Диктанттар жинағы


Тапсырма: нақ осы шақта тұрған сөздердің астын сыз. «Адай» күйі



бет16/16
Дата22.10.2023
өлшемі59,12 Kb.
#187374
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Диктант жинағы
Мұсрәлі М әж-102
Тапсырма: нақ осы шақта тұрған сөздердің астын сыз.
«Адай» күйі.
Қазақтың әрбір күйінің өзіндік тарихы бар. Дина Нұрпейісованың айтуынша, бұл күйдің тарихы мынадай оқиғамен байланысты. Құрманғазы ел аралап жүріп, Адай руының бір үйіне түседі. Күйшінің көзіне кереге басында ілулі тұрған домбыраға түседі. Ол домбыраны алып, бұрауын өзгертіп қояды. Біраз уақыттан соң бір қыз бала келіп, төрдегі домбырасына жармасады. Бұрауының өзгертіп қалғанын бірден сезген қыз: «Бүлдірген екенсің ғой», дегендей, Құрманғазыға қарады да, домбырасын ұсына қояды. Құрманғазы бір-екі тартқаннан кейін, бұл өңірде Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді, бұл кім болды екен дегендей, таңдана қарайды.
Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт Құрманғазы екенін біледі. Сол қызбен күй тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты. (100 сөз)
Тапсырма: «домбыра» сөзіне фонетикалық талдау жасандар.
Мамандық
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады.Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек.
Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады. (97 сөз)
Тапсырма:Туынды сын есімдердің астын сызындар.
Торғай
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін.Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым.Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім . 
Ит балапанға ептеп жақындай бергенде,кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды. Ол жан ұшырып,өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды.Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп,даусы шыр-шыр етеді.Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр. 
Мен итімді тез өзіме шақырдым.Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.
(92 сөз)
Тапсырма: Жіктік есімдіктердің астын сызындар.

Мазмұны

Алғы сөз..............................................................3 бет


Диктант жұмысының нормалары,бағалау нормалары,қойылатын талаптар ......................4-7 бет
5-сынып үшін диктант мәтіндері.....................8-12 бет
6-сынып үшін диктант мәтіндері.....................13-19 бет
7-сынып үшін диктант мәтіндері.....................19-24 бет
8-сынып үшін диктант мәтіндері.....................25-33 бет
9-сынып үшін диктант мәтіндері.....................33-40 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет