Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі



бет10/19
Дата04.11.2022
өлшемі59,59 Kb.
#156593
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
кр.сод.лекций тжт (1) (2)
Тарих емтихан нақты, stud.kz-16742, Lesson 4 Variables, aliya syrga, Б Ж аза мемлекетіні сырт ы саясаты мен дипломатиясы, Турсинханова Айсулу 107 топ химия, IDZ plati.ru, Тест 5 Модо 9 класс (1), БАЯНДАМА ҰРЫҰТАНУ, ИКТ СӨЖ 6 ТЕМА
Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті.Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:

  • оқуға деген қабілеттілік;

  • қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.

Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Қабілет – бір немесе бірнеше іс - әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен–ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан - қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық–физио-логиялық ерекшелік. Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды мүмкін-шіліктері бар. Жеке адамның психологиялық қасиеті ретінде адамның қабілеттер сапасы, көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің өзіндік ерекшелігі, даму дәрежесі бойынша бөлінеді. Әрбір адам негізінде жеке даралық сипат болады: конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми жарты шарлардың функционалды ассиметриялық өзге-шеліктері және т.б.
Американдық ғалым Блум әйгілі адамдарға зерттеу тәжірибесін жүргізіп, оның нәтиже көрсеткішінен, осы адамдардың қабілеттерінің толық дамуының тәрбиелік және білімділік әдістерінің моделін ұсынды. Блумның айтуынша, қабілеттің ерте дамыған түрлері, егер белсенділік және арнайы оқыту әдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан, күйреуге ұшырайды.
“Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады.
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады.
«Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
1. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2. Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3. Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4. Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
5. Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.
6.Білімнің бағасын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті:
1. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.
Оқу-тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері:
1. Оқушыларды мұражайға апару
2. Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.
3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.
4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.
5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.
6. Күрделі тапсырмаларды орындау.
Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

  • оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

  • шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

  • оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет