Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет12/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.

Дәріс тақырыбы:Есту анализаторының патологиясы.
Аннотация: дәрісте сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ аурулары мен олардың симптомдары туралы мағлұматтар беріледі.
Кілт сөздер: сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ, симптомдар, есту аппараты, қабыну, аузегизті жабысу.
Жоспары

    1. Сыртқы құлақ аурулары

    2. Ортаңғы құлақ аурулары

    3. Ішкі құлақ аурулары

Бөгде заттар. Балалар құлақтарына үсақ заттарды: түймені, моншақты, сүйекті т.б.
жиі тығып алады. Олар арнайы маќта тампондарымен құлақты тазалаған кезде есту жолына тұрып қалуы мұмкін. Кейде ќұлаққа кене, бөрге, тараќан кіріп кетуі мұмкін.
Симптомдарды сол бөгде зат кұлемі мен сипатына байланысты болады. Ылғалдан ісініп кеткен заттар (мақта, бұршақ) есту жолын бітеп, есту қабілетін төмендетеді. Қырлы заттар есту аппараты терісінің реактивті қабылдануын тудырады. Тірі жєндіктер жағымсыз сезімдер туғызады. Диагноз отоскопиямен қараған соң қойылады. Әдетте бөгде заттар шеміршекті бөлікте болып, есту жолына тұсіргенде жақсы көрінеді.
Ортаңғы құлақтың жедел катары. Әдетте ол жедел қабыну процесінің мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысынан евстихиев түтігінің сілемейлі ұласуының нєтижесінде туындайды. Негізгі себептері мұрынмен қиналып тыныс алу, полип, аденоидті өсінділер, жұтқыншақ бадамшаларыныњ ұлғаюы болып табылады. Евстахиев түтігінің сілемейлі қабығында ол бітеліп қалады. Оның нәтижесінде ауа дабыл қуысына тұспейді. Ондағы ауаны капиллярлар жарым-жартылай сорып, соның нєтижесінде қуыстағы қысым ыдырап, дабыл жарғағы тартылады. Алайда, мұндай тартылу қысымның өзгеруін толық өтей алмайды. Сондықтан дабыл қуысында ыдыраған қысым қалады, ол ќанның толығуын – гипермияны тудырады. Үсақ қантамырлардың кеңеюінің салдарынан қан плазмасы жіпсіп, қуыста трассудат тұзіледі. Науқастар құлағының бітеліп, есту қабілетінің төмендеп қалғандығына шағымданады.
Ортаңғы құлақтың созылмалы қатары. Ортаңғы құлақтың созылмалы қатары ұғымы астарынан екі түрлі процесс ұсынылады: Евстахиев тұтігі өткізгіштігінің бұзылуынан туындаған ортаңғы құлақтағы өзгерістер, дабыл қуысы элементтнрінің арасында дәнекердің өсуіне немесе пайда болуына єкелген қабыну ауруының салдарынан туындаған ортаңғы құлақтағы өзгерістер.
Аурудың алғашқы тобын- созылмалы қатар, екіншісін- аугезивті жабысу процесі деп атайды. Басты симптомы есту қабілетінің төмендеуі, құлақтың шулауы болып табылады. Дыбыс өткізгіш аппарат зақымданады: сүйектік өткізгіштік ұзарып, төмен дыбыстарды қабылдау төмендейді. Сыбырлаған сөзді, бас дыбыстарды қабылдау төмендейді. Сыртқы дыбыстар нашар естілетіндіктен қан тоғы мен бұлшық еттің жиырлаған дыбыстары естіліп, осыдан құлақта шу пайда болады. Науқасты құлаќ мүкестігінен осы шу жиі мазалайды. Отоскопиямен қарағанда дабыл жарығының кұрт керілуі байқалады, ол аќыр соңында созылып, серпінділігін жоғалтып, семіп қалады.
Жедел іріңді отит. Жедел отитті пайда болу себебі инфекция түсу болып табылады. Бұл ауру өз бетінше де, басқа аурулардың асқынуы түрінде де (ќызылша, түмау, қызамық) жүре береді. Аурудың дамуына ағзаның әлсірететін факторлар зор мәнге ие: жағымсыз әлуметтік-тұрмыстық жағдайлар, бала кезден дұрыс тамақтанбау, т.б. әдетте инфекция евстахиев тұтігі арқылы түседі, бірақ ауыр инфекциялық аурулар кезінде қан арқылы да түсуі мұмкін. Ауырлығына қарай аурудың 3 түрін бөледі: жеңіл, ауыспалы, ауыр түрі - өлімге әкеліп соғуы мұмкін.
Жедел отит кезінде 3 кезең бар: 1 кезеңі – дабыл қуысында қабыну процесі пайда болады, экссудат түзіледі, инфекция қан мен лимфамен сорылады, 2 кезең – дабыл жарғаѓғ жырылып, ірің ағады, инфекцияның сорылуы біртіндеп кемиді, 3 кезең – ңабыну процесі тиылып бөлінетін зат мүлшері мен сипаты өзгереді, ойық бітіп кетеді. Аурудан көбіне-көп сауығады. Алайда отит ағымы қалыптан ауытқыған жағдайда дабыл жарғағы мен дабыл қуысы іргесінің арасында немесе сүйектелер арасында дєнекер немесе өсінділер пайда болып, әлсін-әлсін ірің ағыуымен созылмалы түрге айналуы хирургияны қажет ететін мастоидтпен асқынуы, инфекция ішкі құлақ ми қыртысына түсуі мұмкін.
Созылмалы іріңді отит. Барлық созылмалы отиттер 2 топқа бөлінеді: зарарсыз, зарарсыз емес.
Зарарсыз созылмалы отитте қабыну процесі иек дабыл қуысының сілемейлі қабығында ғана жүреді, сүйекті іргелерге таралмайды. Ауру шектеулі сипатта болады, жылдар бойы созылғанымен ол аса асқынбауы мұмкін. Зарарсыз отитке мезотимпаниттер жатады. Оның негізгі симптомы дабыл жарығының ортасынан тесіліп, ірің ағуы болып табылады.
Зарарды отитте қабыну сүйекті іргелерді де қамтиды, сүйектің түйіршектеліп, бұзылуы артады, бұл инфекциясының ми қыртысына жайылып, бас сүйек ішінде асқынып, өлімге соғуы мұмкін. Зарарды отитке эпитимпаниттер жатады. Мұндайда сілемейлі қабықтағы процестер терең байлайды. Көбіне түйіршіктер үлѓайып, полипке айналып кетеді. Эпитимпанитке иісі сасық іріңнің бөлінуі тән. Түйіршіктер мен полиптер іріңнің ағып кетуіне кедергі келтіреді, соның нәтижесінде науқас құлағының қысымдалуын сезінеді, ол қатты бас ауруына әкеп соғады. Сүйек лабиринтке дейін біртіндеп бұзылады. Бірқатар жағдайларда бет жүйкесі парезі немесе сал болуы орып алады, бұл инфекцияның лабиринтке келіп тұскенін білдіруі мұмкін.
Жедел мастоидит – емізік тєрізді өсіндісінің қабынуы, жеке ауру ретінде сирек ышырасады, әдетте отиттің асқынуы болып табылады. Жиі симптомы емізік тәрізді өсіндідегі ауырсыну, терісінң домбығуы. Оның клеткаларынан іріңнің сыртқа шығуының салдарынан абцесстің пайда болуы болып табылады. Абцессті басқанда флюктуация байқалады. Науқастар басының ауруыеа, өзін-өзі нашар сезінуіне, есту қабілетінің төмендігіне шағымданады, температурасы көтеріледі. Отоскопияда есту жолының сүйекті бөлігінің тарылғаны байғалады. Құлақтан ұзаќ уақыт қою ірің ағады. Әдетте мастоидит жедел отит соң 2-3 аптада дамиды емізік тәрізді өсінді ұшы айқын. Пневматизациялаған болса, ерекше түріушының мастоидиті дамуы мүмкін.
Лабиринтит. Бұл ішкі құлақтың жедел немесе созылмалы қабынуы, ол шектелуі немесе таралмалы сипатта болады, вестибулярлы және дыбыс талдағыштарының айқын зақымдануы байқалады.
Ішкі құлақтың орналасуының анатомиялық ерекшеліктерінің салдарынан оның қабынуынан құлақтың басқа да қабыну процестері асқына түседі. Лабиринтиттің пайда болуына қарай мынадай түрлері бар:

  1. тимпаногенді;

  2. мениногенді; 3) гематогенді; 4) жарақаттық.

Қабыну процесінің таралуына қарай былайша бөлінеді:

  1. шектеулі лабиринтит – ішкі құлақтың шектеулі бөлігінде болады

  2. диффузды лабиринтит – бүкіл ішкі құлаққа таралады.

Шектеулі лабиринтит жиі кездеседі, әдетте тимпаногенді болады. Қабыну процесіне ортаңғы құлақпен қабысатын лабиринт қабырғасының белгілі бір бөлігі ұшырайды. Мұндайда сүйектерде периостит немесе остит түрінде өзгерістер дамиды. Олар лабиринттің сүйекті қабырғасында түйіршіктелудің артып, тесіктің пайда болуына әкеп соғады. Мұндайда сүйек солып, семіп қалады. Қабыну процесі сүйек капсуласының ішкі қабатына жеткенде процеске жарғақты лабиринт реакция білдіреді. Тамырларға қан толып, одан ісіну сұйықтығы ағады, бұдан ішкі құлақтың қысымы көтеріледі. Ішкі құлақ сұйықтығындағы физикалық-химиялық, алмасу процестері бұзылады, бұл Кортиев мүшесінің ісініп, оның құрылымының зақымдануына әкеп соғады. Фиброзды ісіктің түзілуіне байланысты біртіндеп жарғақты лабиринт пішімі өзгереді. Шектеулі лабиринтит жазылады немесе диффузды лабиринтитке ұласады, немесе асқыну және уақытша оңалу кезеңдерімен ұзақ уақыт қайталанып отырады.
Ромберг сынағы. Ромберг сынағын тексерген кезде науқас тік тұрған қалпында қолын алға созып саусақтарының арасы ашық болып, аяқтары бірге қосылып тұрады және көзін жұмып тұруы керек. Тепе-теңдік өзгерісі (нистагм) басқа өзгерістерден екі түрлі фаза арқылы ерекшеленеді: ол жылдам және жай компоненттерден тұрады.
Саусақ арқылы сынау. Дәрігер науқасқа қарама-қарсы отырып, екі қолының саусақтарын көтеріп алға созады да, сұқ саусағымен дәрігердің сұқ саусағын дәл табуға тырысады. Ең бірінші тексерілетін адам бұл әдісті көзін ашып тұрып, сонан соң көзін жауып тұрып қайталайды. Тепе-теңдік талдағышының жағдайы дұрыс болған науқас дәрігердің сұқ саусағын дәл табады, егер науқас зақымданған болса, екі қолымен жай компонент жағына ауытқиды. Мишық зақымданғанда бір қолмен ауыратын жағына ауытқиды. Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет