. Еліміздің Президенті биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы да­мудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін қадап айтты. Бұл деген сөз, ел экономикасының түбегейлі жаңғыруы үшін жаңа технологияларды енгізу, өндіріс саласын цифрландыру мәселелеріне назар аудару. Яғни, экономика салаларын цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлық технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында ұтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. 
Елбасы Жолдауында ұсынылған ел дамуының басты бағыты – цифрландыру, яғни Қазақстанды жаңа әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына кіргізу үшін өмірдің барлық саласына цифрлық технологияны белсенді енгізу қажет. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдің экономика және әлеуметтік салаларындағы күн тәртібінде тұрған кезек күттірмейтін аса маңызды 10 міндетті белгілеп берді. Бұл міндеттер – биік белестерді бағындыруға жете­лейтіні сөзсіз. Индустрияландыру – бұл жаңа инновация­лық технологияларды енгізу. Кәсіпорын­дар­ды жаңғыр­туға және цифрландыруға бейім­дік, өнімнің экс­портқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзір­леп, сыннан өткізу. Инновациялық орта­лық­тар мен технология­лардың қызметін арттыру, ұйым­дастыру және қайта қарау.
«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қар­қынды дамыту мүмкіндігі. Қаржы секторын «қайта жаңғырту» мен құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, міне осылар алдағы кезеңдегі негізгі атқарылар міндеттеріміз болып табылады. Өткен жылғы басты қорытынды бұл – ел экономикасын қалпына келтіру үдерістерін жандандыру және оның жоғары қарқынмен дамуға қадам басуы болғаны белгілі. Өсімге себеп болған негізгі фактор – сауда секторларында өндірісті кеңейту, инвестициялық белсенділікті арттыру және ішкі сұраныстың біртіндеп қалпына келуі. Сыртқы жағдайлардың оң әсері ретінде мұнай мен металдарға жоғары баға конъюнктурасын, сондай-ақ ЕО, Ресей және Қытай секілді негізгі сауда серіктестер саналатын мемле-кеттердегі экономикалық жағдайдың жақ­саруын айтуға болады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет