Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы


Дәріс тақырыбы: Есту анализаторының физиологиясы



бет11/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Дәріс тақырыбы: Есту анализаторының физиологиясы
Аннотация: дәрісте есту анализаторының физиологиясы, тепе-теңдік анализаторының физиологиясы және олардың құрылымы туралы мәліметтер беріледі.
Кілт сөздер: есту талдағышы, вестибуляр, рецепторлар, ми қатпарлары, дыбыс қабылдағыш, ішкі құлақ, тітіркендіргіштер.
Жоспары:
1.Есту анализаторың физиологиясы.
2.Tепе - теңдiк (вестибуляр) анализаторының физиологиясы.
Есту талдағышының бiрден бiр тiтiркендiргiштерi дыбыс (серпiндi толқын) болып саналады. Дыбысты қабылдау iшкі құлақтың ұлу құрыш иiрiмi рецепторлы бөлiмi оралымды (Kopтиев) мүшеден басталып, содан кейiнгi импульстарды дыбыс өткiзгiш жүйкелер арқылы самай қыртысының орталық есту аймағына алып барады. Сөйтiп есту талдағышы - бiр тұтас жүйе, ол сыртқы құлақтан басталып, ми бөлiмiнде бiтедi.
Есту мүшесiнiң негiзгi қасиеттерiне оның дыбыс биiктiгiн, қаттылығын және тембрiн (бояуын) айыра бiлу қабiлеттiлiгi жатады. Есту талдағышы анатомиялық тұрғыдан қарағанда үш бөлiктен тұрады:

  1. шеткерi бөлiм немесе рецепторлар;

  2. жүйке өткiзгiштiк бөлiмi;

  3. орталық бөлiм бас ми қаттпарлары.

Есту талдағышының шеткерi бөлiмi екі негiзгi қызмет атқарады:

  1. дыбыс өткізгiштiгi, яғни дыбыс энергиясын рецепторлы аппаратқа жеткізу, бұл көбiнесе механикалық (физикалық) қызмет.

  2. дыбыс қабылдағыш шеткерi рецепторда оралымды (Kopтиев) мүшеде дыбыс тербелiciнiң физикалық энергиясын жүйке қозуына айналдыру (трансформация) қызметi.

Бұл қызметтеріне сәйкес ол дыбыс өткiзгiш және дыбыс қабылдағыш аппаратына бөлiнедi.
Дыбыс өткiзгіш аппараты. Дыбыс толқыны ортаның қос тербелiсi болады, бұнда қысымның жоғырлау фазасына және қысымның бәсеңдеу фазасына бөлiнедi. Дыбыс тербелiсi сыртқы есту жолына кiрiп, дабыл жарғағына жетедi және оның тербелiсiн тудырады. Қысымның жоғарлауы фазасында дабыл жарғағы балғашықтың сабымен бiрге iшке қарай қозғалады. Бұл кезде балғашықтың басы мен төсшенiң денесі байланысқан байламдар арқасында сыртқа, ал төсшенiң ұзын өcкiнi iшке жылжиды, сөйтiп үзеңгiшенi iшке жылжытады. Үзеңгiшенiң кiреберiс терезесiне қысылуы (iшке басып енгiзiлуi), кiреберiс перилимфасының соққы түрдегi жылжуына әкеледi. Толқынның одан арғы таратылуы кіреберіс баспалдағы бойымен тербелiс қозғалысын Рейсснер пердесiне жеткiзедi, ал ол өз кезегiнде эндолимфаны және негiзгi перде арқылы - дабыл баспалдағының перилимфасын қозғалысқа әкеледі.
Перилимфаның мұндай ауыспалылығы нәтижесiнде негiзгi және Рейсснер перделерiнiң тербелiсi пайда болады. Үзеңгiшенiң кiреберiс жаққа әрбiр қозғалысы кезiнде перилимфа ақыр аяғында ұлу терезесі пердесiнің дабыл қуысы жағына жылжуына алып келедi. Қысымның бәсеңдеу фазасында (ауаны сұйылту) жеткiзу жүйесiнiң бастапқы қалпына қайта келуi болады.
Ішкi құлаққа дыбыстарды ауа жолымен жеткiзу - негiзгi жол болып табылады. Оралымды мүшеге дыбыстарды жеткiзудiң басқа жолы - сүйек ткандары арқылы өткiзу. Сүйек ткандары арқылы өткiзу компрессиялық және инерциялық механизм түрлерiне бөлiнедi. Демек, дыбысты сүйек арқылы өткiзуде негiзгi және Рейсснер перделерiнiң тербелiсi болады және оралымды мүшенi әдеттегі жолмен қоздырады. Бас cүйeгiнің тербелісін оған дыбыс шығаратын камертонды немесе телефонды тигiзiп тудыруға болады. Сондықтан, дыбыстың ауа арқылы өткiзiлуiнiң бұзылуы кезеңінде сүйек арқылы өткiзу жолы үлкен маңызға ие болады. Есту мүшесiнiң жекелеген элементтерінің қызметі әр түрлі.
Құлақ қалқаны. Олардың ототопикада және дыбыс толқындарының коллекторы peтiндe бiрсыпыра маңызы бар.
Сыртқы есту жолы. Формасы түтік тәрізді болып келедi, соның арқасында дыбысты жақсы терең өткізгіш болып есептеледi. Есту жолының eнi және формасы дыбыс өткiзуде аса манызды роль атқармайды. Сонымен бiрге есту жолы саңылауының тыртықтана бiтуi немесе оның механикалық тығындалуы дыбыс толқындарының дабыл жарғағына таралуына кедергi болады және есту қабiлетiнің елеулi төмендеуiне алып келедi. Сол сияқты есту жолының өз формасы, оның тepiciнің жоғарғы сезiмталдығы есту мүшесiнiң әр түрлi жарақаттарын болдырмауға мүмкiндiк туғызады. Сонымен қатар дабыл жарғағына жақын сыртқы есту жолының температурасы мен ылғалдылығы сыртқы ауа температурасы және ылғалдылығының тұрақсыздығынa байланыссыз түрде тұрақты деңгейiнде ұсталып тұрылады, сондай-ақ дабыл жарғағының серпiндi қасиетiн қамтамасыз етедi.
Ортаңғы құлақ қуысы. Дыбыс өткiзгiш жүйесiнiң дұрыс жұмысы үшiн қажеттi жағдай дабыл жарғағының екі жағында да бiркелкi қысымның бар болуы. Қалай ортаңғы құлақ қуысындағы, солай сыртқы есту жолындағы қысымның жоғарлауы немесе бәсеңдеyi кезiнде дабыл жарғағының керiлуi өзгередi, сөйтiп дабыл жарғағының акустикалық (дыбыс) қарсыласуы жоғарлайды және есту қабiлетi төмендейдi. Дабыл жарғағының eкi жағындағы қысымның теңелуiн есту түгiгiнiң ауа алмастыру (вентиляциялық) қызметi қамтамасыз етедi.
Жұтыну актici кезiнде және есiнегенде есту түтiгi ашылады және сыртқы ауа opтаңғы құлақ қуысына енедi. Есту түтiгiнiң ауа алмастыру (өткiзгiштiк) қызметiнiң бұзылуы жағдайында, ортаңғы құлақ шырышты қабығы бiртiндеп қалған ауаны сорып таусатынын ескеру керек, бұның өзi сыртқы қысымның opтaңғы құлақ қуысы қысымынан жоғарылап артуына әкеледі және дабыл жарғағының iшке тартылуын тудырады. Осыған байланысты дыбыс өткiзу қызметі бұзылады және ортаңғы құлақта патологиялық өзгерiстер пайда болады.
Дабыл жарғағы және есту сүйекшелерi. Бұл құрылымдар дыбыс тербелiстерiнiң олардың амплитудасын (тербелic шегін) азайту есебiнен күшiн арттырады. Кiреберiс терезесiне бекiтiлген үзеңгiше негізiнің көлемi (3 кв.мм) дабыл жарғағының (55 кв.мм жуық) көлемiнен әжептәуiр кiшi, сол сияқты есту сүйекшелерiнiң рычаг тәсiлiмен тұтасып тұруы нәтижесiнде қысым кiреберiс терезесi бетiнде дабыл жарғағына қарағанда шамамен 20 рет көп болады. Осы қысымның көбею механизмi ең маңызды бейiмдеушiлiк болады, акустикалық (дыбыс) энергияның ауа кеңістігінен сұйық ортаға тиiмдi берiлуiн қамтамасыз етуге бағытталған, бұл сұйық ортаның ауамен саллыстырғанда акустикалық қарсыласуы (импеданс) әжептәуір көп. Дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерiнiң арқасында ауа тербелiсiнiң үлкен амплитудадағы және бiршама аз күшi жаңадан өзгертiлiп перилимфаны бiршама аз амплитудамен, бiрақ үлкен қысымен тербелтедi.
Есту бұлшық еттері. Есту бұлшық eттepiнe қорғаныш және аккомодациялық (дыбыс өткiзгiш аппаратының жекелеген элементтерiнiң оптималды тартылуын қамтамасыз етедi) қызметтер тән. Есту бұлшық еттерi үлкен қaрқынды (интенсивтi) дыбыста кенет рефлекторлы қысқарады, бұл дабыл жарғағы мен есту сүйекшелерiнiң тербелiс амплитудасының азаюына және осыған лайықты дыбыс қысымының төмендеуiне әкеледi. Бұнымен ұлу құрыш иiрiмiнiң рецепторлы аппараты кенет соққыдан (қатты дыбыстардан) қорғaлады.
Дыбыс қабылдау. Дыбыс тербелiс энергиясын жүйке импульсына ауыстыратын күрделi нейрофизиологиялық процесс, оның нәтижесі орталық бас ми талдағышынa дейiн жеткiзу, дыбыстарды талдay және ұғыну.
Есту анализаторының шеткі бөлімі - сыртқы тiтiркендіргіштeрдi қабылдау және бұл тiтiркендіргіштердi арнаулы жүйке қозуына өткiзу қызметiн атқарады.
Өткізгіш бөлім - бұл пайда болғaн жүйке қоздырғыштарын (дыбыс импульстарын) одан әpi жүйке өткiзгiштерi арқылы өзiнен жоғaры орналасқан орталық бас ми бөлiмiне жеткiзу қызметiн орындайды.
Орталық бөлім - келген жүйке тiтіркендiргiштерiн талдау және оны сұрыптау (ұғыну) қызметiн атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет