Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейiнгi жер қатынастары



бет3/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейiнгi жер қатынастары
Бірінші кезең Қазақ хандығының қалыптасуымен байланысты. Бұл кезеңнің ерекшелігі арнайы жер заңдарының жоқ болуында. Бұл кезеңде жер қатынастары Адат ережелерімен реттеліп отырған. Сонымен қатар, Шыңғыс ханның отаршыларының саясаты орын алды. Қазақстанда осы кезеңде жер жеке меншікке берілді ма әлде жоқ па ? Бұл жөнінде екі түрлі көз қарас бар. Бірінішісі – жеке меншік болғанын мойындамайды. Бұл кезде жерге жеке меншік қоғам меншігі, ал екіншісі – жеке меншік болғанын дұрыс деп қарайды.
Қазақ хандығы тұсындағы меншіктік қатынастарға келетін болсақ, азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыруға болатын мүліктің барлығы жеке меншік заттары болып табылды.
Жерге жеке меншік XІX ғасырға дейін болмады, жер адат нормалары бойынша қауымның меншігі деп есептелді.Қауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды.
Шын мәнінде қауым немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары, сұлтандар, билер жүргізді.
Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарымен байланыстырылды. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне берудің ешқандай мәні жоқ еді. Оның үстіне жайылымдар үнемі ауысып отырды. Көктем мен күздің арасында мыңдаған километрге дейін көшіп-қонып жүрген көшпелі қауымдар үшін жерді, жайылымдарды жеке меншікке бөліп беру мүмкін емес те еді.
Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейін жерге белгілі бір ақы төлеу белгілері болған жоқ, дегенмен, жер айналымын реттеудің үлкен тарихы бар. Ол кезеңдегі жер айналысының негізгі әсер етуші факторы болып, қазақтардың көшпенді өмір сүруі табылды. Қазақтардың заңдық көзқарастары бойынша жерге жеке меншік құқығы 19-шы ғасырға дейін болмады. Жер заңдық тұрғыдан рулар мен қауымдастықтардың ортақ меншігі деп есептелген. Шын мәнінде жердің нағыз иегерлері болып билер және басқа да феодалдар табылды, 18-ші ғасырдың өзінде қыстаулар жеке феодалдардың жеке меншігінде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет