Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Оқушылардың ата – аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы



бет23/30
Дата19.04.2023
өлшемі115,23 Kb.
#174923
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Д ріс тезистері № апта Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі (1)

Оқушылардың ата – аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Отбасы – сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы.
2. Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара әрекеттестігі бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
3. Ата – аналармен ынтымақтастық формалары.
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру атқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетке мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектептің басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі ұшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік – командалық жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.
Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат – оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан – жақты қалыптасуын және күш – жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні – оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін – өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әр түрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.
Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
1. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық үдерісі диагностикасының жүйесі.
2. Мұғалімдер мен ата – аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтері.
3. Ата – аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі.
4. Педагогтың ата – аналар комитетімен әрекеттестігі.
5. Ата - аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата - аналармен жұмысының негізгі формасы.
6. Сыныптық ата – аналар жиналысының сан алуан түрлері, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
7. Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен ұйымдастырушылық – педагогикалық жұмыстары: педагогикалық білім университеті, конференция, практикум, дәріс, педагогикалық пікірталас, жанұяларға бару, ата – аналармен хат жазысу және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет