Дәріс тақырыптары № Тақырыптар



бет32/35
Дата15.03.2023
өлшемі6,55 Mb.
#172652
түріПрезентация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
123новая презентация кол хим
kur -jelektrondyq-oqulyq-quru
Сұйылтылған

Суспензиялар

Сұйытылған суспензиялар еркін дисперсті жүйелер болып табылады және көп жағынан лиофобты зольдерге ұқсас болады. Лиофобты зольдерді алғандағыдай оларды да диспергациялық және конденсациялық әдістермен алады.

Концентрленген суспензиялар-пасталар дисперстік фаза бөлшектері бірімен-бірі әрекеттесіп, кеңістіктік құрылымдар түзетін байланған (байланысқан) дисперстік жүйелер: тұтқырлық, серпімділік, созылымдылық (иілімділік) және т.б. сияқты параметрлермен сипатталатын құрылымдық-механикалық қасиеттер жатады. Пасталар үшін төменгі механикалық беріктілік (төзімділік), тиксотропия, синерезис, ісіну тән.

Суспензиялардың маңызды өзгешеліктері :

  • суспензиялар кинетикалық тұрақсыз және тез седиментацияланады;
  • броун қозғалысы, диффузия, осмос сияқты молекулалық-кинетикалық қасиеттер әлсіз көрінеді немесе мүлдем байқалмайды;
  • суспензиялар жарықты басымдылықпен шағылыстырып немесе сіңіріп, оны іс жүзінде шашыратпайды, дисперстік фаза бөлшектері кәдімгі микроскопта көрінеді.
  • суспензиялардың дисперстік фазаларының бөлшектерінің меншікті беттері кіші болуына байланысты оларда беттік құбылыстар әлсіз көрінеді.

Эмульсиялар

Эмульсиялар-бұлар бірі бірінде ерімейтін немесе шекті (нашар) еритін екі сұйықтан тұратын (С/С) микрогетерогенді жүйелер.


ДФ және ДО табиғатына байланысты эмульсиялар
кері
тіке

Эмульсиялар - тұрақсыз

тұрақтандыру үшін арнайы заттар–эмульгаторлар қолданылады.

Эмульгаторлар ретінде

  • бейорганикалық электролиттер,
  • коллоидтық БАЗ-дар,
  • ЖМҚ,
  • жоғары дисперсті ұнтақтар қолданылады.

Эмульсиялардың тұрақтылығы фазааралық беттік керілуге тәуелді болады. Қандай да болмасын бір себептерге байланысты беттік керілу аз (төмен) болған жағдайларда эмульсия өздігінше (эмульгаторсыз) түзіледі және термодинамикалық тұрақты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет