Диктанттар жинағы



бет1/16
Дата22.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#187374
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Диктант жинағы
Мұсрәлі М әж-102


Диктанттар жинағы (5-9 сыныптарына арналған)
Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі


Авторы: Жукенова Асемгуль Сериковна
Ақмола облысы, Зеренді ауданы , №1 Зеренді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-9 сыныптарына қазақ тілінен арналған диктанттар жинағы. Әдістемелік жинақ орыс тілді оқушыларының сыныптарына деңгейлеріне сәйкестендіріп алынған.Жинақ жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.


Пікір жазған: Тасенова А.Б №1 Зеренді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Алғы сөз
Тіл – адамның қоғамдық қатынас құралы, ол үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң жаттап алып, дайын мысалдарды мүдірмей айтып беруі мүлдем жеткіліксіз болады. Оқушы неғұрлым теориялық білімді практика жүзінде толықтырып, шығармашылық ісімен бекітіп отырса ғана тілді дұрыс игереді. 
Осындай шығармашылық жұмыстардың бір түрі – диктант. Оның мағынасы – естіртіп айту деген ұғымды береді.Диктант жұмысын жүргізу көбінесе оқушылардың теориялық білімін сынауға қолданылады.Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отырған бұл диктантар жинағының құрастырылу мақсаты-оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға,тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге,нығайтуға және жетілдіруге,коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу.Диктант мәтіндері окушылардың меңгеруге тиісті сөз мөлшерін молайтады, лексикасын байытып, ойын, тілін дамытады. Сонымен бірге, оқушылардың бағдарлама бойынша түсінбеген тақырыптарын анықтап, білім сапасына, үлгеріміне талдау жасауға, бақылау сынақтарын жүргізуге мумкіндік туады.Мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің
сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын дамытумен қатар, олардың тәрбиелік мақсаты да ескерілген. Окушыларға жүйелі, тиянақты, саналы білім беріп, сауатты жазуға үйретуде еңбектің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет