Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет9/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Жастардыңбойында патриоттық рухтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, әр студенттің қоғам ішінде жеке тұлға ретінде сезінуіне ықпал жасап, өмірлік ұстанымдарын айқындауға көмектесу, 1 курс студенттерін жасақ құрамына тарту мақсатында «Жайық жастары» педагогикалық отрядтың есеп беру кешіне қатыстық. Кеш барысында отряд белсенділеріның флешмобымен ашылып, Жандос пен Жақұт жүргізушілік етсе, «Жаным қазақ» әнімен көрерменге рух сыйлаған Ернат әншілігімен, Ақниет көркемсөз оқу шеберлігімен, Аққалқа, Әйгерім, Нұрайналар әсем биімен көзге түссе, Еламан кешті музыкамен сүйемелдеп, Ақтілектің көрермендерге ұйымдастырған ойыны ортаға позитивті көңіл-күй орнатты. Топ мүшелері өздерін және педотрядтың шығу тарихымен бейнеролик арқылы таныстырды. Отряд құрамында 50-ден астам сдудент бар екені және республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері екенін мақтанышпен айтты. Отрядтың әр мүшесі өз өнерлерін ортаға салып, еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» оқу–педагогикалық және сауықтыру орталығында болған, өздері ұйымдастырған мәдени көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шараларымен, педагогикалық жасақтың тарихымен таныстырып, студенттерге анкета толтыртып, өз жасақтарының қатарына қосылуға шақырды.

«Қарым-қатынас этикасы»" бағыты бойыншаПедагогика, психология кафедрасының айлығы аясында 1 курс студенттері арасында өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру, студенттердің өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге, өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу мақсатында «Өмір – шексіз керуен» атты психологиялық тренинг өтті.

«Амандасу» жаттығуы Әр топтың студенттерін араластыра отырып, топқа бөлу әдісін пайдалану арқылы жұп-жұптан біріктіріп бір-бірлеріне қысқаша өздері жөнінде айтып өтсе, «Өмір» ассоциациясын толықтыру ұсынылғанда, студенттер өмір жайлы жазылған әрбір түсініктердің мән-мағынасын ашып, оны түсіндірді. «Ойланып көрейік» жаттығуы «Ой толғаныс» кезеңінде студенттерге өмір жайлы өз ойларын, түсініктерін білу мақсатында болашақта өмірде өз орнын таба білуге үйретуге өмірлік мәні бар сұрақтар қойылды. «Өмір өзі керуенге ұқсайды ма?» атты студенттерге ой қозғау мақсатында видеороликтен аудио-өлең көрсетіліп, келесі бөлімде студенттер өздерінің өмір жөнінде ой-пікірлер жайлы ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінділер оқып, оның мағынасын ашып, «Құбыр» жаттығуы, «Шахмат ойыны» ойнатылды.

Кері байланыс орнату сәтінде студенттер «Өмір - керуен» тақырыбында үлестірілген кішкене кемелереге өздерінің арман-тілектерін, мақсат-мұраттарын, тілектерін кемелерге жазып, ватманда бейнеленген өзенге жіберді. «Өміріңе немқұрайлы қарама» атты өлең жолдарымен шара қорытыланды.



Қазақ поэзиясында өзіндік ерекше орны бар ақын, өлең сөз бен көсем сөзді тең ұстаған, қарымды қаламгер, журналист ,"Жайық ұстазы" газетінің редакторы, ақын Ақмаржан Таубаеваның дүниеден өткеніне жыл толуына орай "Алыстап кеткен бір бейне" атты еске алу кеші өтті. Кешке қонақ болып ақынның өнер жолындағы досы, БҚМУ-дың оқытушысы Ниязғалиева Ақзия Әділқызы және інісі, бала келіні қатысты. Кеш басталмас бұрын қонағымызға сөз берілді. Ақзия Әділқызы өз естеліктерімен бөлісе отырып, ақынмен бірге өткен ғұмыры жайлы, өмір өткелдерін сөз етті. Кеште ақынның жастайынан жырға ғашық екенін, қазақ қызына тән болмысын көрсететін «Өлең» Ж.Орынбасаров, «Өзіңе ғашықпын, өлең» М.Мажитова, «Жайығым саған келем мен» М.Муратова, «Жыр жазатын әйел болып қаламын» Г.Даумова атты өлеңдерін оқыды. Фариза апасы секілді Ақмаржан да жанын тербеткен тәтті мұңлы, сырлы сезімді өзіндік үнмен жырға қосқан «Күндер-ай көктем» А.Мұхатова, «Жаныма жақын бір мекен» А.Мәулетова өлеңдерін оқыса, Қат-қабат тірліктегі тілшінің сан-салалы еңбегінің мәнін ақын «Тілші тірегі» Ә.Әубекерова, «Аты шулы Ордаға барып келдім» А.Әйтенова оқыған өлеңдерінде жыр еткен. Ақынның ата-анасы, бауырлары, бауыр еті баласына, ұстазы мен құрбыларына арнап «Шығы мөлдір таң көрдім» М.Сапенова, «Бір құрбыма» А.Аманбаева, «Менің байлығым» Н.Хибатовалар оқыған өлеңдері әркімнің ойын тап басып айтқандай. Соның ішінде ұстазы Шалқыма Хайроллақызына арналған өлеңдерінің орны ерекше.

Сонымен қатар ақынның алдын көрген 3 курс студенті А.Дәулетованың ұстазына арнап шығарған «Жайықтың ақ маржаны» атты өлеңі кімнің болсын жүрегін толқыттырмай қоймайды. Еліне, жұртына өлшеусіз еңбек етіп, бауырға да басқаға да қамқор, қыз болып келіп өмірге, аға жүгін арқалап өмірден өтер шағында жазған "Соңғы демім үзілгенде" өлеңі оқылып, кафедра меңгерушісі Қ.Жақыпованың қорытынды сөзімен аяқталды.



Оқытушы М.Д.Надыргалиеваның ұйымдастыруымен студенттердің бойында рухани-адамгершілік тәрбиені сіңіріп, көркем мәдениетке, өз Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 1а РШО, 2а РШО, 3п КШК топтарының студенттері өңірімізге танымал өлкетанушы, тарихшы, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ мен «Еуразия» тілдер және менеджмент институтының құрметті профессоры, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендерінің иегері Жайсаң Досболатұлы Ақбаймен кездесуі өтті. Кездесу барысында Жайсаң Досболатұлы колледжге есімі берілген Ж.Досмұхамедовтың өмірі туралы кеңінен мәлімет беріп, кездесу соңы Ж.Досмұхамедовтің 130 жылдығы қарсаңында Жаханша туралы тереңірек мағлұмат берер «Жұлдызды сәт» интеллектуальды ойына жалғасты. Ойын соңында сөз алған Жайсан аға студенттердің білімдеріне тәнті екендігін айтып, 1а РШО тобының студенті Савельева Юлияны жеңімпаз деп тапты. Шара Ж.Досмұхамедовтің ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қойып, ескерткіш суретке түсумен аяқталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамдық ұйымының БҚО бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің құжаттарды қабылдау маманы – Дәрмен Жәдігер Қанатұлы, Муксинова Алтын Нұрланқызы электронды Үкімет қызметін таныстыру, тұрғын халықтың электрондық қызметпен жұмысын жетілдіру мақсатында студенттермен кездесті.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет