Дәріс тақырыптары № Тақырыптар



бет30/35
Дата15.03.2023
өлшемі6,55 Mb.
#172652
түріПрезентация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
123новая презентация кол хим
kur -jelektrondyq-oqulyq-quru

Электрондық микроскопия

Электрондық микроскоп (ЭМ) 1934 ойлап табылды. ЭМ-та жарық сәулелерінің орнына вакуумда толқын ұзындығы бар-жоғы 0,02-0,05 Å болатын электрондар шоғыры қолданылады. Бұл микроскоптың шешуші қабілетін күрт арттырады және коллоидтық бөлшектерді тікелей көруге немесе оны суретке түсіріп алуға мүмкіндік береді. ЭМ-та мөлшері 10-9м (1 нм) бөлшекті көруге және оның пішінін анықтауға болады.

Нефелометрия

Нефелометрияда ДФ бөлшектерінің мөлшерін немесе концентрациясын анықтауға, ерітіндіде жүретін әртүрлі процестерді, мысалы коагуляцияны зерттеуге болады. Нефелометрия Рэлей теңдеуіне негізделген.

Нефелометрияда салыстырмалы әдіс қолданылады: ДФ-ның бірдей концентрациясында және жарық толқынының бірдей ұзындығында мөлшерлері (Vx) белгісіз бөлшектері бар зерттелетін ерітіндінің опалесценциясы мөлшерлері белгілі бөлшектері бар (Vст) стандартты ерітіндінің опалесценциясымен салыстырылады:


Турбидиметрия

Турбидиметрия-жарық шашырау нәтижесінде коллоидтық ерітінді арқылы өтетін жарықтың әлсіреуін өлшеуге негізделген зерттеу әдісі. Өлшеулерді лайсаңдықты (τ = 2,3D/, мұндағы –оптикалық тығыздық; –қабат қалыңдығы) кәдімгі калориметрлерде немесе спектрофотометрлерде жүргізеді. Жүйедегі жарық шашырауды сипаттау үшін Галлер ұсынған эмпирикалық теңдеулерді:

және (13)

Бақылау сұрақтары:

  • Жарық шашырауы қалай жүреді?
  • Опалесценция мен флуоресценцияның айырмашылықтары қандай?
  • Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады?

Дәріс 9 Тақырыбы: Лиофильді дисперстік жүйелер.

ЖОСПАР:

1. Лиофильді жүйелер туралы ұғым, жіктемесі.

2. Микрогетерогенді дисперстік жүйелер: суспензиялар және эмульсиялар.

3. Микрогетерогенді жүйелер: көбіктер, аэрозольдар және ұнтақтар

Лиофильді жүйелер:

  • бұл жүйелердің түзілуі өз еріктерімен жиірек энергия бөлу арқылы жүреді;
  • дисперстік фаза мен дисперсиялық орта бөлшектері арасында өте күшті молекулааралық өзара әрекеттесу орын алады.
  • жүйе термодинамикалық тұрақты болады. Бұл уақытқа, концентрацияға және бөлшектердің мөлшеріне қарамастан тұрақты болады деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет