Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып


Қазақ тілін логикамен байланыстыру тапсырмалары



бет13/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Интеграция

Қазақ тілін логикамен байланыстыру тапсырмалары:
Орны ауыстырылған әріптер
Тақтаға әріптерінің орны ауысып кеткен оқушылардың бірнеше есімі (немесе географиялық атаулар, белгілі адамдардың есімі) жазылады:
ЙТНЖСІЕА (СЕЙІТЖАН)
ААЫНҚТБЖ (БАҚЫТЖАН)
РАЛМҮИГ (ГҮЛМИРА)
МАОТРЖ (ЖОМАРТ)
Оқушылар жасырылған есімдерді табу керек.
Тақырыпты жасыру
Бұл ой сергек алдыңғыға ұқсас. Сабақ тақырыбы тақтаға әріптері орны ауыстырылып жазылады:
«Ққааз тнңііееәидб удма рікееедңз» - «Қазақ әдебиетінің даму кезеңдері»
Оқушылар осы секілді жасырылған тақырыптарды табу керек.
Жұмбақтарды шешу
Балалардың ойлау қабілеттерін сабақ тақырыбына жұмылдыру үшін оларға қысқа уақыт ішінде (1-2 минут) қызықты жұмбақтарды шешу жұмысын тапсырған орынды.
Қазақ тілін педагогикамен байланыстыру (рефлексиялық тақырыптағы тапсырмалар):


Білемін, білгім келеді, білдім – бұл тәсіл Жұптағы ой қозғауға ұқсас.
Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың бастапқы бөлімінде орындалады. Мұғалім сабақ басында оқушылардың жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша айқындауын сұрайды: оқушылар алдымен жекеше, содан кейін жұптасып білгендерін келтіреді. Оқушылардың жазбалары талқыланғаннан кейін, оларға «Осы тақырып бойынша не білгіңіз келетінді жазыңыздар!» деген келесі жазба тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма да осының алдындағыдай орындалады.
Сабақ барысында оқушылар жазғандарын мәтін/сабақ мазмұнымен салыстырып, «Менің сабаққа дейін білгенім дұрыс/бұрыс па екен? Менің білейін дегенім сабақта қарастырылды ма?» деген сұраққа жауап беріп отырады.


«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – қандай міндеттерге ерекше күш жұмсадым? Күш-жігерімді қалпына келтіруге қандай жағдай жасалды?


Сұқ саусақ – мен бүгін кімге көмектестім, кіммен ортақ тіл табыстым, кіммен жақсы жұмыс жасадым? Жаңа адамдармен таныстым ба? Ескі таныстарыммен арадағы қарым-қатынас қалай болды? Керісінше, кіммен кикілжіңге түстім? Кіммен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесіз болды, неліктен?
Ортан терек – қандай жұмыстар ерекше қызықты болды? Жағымды эмоциялар мен жоғары уәждемелер немен байланысты болды? Керісінше, қандай жұмыстар қызықсыз, қиын болды, ерекше күш жұмсалды?
Шылдыр шүмек – мені мақсатқа жетуге жақындататын қандай оперативті міндеттерді шештім? Керісінше, қандай міндеттерді шешу мүмкіндігі жеткіліксіз болды?
Кішкене бөбек – мен үшін бүгін қандай жаңалық болды? Қандай маңызды білім алдым?


Арал» әдісі
Эмоционалдық тұжырымдамалық карта үлкен ақ қағазға «арал» бейнесінде салынады (қуаныш, көңілсіздік, қорқыныш, күту, қанағаттану, Бермуд үшбұрышы, т.б.).
Сабақтың соңында немесе аптаның соңында оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін, эмоционалдық көңіл-күйлерін тақтада ілініп тұрған тұжырымдамалық «арал» картасына маркамен (фломастермен) сурет салу арқылы немесе кеме суретін ілу арқылы бейнелейді (2-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет