Дәрістер кешені дәріс Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері


Дәріс 10 Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін бейімдік дене шынықтырудың мазмұны



бет18/22
Дата25.01.2022
өлшемі137,82 Kb.
#114053
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Бейімдік дене шынықтыру және спорт

Дәріс 10 Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін бейімдік дене шынықтырудың мазмұны

Жоспары:

1.Көру қабілеті зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшелігі

2. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналғана бейімдік дене шынықтырудың мазмұны;

3.Оқытудың сабақ және сабақтан тыс түрлері мен сабаққа қойылатын гигиеналық, педагогикалық талаптар.

Қазіргі кезде инклюзивті білім беру жүйесі жоғарылаған сайын, көптеген мүмкіндігі шектеулі балалар, дене тәрбиесімен дені сау оқушылармен бірге әдеттегі бағдарлама бойынша айналысуға мүмкіндіктері бар. Егер қосымша қажетті іс-шаралар жүйесі жолға қойылса, оқытудағы мұндай көзқарастың тиімділігі артады. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуда ескерген жөн, олар дені сау құрдастары жасай алатын қозғалыс түрімен де айналысады. Оларға қарапайым қолданыс әдістерін өзгерту керек, мысалы: доптың түсін өзгерту, қызылға немесе т.б түске бояп, ол бала алаңда көріп байқауы үшін, солай оқушының толыққанды сабаққа қатысуын қамтамасыз ету керек. Ал кейбір жағдайларда кеңірек қолдау жүйесі қажет, мысалы: дене шынықтыру сабағында мамандардың қатысуы, ол балаға көмектесіп өз көңілін толық сабақты түсініп орындауға бөледі. Бірақ та көптеген жағдайларда мүмкіндігі шектеулі балаларды ешқандай ешкімнің көмегінсіз дені сау балалармен бірге дене тәрбиесімен айналысуға міжбүрлейді. Мұндай, біріктіру дені сау бала мен мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру деп, бір сыныпта біріктіріп сабақ өту ешқандай да пада әкелмейді.

Осындай білім беру нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, ешқашан бірлесіп велосипед теппеген, жүгірумен немесе көптеген спорт түрлерімен белсенді түрде айналыспаған, соған байланысты оның дағдысынан тыс болып есептеледі.

Осыған байланысты, тиісті қолдау жүйесін, олардың ата-анасы немесе баланың күтіміне бапшыл адамдарды талап ету қажеттігі туындайды. Басқа мамандармен ынтымақтастық орнату қажет. Мәселені шешу үшін бейімдік дене мәдениеті мамандарынан көмек қажет, немесе тифлолог-мұғалім, бағдар беру мамандары қажет. Баланы жеке бағдарламада оқыту-үйрету қажеттілігіне байланысты, қолдау жүйесін пайдалану қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу бағдарламалары мен сабақ кестесі ашық және жабық спорт түрлерін және қозғалыс белсенділігін қамтиды. Спорттың ашық түрлеріне жататын, сыртқы жағдайлары жиі өзгерісте болатын спорт түрлері: мысалы, теннис, волейбол, футбол, американдық футбол и лакросс. Бұл ойын, болжамсыз, доптың ұшу траекториясы мен жылдамдығы және ойыншылар қозғалысы ескертусіз жиі ауысып отырады. Спорттың жабық түрлері тұрақты және болжанатын болып келеді, ол садақ ату, боулинг, диск және ядро лақтыру, обручты таяққа лақтыру, шарлармен ойнау (петанк). Ойынға және қозғалысқа деген сүйіспеншілік пен дағдылар дене шынықтыру сабағына белсенді қатысу арқылы қалыптасады. Көру қабілеті бұзылған оқушылар спорттың барлық түрлерімен, белсенді қозғалыс түрлерімен де таныс болуға мүмкіндік алу керек. Олардың өмірлерінде есте сақталып қалатындай спорт түрлерін бағдарламаға енгізу керек, бұл жұптасып велосипед тебу, жүгіру, жүзу, дзюдо және боулинг.

Бақылау сұрақтары:


  1. Көз көру бұзылуының топтамасын айқындаңыз.

  2. Көз көруі бәсең балалар үшін сабақтың жоыпарын құру.

  3. Көз көруі бәсең балаларға қойылатын педагогикалық талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет