Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу



бет7/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
1.2 Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құқықтық механизмінің түсінігі.
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу дегеніміз – ҚР аумағының жер тұтастығын және қол сұғылмаушылығын жерді табиғат байлығы ретінде сақтау, оны нысаналы пайдаланудың жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған биліктік-атқарушылық қызмет түрі болып табылады. Бұл қызметтің келесідей ерекшеліктері бар:

  • Бұл қызмет мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекет атынан құзіретті мемлекеттік органдар қызмет жасауға құқылы;

  • Бұл қызмет әрқашанда билікті, себебі жер ерекше объект, ол жердің аумағы табиғат байлығы, меншік объектісі және кез-келген қызметтің аумақтық негізі;

  • Мемлекет билігін тек заң ғана шектей алады;

  • Нарықтық жағдайда мемлекет экономикалық ынталандыру әдістерін көбірек қолданады.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің түрлері:

  1. заң шығарушылық; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын заңдарды қабылдау қызметі;

  2. заң орындаушылық; заң орындалуын қамтамасыз ету қызметі;

  3. құқық қорғау қызметі; яғни кінәлі тұлғаны жауапкершілікке тарту.

Жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің әдістері дегеніміз – жер қатынастарын мемлекеттік реттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Олар екі топқа бөліненді: әкімшілік және экономикалық. Экономикалық әдістердің өзі өз кезегінде келесі шараларды қамтиды:

    • жерді қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру;

    • жерді ластағаны және пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

    • жер меншік иелерінің мүдделерін сақтандыру; 2004 жылы 09 желтоқсанда өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы заң қабылданды.

    • жерді ұтымды нысаналы пайдаланғаны үшін экономикалық ынталандыру;

Жерді қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру. Экономикаға әсер етудің әдісі болып табылатын жоспарлау - әкімшілік қызмет, қаржылық ынталандыру элементтерін біріктіреді.
Жер реформасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарлық және бағдарламалық-мақсаттық құжаттар мен материалдарда ескеріледі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлануының жобаларына, ұлттық және мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларға қосылады. Мысалы, облыстардың дамуының әлеуметтік-экономикалық жоспарларында жер ресурстарын пайдалану және оларды қорғауға қатысты жағдайлар қарастырылған. Берілген саладағы жоспарлаудың ерекшелігі болып, жер реформасының шараларын жүзеге асыру бойынша арнайы бағдарламаларды әзірлеу табылады. Жекелегенде, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларымен 16 ақпан 2000 жылы Қазақстан Республикасында 2000-2003 жылдарға арналған жерге құқықтарды қамтамасыз ету бағдарламасы, 11 қазан 1994 жылы Қазақстан Республикасының 1994-1995 жылдар және 2010 жылға дейінгі кезеңге дейін жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау тұжырымдамасы, 10 шілде 2003 жылы қабылданған 2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 5 қаңтар 2005 жылы қабылданған 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасы, 24 қаңтар 2005 жылы қабылданған 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шөлейттенумен күресу бағдарламасы бекітілген. Жерді ұтымды пайдалануға бағытталған бағдарламалар орын алғанымен, Жер кодексінде жерді қорғауға бағытталған шараларды жоспарлау мәселесі мүлдем қарастырылмаған.
Жер қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру экономикалық механизмнің маңызды элементтерінің бірі. Қазақстан Республикасында жерді қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттердің, басқа да қайнар көздер есебінен жүзеге асырылады және қажетті көлемдегі материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының 24 сәуір 2004 жылы қабылданған Бюджеттік кодексінің 50, 51-баптарына сәйкес, республикалық, облыстық және аудандық бюджеттің шығыстары агроөндірістік кешен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су, сонымен бірге, жер қатынастарына бағытталған. Басқа қайнар көздерге жер учаскелерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жеке қаражаттары; заңды және жеке тұлғаларының ерікті қайырымдылықтары; экологиялық сақтандыру; банктердің несиелері; басқа қайнар көздер, оның ішінде шетел инвестициялары жатады. Жерді қорғау шараларын қаржыландыру мемлекетіміздің экономикалық нарық жағдайына өтумен байланысты көптеген өзгеріске ұшырады. Ең алдымен, қаржыландыру көздері көбейді. Егер алғашқы уақытта бұл тек мемлекеттік бюджеттің және жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың еншісі болатын. Жерді қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру 5 қаңтар 2005 жылы қабылданған 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану бағдарламасы бойынша республикалық қаражат есебінен қарастырылған. Қаржыландырудың жалпы көлемі - 4655318 мың теңгені құрайды. Соның ішінде: 2005 жылға - 1474669 мың теңге; 2006 жылға - 1905685 мың теңге; ал 2007 жылға - 1274964 мың теңгені құрайды. Жерді қорғау шараларын жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жергілікті бағдарламаларға сәйкес анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет