Дәріс жоспары балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



бет1/7
Дата27.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#188886
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
balalar-aғzasynyң-өsu-men-damuynyң-negіzgі-zaңdylyқtary-zhas-kezeңdіlіk
Сымбат КМЖ, 1-2022-31-000830227-2-1 (1), instr ent 2021kz, Дәріс 9-1

СЕМЕЙ қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ. ФАКУЛЬТЕТ: «Медициналық-профилактикалық іс» Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасы ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: «Балалар ағзасының өсу мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жас кезеңділік.» КУРС: төртінші Құрастырушы: м.ғ.к., доцент Токешева Ш.М. 2015ж.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ

  • Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
  • Жас кезеңділік.

1.БАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ:

1) Өсу және даму темпінің біркелкі еместігі

  • Балалар мен жасөспірімдерде бұл заңдылық дене ұзындығы мен массасының өзгеруімен айқын иллюстрацияланады.
  • Жаңа туған баланың дене ұзындығы өмірінің бірінші жылының соңында алғашқыға қарағанда 47 %-ға жоғарылайды, екінші жылы —13 %-ға, үшінші жылы —9 %-ға. 3—7 жаста дене ұзындығы жыл сайын 5—7 %-ға жоғарылайды, ал 8— 10 жаста — тек 3 %-ға.
  • Жыныстық жетілу кезеңінде өсудің «секірмелілігі» байқалады, 16—17 жаста өсу баяулайды, ал 18—20 жаста дене ұзындығының өсуі тоқтайды.

Өсу және даму темпінің біркелкі еместігі

  • Дене массасының біршама қосылуы 1-ші жылға сай келеді: 4-5 айда екі еселенеді, ал бір жастың аяғында 3 есеге жоғарылайды. 3 -7 жаста дене салмағын жыл сайынғы қосу 5-7,5%-ды құрайды, ары қарай дене салмағын қосу баяулайды, тек жыныстық жетілу кезеңінде аздап қосылады.
  • КШ алғашқы жылында ай сайын 1см-ге өседі, сосын КШ өсуі бірден төмендейді.
  • Дене салмағының, КШ өзгеруі, сонымен қатар жекелеген органдар мен жүйелердің дамуы біркелкі емес жүреді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет