Дипломдық жұмыс -«Жерге орналастыру» мамандығы Тақырыбы: «Алматы обылысы Кеген ауданында жер қатынастарын мемелекеттік реттеу»


Кеңестiк кезеңдегi жер қатынастары



бет5/27
Дата16.04.2022
өлшемі329,29 Kb.
#139634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
дипломдық жұмыс кіріспе
сөж1, 7 3тоқ бжб 2, «Тербелістер ж не тол ындар» б лімі бойынша жиынты ба алау Аты-, Көркем еңбек пәні бойынша тест сұрақтары
Кеңестiк кезеңдегi жер қатынастары.
«Жер туралы» декрет. «Жерді социализациялау туралы»
Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 ж.
- билік тек халыққа берілуі тиіс.
- жер тек халықтікі болуы тиіс және пайдалануы тегін болуы тиіс.
1917 ж. Ленин декреті шығарылды. Жер туралы декрет келесіні жариялады:
1) Жерге помещиктік меншік ешбір өтеусіз тегін түрде ауыстырылады.
2) помещиктердің жерлері, үлестік, шіркеулік, монастрьлық жерлер секілді, барлық жанды және жансыз құралдарымен, усадьбалық құрылыстармен Болыстық Жер комитеттерінің, Шаруалық Депутаттардың Уездік Кеңестерінің қол астына Құрылтайшы Жиналыс жер туралы мәселені шешкенге дейін өтеді.
3) Қарапайым шаруалар мен қарапайым казактардың жерлері тәркіленбейді.
Ары қарай, Жер туралы Шаруалар бұйрығында, одан тереңірек қарастырғандай:
1) Жерге жеке меншік құқығы мәңгі жойылады; жер сатылмайды, сатып алынбайды, жалға беру, кепілге қойылмайды немесе кез-келген басқа әдіспен оқшауланбайды. Барлық жер ақысыз оқшауланып, бүкіл халықтық игілікке айналады және онда еңбек ететін барлық адамдардың пайдалануына өтеді.
2) Жерді пайдалану құқығын Ресей мемлекетінің жерді отбасының көмегімен немесе серіктестік арқылы өз еңбегімен өңдеуге ниет білдірген барлық азаматтары (жынысына қарамастан) өңдеуге күші бар мерзімге ала алады. Жалдамалы еңбекке жол берілмейді.
3) Жер пайдалану теңестіруші болу керек, яғни жер еңбектік немесе тұтыну нормасы бойынша жергілікті жағдайларға қарай еңбекшілердің арасында бөлінеді.
1919 ж. Жерді социализациялау заңы шықты. «Жердің социализациялау туралы» Декрет, әрине, Жер туралы декретпен үндес болды. Онда және де жарияланғандай:
1-ші бап. РСФСР шегіндегі жерге, қойнауға, су, ормандарға және табиғаттың барлық жанды күштеріне кез келген меншік жойылады.
2-ші бап. Жер ешбір (анық және жасырын) өтемақысыз еңбекші халықтың пайдалануына өтеді.
3-ші бап. Осы заңмен ерекше қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жерді пайдалану құқығы оны өз еңбегімен өңдеушілерге ғана тиесілі.
4-ші бап. Жерді пайдалану құқығы жынысына, діни көзқарастарына, ұлты, бодандығына қарай шектелмейді.
35-ші бап. РФСФР, социализмге тезірек жету мақсатында, жердің жалпы өңделуіне біртұлғалыдан көрі еңбектік коммунистік, артельдік және кооперативтік шаруашылықтарға артықшылық бере отырып, барлық көмегін (мәдени және материалдық көмек) көрсетеді.
45-ші бап. Өзінде бар жерге пайдалану құқығын ешкім басқа адамға бере алмайды.
46-шы бап. Жерді пайдалану құқығы осы заңда белгіленген тәртіптермен алынып, ешбір жағдайда бір тұлғадан екінші тұлғаға өте алмайды.
Сол кезеңдегі ең маңызды мәселе – жерге меншік құқығы мәселесі болды. «Жердің социалдануы туралы» Декреттің 1-ші бабында жерге кез келген меншік мәңгіге жойылады деп бекітілген. Ол шынымен сондай болды ма? Әрине, жоқ. Жерге тек жеке меншік қана тәжірибелік жойылды. Ал жерге мемлекеттік меншік жойылған жоқ, керісінше, дамып, кеңейіп, жалғыз өзі мүмкін болды, яғни жерге мемлекеттің монополиясы орнатылды.
1921-28 ж.ж. арасында жер су реформасы жүзеге асырылды. Қазақстанда жүргізілген реформалардың негізгілерінің бірі ол 1921-1922 жылдары жргізілген жер-су реформасы. Бұл реформа Түркістан кеңестік республикасы үкіметінің ынталығымен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілді. Оның жүргізілуінде басты, шешуші маңыз атқарған 1920 жылғы 14 желтоқсандағы ТурКЦИК декреті болды, ол бойынша 1861 жылғы көтерілістен кейін тартып алынған жерлерге қоныстанған жергілікті халықтардың ауылдарын жойып, олардың орнына уақытында қуылып жіберілген халықтарды орналастыру және олардың суғармалы жерлерді пайдалану құқығын қайтару қаралды.
1920 жылы желтоқсанда жер органымен Республикадағы жер-су реформасын жүзеге асыру үшін 1921 жылғы жер қатынастарын жасау жұмыстарының жоспары дайындалды.
1921 жылдың 26 наурызында жер-су реформаларын жүзеге асыруда басшылыққа алынатын Түркістан Наркомземінің жер және су қатынастарын қайта жасау наказы қабылданды. Реформа негізінен суармалы жерлерде жүргізілгендіктен Наказ суды пайдалануды реттеу шараларын қарады. Сонымен жергілікті жердегі су шаруашылығы органдарына, 1921 жылдың 20 сәуірінен қалдырмай жаңа жерлерге орналастырылған халықты сумен қамтамасыз ету шараларын дайындау тапсырылды.
Жер-су реформасының нәтижесінде 1921 жылдың алғашқы 8-9 айында Түркістан республикасында еңбекші жерсіз халықты және аз жер бөліктері бар халықты орналастыру үшін 336927 десятина (1-десятина 1,09 гектарға тең) жер қоры қалыптастырылды.
1920 ж. Қазақ социалистік совет Республикасы құрылды. Оған дейін ол автономиялық Республика болып табылады. 1936 жылы Қазақ ССР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1969 ж. тұңғыш рет совет одағының жер заңдарының негіздері қабылданды. Осының арқасында әр бір республикда өзіндік жер заңдарын қабылдауға әрекет жасай бастайды.
1917-1971 ж. дейін Қазақстанның жерін пайдалану тәртібін Ресейлік заңдар реттеп отырды. Бұл кезеңде басшылыққа партия шешімдері ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет