Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы


Дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы



бет20/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы
Аннотация: дәрісте сөйлеу мүшелерінің патологиясы, мұрын, жұтқыншақ және көмей аурулары туралы мағлұматтар беріледі.
Кілт сөздер: мұрын аурулары, жұтқыншақ аурулары, көмей аурулары, ринолиттер, инфекциялар, вирустық респираторлы инфекциялар, гипертрофиялық мұрын бітуі, жай атрофиялық мұрын бітуі
Жоспары

    1. Мұрын аурулары

    2. Жұтқыншақ аурулары

    3. Көмей аурулары

Бөгде денелер мен ринолиттер. Бөгде заттар балаларда жиі ұшырасады, олар мұрындарына моншақ, бұршақ, шие сүйектері, түйме тәрізді түрлі заттарды тығып жібереді. Кейде тұз түсуіне байланысты бөгде зат маңайында мұрын тастары – ринолиттер түзіледі. Ол түрлі пішінде, көлемде болып, кейде бүкіл мұрын қуысын алып жатады. Бөгде заттар көбіне төменгі және ортаңғы мұрын жолына түсіп, кейде алуға тырысқан жағдайда әрі қарай жылжып кетеді.
Мұрыннан бөгде затты алып тастауға асықпаған жөн. Оны балаларға жалпы наркоз беріп қана алып тастаған дұрыс. Алып тастамас бұрын бөгде затты анестезиялап, сілемейлі қабықшаны дәрі жағумен қансыздандыру қажет. Жазық және ұзын бөгде заттарды қысқышпен алып тастайды. Үлкен ринолитті алып тастағанда оны алдын ала қысқашпен мұрын қуысының өзінде бөліп алған жөн.
Жедел мұрын бітуі. Жедел мұрын бітуі - мұрын ауруларының жиі кездесетін түрі. Ол көбіне тұмау, қызамық, вирустық респираторлы инфекциялар тәрізді аурулармен қоса жүріп, жеке ауру ретінде сирек ұшырасады. Жедел мұрын бітуі мұрынның екі жағын бірден зақымдайды. Ауру ағымының үш кезеңі бар.
Бірінші кезеңінде мұрын мен мұрынжұтқыншақта құрғау байқалып, сілемейлі қабықша қызарады, ісініп, құрғайды. Адамның басы ауырлап, дауыс тембрі өзгереді, иісті сезуі нашарлайды.
Екінші кезеңінде көрініс өзгереді. Сілемейлінің ауыруы азайып, ол ылғалданып, мол сөл бөле бастайды. Бір мезетте ширығу төмендейді. Маңдайда, қабақ үстінде, көз шарасы маңында ауырсыну сезіледі. Мұрыннан шыққан бөлінді мұрын жолы терісін бөктіріп, нәтижесінде ол қызарып, сәл ісініп, жарықшақтар пайда болады. Көбіне ортаңғы құлақ аурулары мен конъюнктивит дамиды. Тұмау кезінде жедел мұрын бітудің ерекшелігі ретінде одан қан кетуін атап кеткен жөн.
Үшінші кезеңінде – іріңдегенде элементтер қоспасы – эпителий мен лейкоциттердің қоспасы арқылы мұрын бөліндісі сілемейлі-іріңді сипатта болады.
Содан соң бөлінді мөлшері кеміп, сілемейлі қабықшаның қабынуы басылып, 7-10 күннен соң науқас сауығады.
Еметін сәбилердің жедел мұрын бітуіне байыппен қараған жөн. Балалардың мұрын жолдары алғашқы өмір сүру жылдары өте тар болады, тіпті, сілемейлінің сәл ғана ісінуі олардың мұрнының бітелуіне әкеп соғады, соның салдарынан мұрынмен тыныс алу бұзылып, баланың емуі қиындайды, тәбеті нашарлап, бала мазасызданады, ұйықтамайды, қызуы көтеріледі. Кейде қабыну процесі аңқаға, көмекейге, кеңірдекшеге, тыныс алу жолына тарайды да, өкпені қабындырады.
Жедел мұрын бітуі диагнозын риноскопиясыз да қоюға болады. Ауру жазылады. Емдеу: ауру тек қызуы көтерілсе ғана төсек режимін сақтайды. Басталып келе жатқан жедел мұрын бітуінде процесті тер шығару процедураларымен, қызу түсіру дәрмектерімен тоқтатуға болады. Профилактикасы ең алдымен ағзаны шынықтыруға бағытталуы тиіс. Науқасты дұрыс сіңбіруге үйрету қажет, инфекция түскен сілемейді құлақ пен мұрынның қосалқы қойнауларына түсірмеу үшін қатты, екі мұрынмен бірден сіңбіруге болмайды.
Созылмалы мұрын бітуі. Созылмалы мұрын бітуінің үш типі бар: жай немесе катарльді, гиперторфиялық және атрофиялық.
Созылмалы мұрын бітуі кезінде мұрынның сілемейлі қабығының ісінуі немесе атрофиясы түрінде өзгерістер байқалып, патологиялық сөл көп бөлінеді. Созылмалы мұрын бітуінің себептері:

  • жиі қайталанатын жедел қабынулар;

  • инфекциялық аурулар (қызылша, жәншау, күл ауруы);

  • мұрынжұтқыншақтағы аденоиды өсінділер;

  • жағымсыз кәсіби жұмыс жағдайлары (шаң, газ, қолайсыз метеожағдайлар)

Жай катарльды мұрын бітуі таралған гиперемиясымен және мұрынның сілемейінің бірдей ісінуімен сипатталады. Оның симптомдары негізінен жедел мұрын бітуі симптомдарына сәйкес келеді, бірақ ондай қарқынды емес. Аурудың жалпы күйі қалыпты. Шалқасынан немесе қырынан жатқанда мұрнымен дем алуы қиындайды. Мұрнынан тұрақты бөлінді шығады. Созылмалы катар кезінде асқынулар иіс сезудің бұзылуы, есту мүшесінің зақымдануы түрінде дамуы мүмкін. Диагноз қиындық тудырмайды. Емделу мүмкін.
Созылмалы гипертрофиялық мұрын бітуі жалғастырушы ұлпаның өсіп кетуімен сипатталады. Ұлпа элементтерінің өсуі әдетте бүкіл сілемей бойы емес, негізінен төменгі және ортаңғы қалқандарда дамиды. Гипертрофиялық мұрын бітуі симптомдары жай мұрын бітуінің симптомдары тәрізді. Мұрын тұрақты бітеліп, мұрынды дәрімен сылаған соң тиыла қомайды. Сілемей қою түрінде болады, қиындау бөлінеді. Дұрыс сіңбірмеу салдарынан ортаңғы құлақ аурулары дамиды. Кейде жас аппараты зақымданып, көзден жас ағып, жас қапшығы қабынып, конъюнктивит дамиды. Бас ауырып, тұншығу, астмалық ұстамалар т.б. жүйке бұзылыстары орын алады. Емдеу катарльді мұрын бітуінен гөрі қиындау.
Жай атрофиялық мұрын бітуі – бұл мұрын қуысының созылмалы ауруы, ол сілемейлі қабықтың ғана емес, мұрын қалқанының сүйекті қаңқасының да атрофиясымен сипатталады. Мұрын сөлі тұтқырланып, қиындау бөлінеді, иіссіз қабыршақ түзіліп, құрғайды. Субъективті симптомдары елеусіз болып, науқасты мазаламайды. Кейде науқастың басы ауырлап, ауырады. Науқас мұрны мен жұтқыншағының құрғауына шағымданады. Кепкен қабыршақтан құтылу үшін науқас мұрнын шұқып, сонымен мұрын қалқанын зақымдап, одан қан ағады. Ауру ұзаққа созылғанда иіс сезу жоғалады. Мұрын қуысы риноскопиясында ол сілемейлі қабықша мен қалқаны атрофиясы салдарынан өте кең болып көрінеді. Одан мұрынжұтқыншақты да көруге болады. Емделу қиындау.
Гаймориттер. Гаймор қойнауының жедел және созылмалы қабынулары болады. Жедел гаймориттер көбіне жедел мұрын бітуі, тұмау, қызылша, тағы басқа инфекциялық аурулар барысында пайда болады. Гаймор қойнауына тіс түбінің қанқұртпен зақымдануынан инфекция да түсуі мүмкін. Науқастар зақымданған қойнау жағынан қысымға, мұрынның бір жағынан бітеліп қалуына шағымданады. Ауыр жағдайларда гаймор қойнауы ғана емес, маңдай, жақ сүйек, самай, беттің бір жағында қатты ауырсынулар пайда болады. Ас шайнағанда ауырсыну күшейе түседі. Аурудың алғашқы күндерінде науқас тоңып, қызуы көтеріліп, жалпы күйі нашарлайды. Одан соң зақымданған жағында беті, төменгі қабағы ісінеді. Алдыңғы риноскопияда ортаңғы мұрын жолының сілемей қабығының гиперемиясы мен ісінуі, сілемейлі бөліндінің көп бөлінуі, мұрын қалқанынан іріңнің шығуы байқалады. Диагноз науқастың шағымы, анамнезі және мұрын қуысын объективті қараған соң қойылады. Мұрынның қосалқы қойнауларының рентгенографиясы да мол роль ойнайды. Гаймор қойнауын сынама тесу төменгі немесе ортаңғы мұрын жолы немесе алынып тасталған тістің орны арқылы жасалады. Ол үшін арнайы шприцтер мен инелер пайдаланылады. Кейде сынама тесуден соң асқынулар пайда болуы мүмкін. Сондықтан сынама тесуге жіберу негізді болуы тиіс. Жедел гайморитті емдеуде науқастың қызуы көтерілген жағдайда төсек режимін, қызу түсіру дәрілерін, антибиотиктер мен сульфаниламидтерді белгілейді.
Жұтқыншақтағы бөгде денелер. Бөгде денелер әдетте жұтқыншаққа тамақпен бірге түседі (сүйек, ағаш кесегі, астық дақылы, нандағы бөгде заттар). Сонымен қатар бөгде заттар жұтқыншаққа мұрын және көмекей мен өңеш арқылы түсуі мүмкін. Жұтқыншақта протездің сынықтары, тістелген заттар (ұсақ тиындар, ойыншықтар, кнопкалар, инелер, шегелер т.б.) тұрып қалуы мүмкін. Тамақтағы, бадамшадағы және тіл түбіріндегі бөгде заттар өткір ұсақ заттар болып табылады, олар сілемейлі қабықшаға немесе бадамшаның борпылдақ ұлпасына оңай қадалып қалады. Мұрынжұтқыншаққа бөгде заттар мұрын мен қуысы мен оның қосалқы қойнаулары арқылы жарақаттану салдарынан түсуі мүмкін.
Бөгде заттар симптомы – жұтынғанда ауырсынуды сезіну және қиналып жұтыну. Жұтқыншақтың төменгі бөлігіндегі ірі бөгде заттар кейде қауіпті демігуді тудырады. Бөгде заттар жұтқыншақ сілемейін қабындырып, гиперемия, сілемей секрециясы күшейіп, домбығады, ол көмекейге түссе шашалдырып, жөтелдіреді, кейде адам құсады. Басқа жағдайларда бөгде зат мұрынжұтқыншақта ұзақ уақыт тұрып қалса, сілемейлі қабықшаның ойылып, іріңмен қабынуын тудырады, бұл өз кезегінде ауыр қан кетуге, сепсиске әкеп соғады. Бөгде затты анықтау қиын емес. Мұндайда рентгенограмманың маңызы өте зор. Бөгде затты алып тастау аса қиын емес. Жұтқыншақтың, бадамшаның және доғаның ортаңғы бөлігінен бөгде затты анатомиялық пинцетпен, мұрын қысқашымен алып тастауға болады. Бөгде заттан кейін қалған тыртықтар мен жаралар кейде оның қалып қойғанын білдіріп, ұзақ уақыт бойы сырқаттың мазасын алады.
Аденоидты өсінділер. Аденоидты өсінділер немесе жұтқыншақ бадамшаларының гипертрофиясы жұтқыншақ бадамшаларының көлемдерінің патологиялық ұлғаюы салдарынан пайда болады. Аденоидтар көбіне 3-тен 10 жасқа дейінгі балаларда байқалады. Аденоидтардың дамуына мұрынжұтқыншақта болған қабыну процестері себеп болады. Аденоидтар көлемінің ұлғаятындығы соншалық, ол көбіне хоан немесе евстахиев түтігі саңылауларын бітеп қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет